Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті


Қабылдаушы ата-аналар мектебі және 69



Pdf көрінісі
бет54/60
Дата28.01.2023
өлшемі2,33 Mb.
#63492
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   60
117 Қабылдаушы ата-аналар мектебі және 69 Отбасыны қолдау қызметтері 
жұмыс істейді. Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 
балаларды орналастырудың отбасылық түрлері белсенді дамуда. 


79 
Жыл 
сайын 
республикада отбасына баланы асырап алғысы 
келетін азаматтарды қолдауға және тартуға бағытталған «Ризашылық - Доброта 
во благо детям...!», «Қуан, сәби», «Қамқоршы күні» қамқоршылық мерекелері 
өтеді.
Жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларға 
арналған мекемелерінің түлектерін интернаттан кейін бейімдеу үшін оларға білім 
алуды жалғастыруға, жұмысқа орналастыруға, тұрғын үймен қамтамасыз етуге, 
тұрғылықты жері бойынша әлеуметтік-психологиялық сүйемелдеуге көмек 
көрсетуді қарастыратын жағдайлар жасалады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жетім 
балалардың, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың тұрғын үйге 
құқықтарын қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар 
енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы қабылданды (2013 жылғы 4 
шілде). Бұл заң жетім балаларға, ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 
балаларға бірінші кезекте тұрғын үй алу құқығын қарастырады.
БАҚ-та «Біздің балаларымыз», «Үйге жол», «Әр балаға – отбасы», «Әлемге 
мен керекпін, маған отбасы керек» және басқа да арнайы айдарлар және хабарлар, 
әлеуметтік видео роликтері ұйымдастырылған.
Нәтижесінде елде жетім балалардың санының тұрақты қысқару үрдісі 
байқалады. 
Балалар үйлеріндегі балалар саны 1008-ге төмендеді. 
Жетім балаларға және ата-аналарының қарауынсыз қалған балаларға 
арналған 10 ұйым жабылды және 2 жасөспірімдер үйі ашылды.
Балалары бар отбасыларын әлеуметтік қолдау жүйесі жетілдіруде, 
әлеуметтік шығындарды қаржыландыру көлемі жоғарылауда. 
Балаларды тәрбиелейтін отбасыларына мемлекеттік жәрдемақы жүйесімен
1 миллионнан астам адам қамтылған. 
Республикада жүйелік негізде отбасы институтының беделін жоғарылатуға, 
қоғамда ең жақсы отбасылық дәстүрлерді насихаттауға, физикалық және өнегелі 
дені сау ұрпақты тәрбиелеуде отбасының еңбегін мойындауға бағытталған 
бірқатар іс-шаралар өткізіледі.
2013 жылдан бастап республикада Қазақстан Республикасы Президентінің 
Жарлығына сәйкес Отбасы күні мерекеленеді.
Кәмелетке толмағандар арасында қараусыздықтың, панасыздықтың және 
құқық бұзушылықтың, зорлық-зомбылық пен қатыгездіктің, суицидтік 
көріністердің алдын алу бойынша іс-шаралар кешені, оның ішінде «Жеткіншек», 
«Мектепті бітіру кештері», «Демалыстар», «Түнгі қаладағы балалар», 
«Жасөспірім-Заң-Қауіпсіздік», «Жұмыспен қамту», «Мен және менің полицейім» 
жедел-профилактикалық рейдтер мен акциялар өткізіледі. 
Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы Кәмелетке толмағандардың 
істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі ведомствоаралық комиссия 
жұмысын жалғастыруда. 


80 
Кәмелетке толмағандарға, қиын өмірлік 
жағдайға 
тап 
болған 
отбасыларына қатысты профилактикалық және оңалту іс-шараларының тәсілдерін 
жетілдіру 
мақсатында 
жұмыс 
тәжірибесі 
зерделенетін, 
туындайтын 
проблемаларды шешу үшін шаралар әзірленетін семинарлар, конференциялар, 
отырыстар тұрақты түрде өтеді.
Жалпы алғанда, кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың 
орташа есеппен 6-7% төмендеуі байқалады.
Өз құқықтары туралы балалар мен олардың ата-аналарының құқықтық 
сауаттылығы және хабардарлығы бойынша жұмыс жандандырылды. 
Халықаралық және үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың қолдауымен 
«Қатыгездіксіз және зорлық-зомбылықсыз балалық шақ» кең ауқымды жалпы 
ұлттық ақпараттық науқан өткізіледі

Қазақстан тұрақты ішкі саяси жағдайы бар, әскери және ұлтаралық 
шиеленістері жоқ елдерге жатады.
Қарулы жанжалдарға, соғыс іс-қимылдарына қатысуға балаларды тартуға, 
қатыгездік пен зорлық-зомбылықты насихаттауға елде заңнамалық актілермен 
тыйым салынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет