Байланысты: 4.2 Қазақстан Республикасындағы балалардың жағдайы туралы баяндама
Балалардың денсаулығын қорғау саласындағы мемлекет саясаты Денсаулық сақтау мәселелері әрдайым мемлекеттік саясаттың басымдығы
болып келді және солай қала бермек. Денсаулық сақтауды дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасында республикадағы
денсаулық сақтаудың қолжетімді, сапалы, әлеуметтік бағдарланған және
экономикалық тиімді жүйесін дамытуға бағытталған қажетті шаралардың
жиынтығы айқындалды. Баланың денсаулық сақтау саласындағы мүдделерін мейлінше үздік
қамтамасыз ету мақсатында бабаларға тегін медициналық қызмет көрсету жүйесі,
педиатриялық қызмет сақталып, жетілдірілу үстінде. Белгілі бір аурулармен сырқаттанатын (күйдегі) 18 жасқа толмаған балалар,
оның ішінде мүгедек балалар Дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы
бұйымдардың
бекітілген
тізбесіне
сәйкес
көрсетілімдері
бойынша
амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен және арнайы емдік өнімдермен
қамтамасыз етіледі.
Дәрілік препараттардың бұл тізімі орфандық және онкогематологиялық
аурулармен, қант диабетімен, гемофилиямен, бронхиалды астмамен ауыратын
балалар үшін «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің
шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар
халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық
мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесін
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін
атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
министрiнiң 2012 жылғы 18 мамырдағы № 347 бұйрығымен кеңейтілді. Қазақстан
Республикасының Үкіметі жүргізіп отырған, қазақстандықтардың өмір сүруінің
экономикалық жағдайларын жақсартуға бағытталған бағдардың арқасында елде
негізгі медициналық-демографиялық көрсеткіштердің жақсару үрдісі байқалады.
31
Айталық,
өлім-жітімнің
азайғаны, халықтың табиғи өсімінің ұлғайғаны
байқалып отыр.