Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті



Pdf көрінісі
бет53/60
Дата28.01.2023
өлшемі2,33 Mb.
#63492
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60
Қорытындылар мен тұжырымдар 


77 
2014 жылы еліміз Бала құқықтары туралы конвенцияның 25 жылдығын 
және Қазақстанның оны ратификациялауының 20-жылдығын атап өтеді.
1994 жылы біздің мемлекетіміз Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясына 
қосыла отырып, балалардың мүддесін жан-жақты қорғау және ең жақсы 
қамтамасыз ету бойынша міндеттемелерді өзіне қабылдады. 
Қазақстан соңғы екі онжылдықта бала құқықтарын қамтамасыз ету, оның 
экономикалық және әлеуметтік аман-саулығы саласында прогресске қол жеткізді. 
Бала құқықтары туралы БҰҰ конвенциясының ережелеріне және басқа да 
халықаралық шарттарға сәйкес балалық шақты құқықтық қорғаудың заңнамалық 
базасы қалыптастырылған және жетілдіруде

Балалардың құқықтарын және заңды мүдделерін қорғау бойынша 
ведомствоаралық өзара іс-қимылдың тиімді жүйесі жасалды. 
Балалар жағдайын және олардың құқықтарын сақтауды жақсарту 
мәселелерін шешу үшін қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдардың 
қызметі күшейтілді.
Балаларды оқыту, тәрбиелеу, денсаулығын сақтау, физикалық және рухани 
дамуы, отбасыны және балаларды әлеуметтік қамтамасыз ету және қорғау 
саласында мемлекеттік саясатты іске асыру үшін қаржыландыру басымдығы 
белгіленді.
Балалар 
мүддесінде 
ұлттық 
саясатты 
іске 
асыруға 
Қазақстан 
Республикасының 2011-2020 жылдарға білім беруді және 2011-2015 жылдарға 
«Саламатты Қазақстан» денсаулық сақтауды дамыту мемлекеттік бағдарламалары 
бағытталған. 
«Қазақстан-2050» Стратегиясы аясында балалық шақты қорғауға 
бағытталған кең шаралар кешені іске асырылуда.
Білім беру жүйесінде өсіп келе жатқан ұрпақтың толыққанды физикалық, 
зерделі және өнегелі дамуы, инклюзивті оқытуды дамыту үшін қолайлы 
жағдайлар жасалуда. 
Қазіргі заманғы білім беру жүйесі мынадай қағидаттарға негізделген: 
міндетті түрде тегін орта білім, мектепке дейінгі және кәсіптік-техникалық 
білімге жалпыға бірдей қолжетімділік. 
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқуға қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін 
2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын іске асыру жалғасуда. 
Бұл Бағдарламаның шеңберінде 2014 жылға дейін мектепке дейінгі білім 
берумен балалардың 70%-н қамтуға қол жеткізу жоспарланған. Бүгінгі күнге 
балаларды қамту 71,5%-ды құрайды.  
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен 
балалардың 100%-н қамтуды қамтамасыз ету мақсатында «Балапан» 
бағдарламасын іске асыру мерзімі 2020 жылға дейін созылды.
Орта білім беру жүйесінде білім беру мазмұнының сапасын жақсарту 
бойынша бірқатар шаралар қабылданды.


78 
Білім беру желісінің маңызды сипаттамасы оқушылардың әртүрлі 
білім алу қажеттіліктерін қанағаттандыруға мүмкіндік беретін мекемелер 
бойынша оның саралылығы болып табылады. 
Көп тілде білім беруді ендіру бойынша жоспарлы жұмыс жүргізілуде.
Көп тілді білім беретін мектептер саны 33-тен 90 мектепке дейін өсті.
Электрондық оқыту жүйесін дамыту білім беру сапасын, оның ішінде 
шағын жинақты ауыл мектептерінде жоғарылату проблемасын шешуге әсер етеді. 
Инклюзивті білім беруды дамыту бойынша жұмыс жалғасуда. 
Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің құрылымын және құрамын 
жаңарту бойынша жұмыс жалғасуда.
Балалардың қоғамдық өмірде өзін өзі көрсетуі үшін жағдайлар жасалуда.
Қазіргі уақытта Қазақстанда 1073 жастар бірлестігі жұмыс істейді.
Қатарларында 1 миллионнан астам балалар мен жасөспірімдер бар «Жас Ұлан» 
және «Жас Қыран» ұйымдарының қызметін белсендіруге үлкен роль бөлінеді.
Біздің елімізде балалардың мәдени-рухани дамуына, шығармашылыққа, 
демалыс пен бос уақытқа құқықтарын іске асыру қосымша білім беру 
ұйымдарының желісі арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасында әлеуметтік саясаттың басымдық бағыты 
балалардың денсаулығын сақтау және нығайту болып табылады. 
Балалар денсаулық сақтау медициналық көмек көрсетудің барлық 
деңгейлерінде қолжетімділікті және сабақтастықты қамтамасыз етеді.
Кардиохирургияда, онкологияда, травматологияда, басқа да маңызды 
салалар қатарында жоғары технологиялық медициналық көмектің қолжетімділігін 
қамтамасыз етуге және ең алдымен балаларды емдеген кезде жоғары 
медицианлық технологияларды қолдануға ерекше назар бөлінеді. 
Әйелдер мен балаларға жоғары мамандандырылған медициналық көмекті 
көрсетудің қолжетімділігін және сапасын жоғарылату мақсатында республикада 
қазіргі заманғы, әлем стандарттарына жауап беретін медициналық мекемелер 
қызмет етеді.
Тек 2013 жылғы 9 айдың қорытындылары бойынша 2012 жылдың ұқсас 
кезеңімен салыстырғанда ана өлімі - 24%-ға, бала өлімі 17%-ға төмендеді
Балаларды тиісті емес өмір жағдайларынан және тәрбиеден пәрменді қорғау 
тетігін қалыптастыру бойынша жұмыс жүргізілуде. Ата-аналарға ата-аналық 
құқықтарын қалпына келтіру туралы соттың шешімі бойынша туған 
отбасыларына балаларды қайтарудың оң үрдісі байқалуда.
Мемлекеттік органдар жергілікті атқару органдарымен бірігіп азаматтық 
қоғамның, ҮЕҰ-дың қолдауымен балалар үйлерін қайта институционалдау және 
әлеуметтік жетімдіктің профилактикасы бойынша шаралар кешені жүзеге 
асырылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет