Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті


Халықтың табиғи қозғалысының коэффициенттері



Pdf көрінісі
бет23/60
Дата28.01.2023
өлшемі2,33 Mb.
#63492
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60
Байланысты:
4.2 Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама

Халықтың табиғи қозғалысының коэффициенттері
(2012-2013 жж. қаңтар – тамыз) 
1000 адамға  
Облыстардың 
атаулары 
Табиғи өсім 
Бала туу 
Өлім-жітім 
8 ай 
8 ай 
8 ай 
2012 ж. 
2013 ж. 
2012 ж. 
2013 ж. 
2012 ж. 
2013 ж. 
Қазақстан 
Республикасы
14,32 
14,79 
23,02 
23,02 
8,70 
8,23 
Ақмола 
6,80 
6,47 
19,30 
18,17 
12,50 
11,70 
Ақтөбе 
15,94 
16,30 
23,41 
23,48 
7,47 
7,18 
Алматы 
16,32 
17,94 
24,46 
25,61 
8,14 
7,67 
Атырау 
21,29 
21,65 
28,21 
28,46 
6,92 
6,81 
Шығыс Қазақстан 
4,76 
5,22 
16,60 
16,54 
11,84 
11,32 
Жамбыл
19,87 
19,63 
27,65 
27,11 
7,78 
7,48 
Батыс Қазақстан 
10,31 
10,49 
19,90 
20,21 
9,59 
9,72 
Қарағанды
6,76 
7,42 
18,37 
18,15 
11,61 
10,73 
Қызылорда
21,61 
20,97 
28,28 
27,05 
6,67 
6,08 
Қостанай
3,16 
3,97 
15,12 
14,74 
11,96 
10,77 
Маңғыстау
25,17 
25,49 
30,26 
30,43 
5,09 
4,94 
Павлодар 
6,65 
7,48 
17,60 
17,50 
10,95 
10,02 
Солтүстік Қазақстан 
1,48 
1,46 
15,06 
14,93 
13,58 
13,47 
Оңтүстік Қазақстан 
25,62 
24,70 
31,72 
30,62 
6,10 
5,92 
Астана қ. 
20,23 
22,83 
24,95 
27,18 
4,72 
4,35 
Алматы қ. 
10,21 
11,10 
17,78 
18,31 
7,57 
7,21 
(ҚР Статистика агенттігінің деректері бойынша) 
Ана мен бала өлімінің проблемасы республика үшін әлі де өзекті күйінде 
қалып отыр. Сәбилер өлімі бала тұрғындардың демографиялық жай-күйінің 
маңызды индикаторы болып қала береді.
2012 
– 2013 жылдардағы 9 айда сәбилер мен аналар өлім-жітімінің 
көрсеткіштері 
 
Облыстардың 
атауы 
Тірі туған 1000 балаға 
шаққанда сәбилер өлімі 
Тірі туған 100 000
балаға шаққанда аналар өлімі 
2012 жылғы 
9 ай 
2013 жылғы 
9 ай 
2012 жылғы 
9 ай 
2013 жылғы 
9 ай 


32 
Қазақстан 
Республикасы
14,0 
11,6 
14,8 
11,3 
Ақм ла 
12,4 
,
10,
22,4 
Ақтөбе 
12,6 
9,6 
0,0 
,
Алматы 
6,
1

0,
3,4 
Атырау 
17,1 
12,0 
0,0 
33,7 
Шығыс Қазақстан 
16,8 
14,1 
17,3 
5,9 
Жамбыл
14,
1 ,6 
19,7 
19,6 
Батыс Қазақстан 
10,9 
8 6 
0,0 
0,0 
Қарағанды
12,
9 9 
6,1 
0,0 
Қызылорда
18
11 2 
0,9 
7,1 
Қостанай
16,0 
1

0 0 
,
Маңғыстау
15,5 
12,
7,9 
7,6 
Павлодар 
9 6 
8,8 
20,6 
0,3 
Солтүстік 
Қазақстан 
11,5 
12,1 
2,
0 0 
Оңтүстік Қазақстан 
15,6 
13,3 
27,1 
3 6 
Астана қ. 
10,9 
9,1 
6,2 
17,
Алматы қ. 
0,7 
9,7 
3,6 
13,4 
Перинаталдық кезеңде пайда болатын кейбір жағдайлар сәбилер өлімінің 
негізгі себептері болып табылады, екінші орында – дамуындағы туа біткен 
ақаулар, үшінші орында – тыныс алу жолдарының аурулары, одан кейін 
жазатайым оқиғалар, жарақаттану мен улану.
Бұл ретте қыздардың арасына қарағанда, ұлдардың арасындағы өлім-жітім 
жоғары, ал ауылдық жерлермен салыстырғанда қалалық жерлерде 5 жасқа 
толмаған балалардың арасындағы сәбилер өлімінің деңгейі 6,8%-ға жоғары. 
Аналар өлім-жітімінің көрсеткіштері тұрақсыздығымен сипатталады. 
2012 жылдың 9 айымен салыстырғанда 2013 жылдың осындай кезеңінің 
қорытындысы бойынша аналар өлімі 24%-ға, сәбилер өлімі 17%-ға, қан айналымы 
жүйесінің ауруынан болатын өлім 6%-ға, қатерлі ісіктен болатын өлім 4%-ға және 
туберкулезден өлу 23,6%-ға азайды. 
Аналар мен сәбилері өлімінің азаюына жүйелі шараларды іске асыру 
нәтижесінде қол жеткізілді. 
Бастапқы медициналық-санитариялық көмек (бұдан әрі – БМСК) деңгейінде 
фертильді жастағы әйелдердің ұрпақты болу денсаулығын жақсарту, ауруды ерте 
анықтау, диспансерлік қадағалау және оларды сауықтыру жөнінде іс-шаралар 
өткізіледі. 
Халықаралық перинаталдық технологиялар енгізілуде. Халықаралық 
талаптарға сәйкес диагностикалау және емдеу хаттамалары жетілдірілуде.
15 – 18 жастағы жасөспірімдер арасында 2008 – 2012 жылдар аралығындағы 
кезеңде түсік жасату деңгейі 4,2%-дан (123 мыңнан астам) 2,98%-ға дейін (95 
мыңнан астам) төмендеді.


33 
Барлығы 385 253 босану тіркелді, оның ішінде 15 – 18 жастағы 
жасөспірім қыздардың босануы – 4 649, бұл 1,2%-ды құрайды. 
Балалардың денсаулығын қорғау деңгейін жоғарылату мақсатында 
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі балалар мен мүгедек 
балаларды ерте диагностикалауды, емдеуді, сауықтыруды қамтамасыз ету 
жөнінде, оның ішінде мүгедектік деңгейін азайту жөнінде белгілі бір шаралар 
қабылдады. 
Балалардың аурушаңдығын, генетикалық ауытқулардан қайтыс болу мен 
мүгедек болып қалуды азайту үшін туа біткен және тұқым қуалайтын ауруларды 
профилактикалау және босанғанға дейін ерте диагностикалау мақсатында 
Қазақстан Республикасында перинаталдық скринингті ұйымдастыру жөнінде 
«Жол картасы» іске асырылуда (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау 
министрінің 2012 жылғы 19 наруыздағы № 183 бұйрығы). 
Есту қабілетінің туа біткен ауытқуын уақтылы анықтау мақсатында, сондай-
ақ баланың сөйлей білуі және психологиялық-эмоциялық дамуы, есту қабілетінің 
ауытқуын уақтылы диагностикалау және заманауи есту аппараттарымен жеке 
сауықтыру үшін қажетті түзету іс-шараларын дереу жүргізу үшін республика 
бойынша 2011 жылдан бері жаңа туған балалардың бәріне әмбебап 
аудиологиялық скрининг жүргізіледі. 
Балаларды сурдологиялық көмекпен қамту мақсатында Денсаулық сақтау 
министрлігі Қазақстан Республикасында сурдологиялық көмекті жетілдіру 
жөнінде «Жол картасын» әзірледі, онда мынадай негізгі іс-шаралар көзделеді: 
1) мүгедектігіне қарамастан, 0 – 18 жас аралығындағы балаларды есту 
аппараттарымен протездеуді тегін медициналық көмектің кепілдік берілген 
көлеміне қосу;
2) имплантант (сөйлеу процессорлары, аккумуляторлар, қорек блогы және 
басқа да аксессуарлар) қойылған пациенттерді операциядан кейін техникалық 
қолдауды қамтамасыз ету; 
3) сурдология саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру, 
сурдологиялық кабинеттер желісін кеңейту, материалдық-техникалық базаны 
нығайту, кадрларды даярлау және оқыту жөніндегі іс-шаралар. 
Балалардың өлім-жітімін азайту, аурулардың профилактикасын қамтамасыз 
ету және алғашқы бес жылда балалардың ойлау қабілетінің, физикалық дамуын 
толық іске асыруға қол жеткізуге жәрдемдесу үшін елде ДДҰ/ЮНИСЕФ 
ұсынымдары бойынша «Балалық шақтың ауруларын ықпалдастыра жүргізу» 
(бұдан әрі – БШАЫЖ) стратегиясы ойдағыдай енгізілді.
Бұл стратегия клиникалық жүргізудің айқын хаттамалары мен ауруханаға 
жатқызу, дәрілік препараттармен жабдықтау және оларды ұтымды пайдалану, 
медициналық персоналдың кәсіптік дағдысын арттыру және уақытын үнемдеу, 
балаларға күтім көрсететін адамдарға консультация беруге және олармен қарым-
қатынас жасауға назар аудару стандарттарының көмегімен медициналық 
қызметтердің тиімділігін арттырады. 


34 
Республикада Педиатрия және балалар 
хирургиясы 
ұлттық 
орталығының базасында (Алматы қ.) БЖАИЖ үйлестіру орталығы құрылды, 
оның мақсаты медицнина қызметкерлерін үздіксіз кәсіптік оқытуды жүргізу, 5 
жасқа дейінгі дені сау және ауыратын балаларды жүргізу, оның ішінде 
балалардың есту қабілетін ерте анықтау жөніндегі ДДСҰ ұсынған стандарттарды 
практикалық жұмысқа енгізу болып табылады. 
Республиканың 16 өңірінде өңірлік БЖАИЖ орталықтары құрылды. 
2011 жылғы қаңтардан бері 2013 жылғы маусымға дейін 
БЖАИЖ 
бағдарламасы бойынша: 
3276 (72,4%)педиатр-дәрігер;
925 (59,3%) ЖПД;
1684 (43,8%) фельдшер; 
5981 (39,4%) медбике; 
546 балалар медицина ұйымдарының бас дәрігерлері оқытылды;
169 өңірлік тренер даярланды.
Республикадағы өңірлік БЖАИЖ орталықтарының бәрі педиатрлардың, 
жалпы практика дәрігерлерінің, фельдшерлер мен медбикелердің өзін-өзі оқуы 
мен оларды компьютерлік оқыту үшін қажетті жабдықпен қамтамасыз етіледі. 
Медицина қызметкерлерін оқытудың 527 циклі қамтамасыз етілді. Бұдан 
басқа, USAID халықаралық әріптестермен бірге 2013 жылдың қаңтар-ақпанында 
антенатальды күтім тренерлерінің тренингтері өткізілді. Республика бойынша әр 
облысқа 2 үйлестірушіден 32 өңірлік үйлестіруші даярланды. 2013 жылғы 8 – 13 
шілде аралығында ДДСҰ/ЮНИСЕФ ұсынған ана мен баланы қорғау саласындағы 
антенатальды және перинатальды күтімді бағалау құралын пайдалану жөнінде 
тренинг өткізілді. 
ЮНИСЕФ және ДДСҰ халықаралық ұйымдарымен бірге Денсаулық сақтау 
министрлігі аналарға 5 жасқа толмаған балаларға күтім жасау қағидалары туралы 
ақпарат беру жөнінде кең ауқымды науқан жүргізеді. Қазақстандағы жаңа 
босанған аналардың әрқайсысы қауіпті белгілер сипаттамасы мен 0 – 5 жас 
аралығындағы бала өмірінің әрбір кезеңіне арналған ұсынымдары бар «Сәби 
жасындағы балалардың күтімі мен дамуы жөнінде нұсқаулық» алады.
Әйелдер мен балаларға жоғары білікті медициналық көмек көрсетудің 
қолжетімділігі мен сапасын арттыру мақсатында заманауи, әлемдік стандарттарға 
сай келетін медициналық мекемелер жұмыс істейді.
2011 жылғы желтоқсаннан бері Алматы қаласындағы Педиатрия және 
балалар хирургиясы ұлттық орталығында (бұдан әрі – ПжБХҰО) жұлынды 
трансплантациялау, 
жансақтау 
және 
қарқынды 
терапия, 
клиникалық 
трансфузиология және клиникалық-диагностикалық зертхана бөлімшелері бар 
пациенттердің болуының халықаралық стандарттарына сай келетін әрі жоғары 
технологиялы жабдықпен жарақталған 80 онкогематологиялық төсектік жаңа 
корпус пайдалануға берілді. 


35 
Жаңа корпус ашылған сәттен бастап барлығы 8328 науқас емдеп 
шығарылды. 2012 жылдың 1-ші жартыжылдығында ПжБХҰО онкогематология 
бөлімшесінде 506 науқас емделді, 2013 жылдың осындай кезеңінде осы 
бөлімшеде 812 бала емделді. 
Балаларға кардиохирургиялық көмек көрсетуді дамыту шеңберінде Астана 
қаласындағы 
Ұлттық 
ғылыми 
кардиохирургия 
орталығында 
балалар 
кардиохирургия бөлімшесі, Алматы қаласындағы Педиатрия және балалар 
хирургиясы ұлттық орталығында кардиология және кардиохирургия бөлімшесі 
ашылып, жұмыс істеуде. 
Шалғайдағы ауылдық өңірлерде тұратын балалар мен әйелдерге 
медициналық көмек көрсетудің қолжетімділігі үшін республикада көп жылдар 
бойы жылжымалы балалар-әйелдер консультациялары ойдағыдай жұмыс істеп 
келеді.
Бүгінгі күні елімізде 49 жылжымалы медицина кешендері (бұдан әрі – 
ЖМК) жұмыс істейді, олар скринингтік зерттеулер жүргізу және консультативтік-
диагностикалық көмек көрсету үшін заманауи медициналық жабдықпен 
жарақталған және дәрігерлер бригадаларымен жасақталған. 
ЖМК қызметі нысаналы трансферттер түрінде республикалық бюджет 
қаражаты есебінен қаржыландырылады. Айталық, 2012 жылы 1,3 млрд. теңге, 
2013 жылы – 1,4 млрд. теңге бөлінді. 
Бұдан басқа республиканың озық республикалық клиникаларымен 
байланыс орнатылған 150 телемедицина орталықтары жұмыс істейді. 
2013 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындылары бойынша 
консультациялық-диагностикалық үш пойыз – «Денсаулық», «Жәрдем», 
«Саламатты Қазақстан» республиканың 163 (2012 жылдың 6 айында – 141) 
станциясының тұрғындарын қарап, 39 604 тұрғынды (2012 жылдың 6 айында – 40 
478), оның ішінде 6 138 баланы (2012 жылдың 6 айында – 13 473) тексерді. Пойыз 


36 
жұмысының нәтижесінде 37,1 мың (2012 жылдың 6 айында – 38,0) ауру, 
оның ішінде балалардың 4 998 (2012 жылдың 6 айында – 4674) ауруы анықталды. 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 1724 
қаулысымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің 
«Республикалық санитариялық авиация орталығы» шаруашылық жүргізу 
құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны құрылды.
Республикалық санитариялық авиация орталығы өңірлерге 500 реттен астам 
ұшып барды, оның ішінде, акушерлік практика бойынша – 122, балалардың кезек 
күттірмейтін жағдайлары бойынша – 207, оның ішінде, жаңа туған (шала туған) 
балаларға – 107. Халық денсаулығын одан әрі нығайту, оның ішінде аналардың, 
балалар мен жасөспірімдердің денсаулығын сақтау мақсатында Денсаулық сақтау 
министрлігі 2011 жылдан бастап барлық өңірлерде БМСК (бастапқы 
медициналық-санитариялық көмек) ұйымдарының деңгейінде отбасылық 
денсаулық орталықтарын, профилактика және әлеуметтік-психологиялық көмек 
бөлімшелерін құрды, БМСК штаттық нормативтеріне әлеуметтік жұмыскер және 
психолог лауазымдарын қосты. Әлеуметтік жұмыскерлер мен психологтар 
консультация береді, үйге барады, үйде қадағалайды және көмек көрсетеді 
(патронаж және әлеуметтік сүйемелдеу), «сенім телефоны» бойынша көмек 
көрсетеді (консультация беру).
Өзіне-өзі және өзара көмек көрсету тренингтері өткізіліп, қолдау топтары 
құрылды. Республикада (2013 ж. қазан) 2029 әлеуметтік жұмыскер (2012 ж. 
осындай кезеңі – 2093) және 488 психолог (2012 ж. осындай кезеңі – 480) жұмыс 
істейді. 
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде 
Денсаулық сақтау министрлігі ҮЕҰ арқылы бес әлеуметтік жобаны іске асыруда, 
олардың қатарында мүгедек балалары бар отбасыларды қолдауға және ата-
аналардың оларға күтім жасау дағдыларын жақсартуға арналған «Отбасының 
қолынан бәрі де келеді», сондай-ақ әйелдер мен қыз балалардың ұрпақты болу 
денсаулығын жақсартуға арналған «Мүмкіндігі шектеулі әйелдердің денсаулығын 
қорғау», «Қызыл желі» телефон арқылы тегін (жасырын) консультация беру 
жобалары бар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет