82
- асырап алу, қорғаншылық және қамқоршылық, асыранды отбасы және
балаларды орналастырудың басқа да отбасылық түрлерінің институтын дамытуға
және ынталандыруға, балалар үйлерінде тәрбиеленушілер санын төмендетуге;
- ЮНИСЕФ-пен және ЖАО-мен бірігіп кәсіптік қамқоршылықтық
тәрбиелеу жүйесін құру бойынша пилоттық жобаны әзірлеуге;
- Қабылдаушы ата-аналар мектептерінің және отбасыны қолдау
қызметтерінің желісін дамытуға және олардың қызметін әдістемелік қамтамасыз
ету;
- қиын өмірлік жағдайға тап болған балалары бар отбасыларын ерте анықтау
бойынша оларға өз уақытында көмек көрсету үшін ведомствоаралық өзара әрекет
тетігін ендіруге;
- «Бала жанұяда өмір сүруге тиіс» қоғамдық қозғалысының әлеуметтік
бастамасын қолдау және іске асыру;
- қазақстандық отбасыларына жетім балаларды орналастыру мәселелері
бойынша позитивті қоғамдық пікір қалыптастыруға бағытталған әлеуметтік
жарнаманы жандандыруға.
Достарыңызбен бөлісу: