67
Бұдан басқа, Астана қаласында ересектерге
мамандандырылған
кризистік көмек - № 4 қалалық емханадағы
шұғыл медициналық көмек
кабинетінде, емханалардың жанындағы жастар денсаулығы орталықтарында,
СӨС орталығында және шұғыл психологиялық көмек сенім телефондары
бойынша көрсетіледі.
Уәкілетті органдар балалар арасындағы өз-өзіне қол жұмсау санын барынша
азайту бойынша белгілі бір жұмыс жүргізгенін атап өту қажет.
Денсаулық сақтау министрлігінің
Психиатрия, психотерапия және
наркология ғылыми-практикалық орталығында суицидология бөлімшесі
ашылды.
Дәрігер-психиатр мамандар ЖОО-да және ООО-да жасөспірімдерге
психологиялық, әлеуметтік, психотерапиялық
көмек көрсететін барлық
қызметтердің телефондары мен мекенжайлары көрсетілген ақпараттық
стенділерді құруда әдістемелік көмек көрсетеді.
Кризистік жағдайдағы және суицидтік мінез-құлқы бар тұлғаларға
мамандандырылған көмек көрсету мәселелері бойынша әр түрлі ведомстволардың
мамандарының (
алғашқы медициналық-санитариялық топ пен оқу орындарының
психиатрлары, психологтары, педагог-психологтары) біліктілігін арттыру
курстары ұйымдастырылған.
Мектеп психологтарының қызметін нақты реттеу үшін Білім және ғылым
министрлігі Орта білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызмет жұмысының
ережелерін әзірледі және бекітті
(ҚР БҒМ 2011 жылғы 20 желтоқсандағы № 528
бұйрығы).
«Өзін-өзі тану» пәніне өзінің мінез-құлқын реттеу дағдыларын
қалыптастыру, әлемді оң
сезіну мен қабылдауды дамыту, мазасыз жағдайдың,
агрессияның ерте белгілерін анықтау бойынша арнайы бөлімдер енгізілген.
Бұқаралық ақпарат құралдарында өмірге деген оң қарым-қатынастың
маңыздылығы туралы материалдарды жариялау жүзеге асырылуда,
спортты
дәріптеу және халықты спорттық іс-шараларға тарту жөніндегі іс-шаралар
жүргізілуде.
Достарыңызбен бөлісу: