Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігі «Болашақ» академиясы


ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ РОЛІ



Pdf көрінісі
бет16/68
Дата06.03.2017
өлшемі5,4 Mb.
#7947
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68

ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА ОЙЫН ЭЛЕМЕНТТЕРІН ҚОЛДАНУДЫҢ РОЛІ 

 

Ахмедиева Б.З. 



«Қарағанды қаласы №2 лицей» КММ, 

 Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы 

 

Қазіргі  уақытта  Қазақстанда  білім  берудің  өзіндік  ұлттық  үлгісі  қалыптасуда.  Бұл 



процесс  білім  парадигмасының  өзгеруімен  қатар  жүреді.  Білім  берудің  ескі  мазмұнының 

орнына жаңасы келуде [1]. Қазіргі таңда  білім  беру  үрдісінде ойын элементтерін қолданудың 

маңызы артып келеді. Əсерісе, бұл орыс тілді мектептерде қазақ тілін оқытуда ерекше мəнге ие 

болып отыр. 

Оқу орыс тілінде жүретін мектептерде қазақ тілі пəнінің мақсаты – оқушылардың қарым-

қатынасын қалыптастыру, дамыту, тілдік жəне танымдық біліктілікпен қамтамасыз ету екендігі 

Қазақстан Республикасының жалпы білім берудің мемлекеттік стандарттарында көрсетілген. 

Мұғалім үшін басты міндет оқушының қызығушылығын арттыру, оның дамуына жағдай 

туғызу, сөйлеу қабілетін дамыту [2]. 

Өзге  ұлт  балалары  оқитын  мектептерде  жұмыс  істейтін  ұстаздар  қауымының  басты 

мақсаты – өзге  ұлттың  баласын  мемлекеттік  тілде  сөйлету,  сұрақтарға  жауап  қайтара  білуге 

үйрету.  Қазақ  сөзінің  құдыреттілігін,  сырын  сезіндіру,  тіл  үйренуге  ынталандыру.  Шəкірт 

талабын шыңдау қазақ тілі мен əдебиеті пəнінің мұғалімдеріне үлкен жауапкершілік жүктейді. 

Осы  орайда  сабақтарда  түрлі  əдіс-тəсілдерді  пайдалану  мақсатқа  қол  жеткізудің  бастамасы 

болып саналады. 

Қазақ  тілі  сабағында  өзге  ұлтты  балаларға  сабақ  қызықты  да  тартымды  өту  үшін 

ойынның  рөлі  өте  жоғары.  Оқушылардың  білуге  деген  ынтасы  мен  мүмкіндіктерін  толық 

пайдалану,  оларды  оқу  үдерісінде  үздіксіз  дамытып  отыру  жəне  сабақ  барысында  алған 

білімдерін  тəжірибеде,  яғни  сабақ  барысында  жаттығу  орындауда  қолдану  дағдыларын 

қалыптастыру үшін ойын элементтерін пайдаланудың орны бөлек [1, 13]. 

Ойын – оқу  үрдісіндегі  оқытудың  əрі  формасы,  əрі  əдісі  ретінде  дербес  дидактикалық 

категория.  Сонымен  бірге  ойынды  мұғалім  мен  оқушылардың  бірлескен  оқу  əрекетінің  өзара 

байланысты технологиясы ретінде қолдануға болады [3]. 

Тілді  үйрену – күрделі процесс екені  белгілі, оны  əртүрлі ойын технологиясын қолдану 

арқылы жандандыруға болады, ойын арқылы тіл үйренуге деген қызығушылық артады. Ойын 

жаттығулары  тілді  меңгеру  үшін  берілетін  қиын  тапсырманы  қызықты  да  тартымды 

етеді.Балалардың ойынға орасан зор қызығушылық танытатыны баршаға мəлім. Тіпті олардың 

белсенділік  танытпайтындарының  өзі  ойынға  зор  ықыласпен  қатысады,  ойындағы  серіктесін 

қолдау  үшін  өзінің  бар  жігерін  салады.  Ұшқалақ,  тілазарлардың  өзі  сабақта  өзінің  тобының 

сəтсіздіктері үшін күйініп, ойыншылардың сəттілігіне қуанып, тып-тыныш отыра қалады жəне 

ойынды  бақылайды.  Ойын  үдерісі  барысында  балалар  əлемі  оқушылар  қадам  басқан  тамаша 

ғылым əлемімен түйіседі [4]. 

Ойында зор тəрбиелік жəне білім беру мүмкіндіктері бар. Оқушылар ойын үдерісінде пəн 

туралы жəне қоршаған əлем құбылыстары жөнінде сан алуан мəліметтер алады. Ол балалардың 

зейінін  жəне  заттардың  қасиетін,  олардың  елеулі  белгілерін  анықтау  қабілеттерін  дамытады, 

балалардың  ойлау,  зейін,  шығармашылық  қиялын  дамыта  отырып,  олардың  ақыл-есінің 

дамуына  əсер  етеді.  Барлық  ойындар  (қарапайымдары  да)  ғалымның  жұмысымен  ортақ 

элементтерге ие, ойында алдыға қойылған міндет пен төзетін қиындықтар, содан сон ашылулар 

мен  бағындырған  кедергілер  қызықтырады,  сондықтан  жас  мөлшеріне  қарамастан  ойын 

адамдарды қызықтырады. 

Оқу үдерісіндегі ойын келесі қызметтерді атқарады: 

1. Оқыту қызметі – оқушының жадын, зейінін, ақпаратты қабылдау қабілетін дамыту; 

2. Тəрбиелік қызметі – ілтипат, ойындағы серіктесіне адамгершілікпен қарау; 

3. Сауықтық қызметі – сабақта жағымды атмосфераны орнату, сабақты қызықты саяхатқа 

айналдыру; 

4. Коммуникативтік  қызмет – басқа  тілде  қарым-қатынас  жасау  атмосферасын  жасау, 

жаңа  қазақ  тілінде  байланыс  жасауға  негізделген  эмоциналдық-коммуникативтік  қарым-

қатынасын орнату. 



97 

 

Қазақ тілі сабағында ойын түрлерінің қолдану тиімділігі: 



- тақырыпты ойын арқылы меңгертуде не бір жақсы нəтижеге жетуге болады; 

- сабақты жандандырып, оқушыларды ынталандырады; 

- шығармашылық, ізденушілік қабілеттерін арттырады; 

- өзіне деген сенімділік пайда болады; 

- логикалық ойлау қабілеті дамиды [3]. 

Оқу  үдерісінде  ойынды  қолданудың  мақсаты – ойын  арқылы  оқушылардың  білім-білік, 

имек-дағдыларын қалыптастыру. 

Ойынның міндеті: 

1. Білім деңгейі мен икем-дағдыларын жетілдіре отырып, ойын арқылы оқу жəне тəрбиені 

ұштастыру; 

2. Танымдық қызметі мен ой-өрісін кеңейту; 

3.  Оқушының  өзіне  деген  сенімін  арттыру,  оқуға  деген  қызығушылығын,  белсенділігін 

дамыту. 

Балаларды оқытудағы ойынның ерекшелігі: 

- Сабақ сапасын арттыру, жақсы білім дəрежесіне жетуде ойын элементтерін пайдалану; 

- Өтілген тақырыптарды саналы да берік меңгерге əсер ету [5]. 

Əсіресе,  қазақ  тілін  оқытуда  рөлдік  ойындарды  пайданалудың  тиімділігі  зор.  Мысалы, 

сабақты  өткізгенде  белгілі  бір  жағдаятты  негізге  алып,  балалардың  ойнайтын  рөлін  анықтап, 

сабақты ойын түрінде өткізген өте қызықты болады. 

Мысалы, 11-сыныпта  «Кеден  мағлұмдамасын  толтыру»  тақырыбы  бойынша  балалар 

кеденшінің,  шетелге  жол  жүріп  бара  жатқан  кəсіпкердің  жəне  студенттің  рөлдерін  ойнады. 

Ойынның  мақсаты  жол  жүрушілердің  кеден  мағлұмдамасын  толтыруға  қатысты  кеденшінің 

сұрақтарына жауап беру. Егер сұрақтарға жауап дұрыс берілмесе, олар шет мемлекетке жолға 

шыға алмайтын болды. Бұл ойынды ұйымдастыру үшін кеденшінің қызметтік формасы арнайы 

алынды. Сондай-ақ, кеден мағлұмдамасының мемлекеттік стандарттарға сай үлгісі де алынды. 

Оқушылардың  ойынға  қызыққаны  сонша,  үлгерімі  төмен  балалардың  өзі  ойынға  белсенді 

араласты. 

Дəл осындай ойын əдісі 10-сыныптарда «Сəнді киінеміз» тақырыбында сабақты өткізуде 

орын алды. Сабақтың тақырыбына сай оқушылар «Сəнді киінеміз» атты дөңгелек үстел өткізді. 

Дөңгелек үстел барысында оқушылар дүкендегі оқиға, сəн журналдары өкілдерінің арасындағы 

пікір-талас сияқты бірнеше жағдаяттар ұйымдастырды. 

Дүкендегі  оқиға  барысында  дүкенші  мен  сатып  алушы  арасындағы  қарым-қатынас 

көрсетілді. Мұның бəрін оқушылар қазақ тілінде жеткізді. 

Сондай-ақ,  оқушылар  сəн  журналдары  өкілдерінің  рөлін  ойнап,  олардың  арасында  сəн 

үлгілері бойынша пікір-таласты көрсетті. Пікір талас онлайн режимінде өтті. Əр оқушы өзінің 

сəн  үлгісін  қорғап  шығуы  тиіс  болды.  Бұл  пікір-таласқа  оқушылардың  қызығушылық 

танытқаны сонша, пікір-талас қызу өтті. 

Сабаққа  дайындалар  алдында  оқушылар  Қарағанды  қаласындағы  «Нұр  Əсем»  сəн  үйін 

барып, директоры В.А. Исинадан сұхбат алды. 

Сабақ  қорытындысы  бойынша  оқушылардың  күшімен  «Сыр-сымбат»  журналының 

номері жарық көрді. 

Нəтижесінде  сабақ  өте  қызықты  өтті.  Мұғалімнің  сабақ  өткізуіне  қоятын  барлық 

мақсаттарына қол жеткізілді. 

Жоғарыда  аталғандар  ойын  элементтерінің  сабақтың  қызықтылығын  арттыруда 

атқаратын  рөлін  айқындайды.  Сабаққа  қойылатын  мақсат – оқушылардың  ойын  элементтері 

арқылы,  соның  ішінде  жағдаяттық  ойындар  арқылы  тілді  үйренуге  деген  қызыуғышылығын 

арттыруға  қол  жеткізуге  болады.  Белгілі  жағдаятты  қазақ  тілінде  көрсету  оңай  міндет  емес, 

алайда тəжірибе көрсететіндей, бұл міндетті балалар ойнап жүріп оңай орындайды. 

 

Əдебиеттер тізімі: 

1. Есенгелдіқызы Б. Қазақ тілі сабағындағы ойынның рөлі // Қазақ тілі мен əдебиеті орыс 

мектебінде республикалық ғылыми-педагогикалық басылым. – №8. – 2011. – Б.14-15. 

2. Рахметулина  К.  Сабақта  ойын  элементтерін  тиімді  қолдану // Қазақ  тілі  мен  əдебиеті 

орыс мектебінде республикалық ғылыми-педагогикалық басылым. – №7. – 2008. – Б.129. 

3. Жеткергенова  Э.К.  Қазақ  тілі  сабағында  ойын  элементтерін  қолдану  арқылы 

оқушылардың танымдық белсенділіктерін арттыру [Электрондық ресурс]: http://sabaq.kz/5878 


98 

 

4. Заурбекова  Г.  Қазақ  тілі  сабақтарында  ойын  элементтерін  тиімді  қолдану  туралы 



[Электрондық ресурс]: http://portal.kazntu.kz/files/publicate/2015-01-15-10307_1.pdf 

5. Аманжолов Ж. Оқытудағы ойынның маңызы // Қазақ тілі сабағындағы ойынның рөлі // 

Қазақ  тілі  мен  əдебиеті  орыс  мектебінде  республикалық  ғылыми-педагогикалық  басылым. – 

№4. – 2007. – Б.24. 

 

 

ƏОК 81 367: 811.512.122  



 

СИНТАКСИСТІК БІРЛІКТЕРДІҢ ПОЭЗИЯДАҒЫ КӨРІНІСІ 

 

Ахмет Р.Ғ. 



«Болашақ» академиясы» ЖММ, Қарағанды қ., 

Қазақстан Республикасы 

Ибраимова Ж.Ж. 

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, Қарағанды қ., 

Қазақстан Республикасы 

 

Поэзиядағы  тілдік  элементтердің  бір-бірімен  байланысы,  қарым-қатынастары  таза 



синтаксистік  қана  болмайды,  ритмико-синтаксистік  болады.  Поэзияның  синтаксисі – ұйқас, 

өлшем  заңдарымен  қоса  қабаттасқан  күрделі  синтаксис [1, 179]. Осы  күрделілік  поэзиядағы 

синтаксис  бірліктері  сөз  тіркесінің,  яғни  сөйлем  мүшелерінің  орын  тəртібі,  оқшау  сөздер, 

құрмалас сөйлем түрлері қолданыстарынан айқын көрінеді. 

Ғалым М.Балақаев сөз тіркесінің табиғаты жəне оған тəн белгілерін анықтап, кез келген 

сөздердің  сөз  тіркесін  құрай  алмайтындығын  атап  көрсетеді.  Ғалымның  пікірінше,  өзара 

тіркескен сөздердің синтаксистік тобын сөз тіркесі деп тану үшін, оның мынандай белгілеріне 

қарау  керек: 1) cөз  тіркесінің  құрамында  кемінде  толық  мағыналы  екі  сөз  болады; 2) ол 

сөздердің  бірі  екіншісімен  сабақтаса,  мағыналық  жəне  синтаксистік  байланыста  айтылады. 

Олар салаласа байланыспайды, тек сабақтаса байланысады. 3) тіркескен сөздер анықтауыштық, 

толықтауыштық,  пысықтауыштық  қатынаста  жұмсалады [2, 12]. Өзара  тіркескен  сөздің  бірі 

екіншісін  өзіне  бағындырып  сабақтаса  байланысқанда,  сөз  тіркесінің  ұйытқы  бөлігі  басыңқы 

сыңар  деп,  ал  оған  қатысты  жəне  тəуелді  бөлігі  бағыныңқы  сыңар  деп  аталады.  Сондықтан 

алдыңғы  бөлік  үнемі  бағыныңқы  сыңар,  соңғы  бөлік  үнемі  басыңқы  сыңар  болады.  Ал 

поэзиялық  шығармаларға  тəн  бір  қасиет - көбінесе  осы  бағыныңқы-басыңқы  сыңардың  орын 

тəртібінің өзгеріп кетуі. Бұл ерекшелікті кезінде ғалымдар Т.Р.Қордабаев та, Р.Сыздықова да өз 

зерттеулерінде  айқындап  берген  еді. «Абай  өлеңдерінің  синтаксистік  құрылысы»  атты 

еңбегінде  ғалым  Р.Сыздықова  былай  деп  ой  өрбітеді: «Сөйлем  мүшелерінің  түркі  тілдеріне, 

оның  ішінде,  қазақ  тіліне  тəн  классикалық  тəртібі:  бастауыштың  баяндауыштан  бұрын  тұруы 

тұрлаусыз  мүшелердің  өздері  қатысты  сөздерден  (мүшелерден)  бұрын  орналасуы  құрмалас 

сөйлемдегі  бағыныңқы  компоненттің  басыңқыдан  бұрын  келуі - өлең  синтаксисінде  жиі 

кездеседі»[3, 62]. Ғалымдар  пікіріне  қосылатынымызды  білдіре  отырып,  ойымызды  дəлелдеу 

үшін М.Жұмабаевтың поэзиясындағы тілдік фактіге жүгінейік: 

1.Сұм көңілге разы емен мен, 

Тез жанар да, тез сөнер 

Бір тілегін істесең сен, 

Оған басқа ой келер («Көңіл»). 

2.Күн батып, қараңғылық қанат жайды, 

Аспанда сансыз жұлдыз жарқырайды. 

Отырған қараңғы үйдің терезесінен 

Көремін мұңды, нұрлы толған Айды («Айға»). 

3.Жерді көрді қанға батқан 

Жүрегіне қанжар кіріп, 

Жапан түзде аңдай ұлып, 

Елді көрді зарлап жатқан («Гүлсімге»). 

4.Тұрса да қара бұлттар көктен төніп,  

Соқса да жел долданып, өршеленіп, 

Мың шүкір, əлсіз қолды əлсіз шырақ 



99 

 

Жылтырап жанған боп тұр, қалмай сөніп («Қараңғы, дауылды түн»). 



Бірінші  мысалдағы  І  жəне  ІІ  жақта  қиыса  байланысқан  предикаттық  қатынастағы 

сыңарлардың орын алмастырулары субьектіні  актуальдандыру  мақсатынан туындаған. Екінші 

мысалда  меңгеріле  байланысқан  толықтауыштық  қатынастағы  сыңарлардың  орны  ауысқан: 

мұңды, нұрлы толған айды көремін. Бұл жердегі орын тəртібіндегі өзгешелік əрі ұйқас, ырғаққа 

негізделсе,  əрі  субьектінің  көңіл  күйін  беруде  обьектіні  нақтылау  мақсатта  қызметте  тұр:  Ай 

біресе  қараңғылық  торындағы  субъектінің  көңіл  күйімен  үндес-мұңды,  біресе  сол 

қараңғылыққа қарама-қарсы контраст түрінде алынған – нұрлы. Үшінші мысалда сөз тіркестері 

сыңарлары предикатпен бөлініп, алшақ тұрып орын алмасқан. Қара сөзде «қанға батқан жерді 

көрді», «зарлап  жатқан  елді  көрді»,  болар  еді.  Ақын  бағыныңқы  сыңарлы  басыңқы  сыңардан 

алшақтата,  тармақ  соңына  беріп,  екпін  түсіреді  де, «жер  қанға  батты», «Ел  зарлап  жатты» 

сияқты  қосымша  ой  информацияны  алға  шығарады.  Төртінші  мысалдағы  қимыл-сын 

пысықтауыштық қатынаста тұрған сөздердің арасын субъект алшақтатқан. Бұл жердегі сөйлем 

мүшелерінің негізгі орын тəртібінің бұзылуы бірнеше қызметті бойына жинақтаған: біріншіден, 

ұйқас, ырғақ үшін орын алмасқан – төніп, - өршеленіп, əрі синтаксистік анафораның да ықпалы 

бар; екіншіден, дыбыстық үндестік өлең жолдарындағы бір тұлғадағы басыңқы сыңарлардың өз 

ара  қатаң  дауысыз  (т-с)  дыбыстардың  үйлесуі,  яғни  аллитерация,  үшіншіден,  іс-əрекетті 

бейнелеудегі динамикалық күйді ерекше күшейту мақсатындағы стильдік жүк. Жəне қарсылық 

қатынастағы көп бағыныңқылы сабақтас құрмаластың бағыныңқы, басыңқы компоненттерінің 

орны  сақталғанымен,  екі  компоненттің  арасын  байланыстыратын  тиянақсыз  баяндауыш  (да 

шылауы  тіркескен  шартты  райлы  етістік ( орын  тəртібінің  өзгерісінің  əсерінен  өлең 

тармағының басына кетіп, құрмаластыру қызметінде əлсізденген. 

Поэтикалық  сөйлеуде  оқшау  сөздер,  оның  ішінде  қаратпа  сөздер  де  көбінесе  ауызекі 

сөйлеудегі  қызметінен  гөрі  басқа  бір  семантикалық  жүк  көтеруге  бейім  келеді.  Өйткені 

лирикадағы  сөйлеу  диалогінде  айналамыздағы  қоршаған  ортадағы  кез  келген  жанды,  жансыз 

затқа қаратып айту мүмкіндігі мол. М.Жұмабаев өлеңдерінің ең негізгі адресаты – сүйген жар:  

Сол күнде, алтын сəулем, қолыңды бер, 

Жасытпа, жолым бастап алдыма жүр. 

Қара түн қорқынышты қаптағанда, 

Жарқырап жұлдызым боп төккейсің нұр («Жарыма»). 

Өлең тілінде авторлық ойдың субьектінің, яғни өзінің ішкі сезіміне бағытталуына қарай 

автокоммуникация туындайды. 

Соғасың жиі-жиі, жүрек, неге? 

Соққанмен жандана ма солған дене? 

Сары су денені улайды тамырларда,  

Тазартып енді оны қан ерем деме («Сарғайдым»). 

Поэтикалық сөйлеуде қаратпа сөздің ең көп тараған түрі – ақын қиялынан туған нақтылы 

өмірде болмайтын образдар. 

Зор тəңірі: күтісің, сен, сенеміз біз 

Əділ деп əр ісіңе көнеміз біз. 

Өз құлын өзі еңіретпес төре ие деп, 

Өзіңе ерік тізгінін береміз біз 

Кеш, тəңірім, болса сезім пендешілік, 

Мінекей, айқын зұлым, қайда əділдік? 

Соншама кең рақметтен құр тастайтын, 

Баласы алты алаштың – біз не қылдық? («Тəңірі»). 

Автордың  ішкі  сезімі  қаратпа  сөз  арқылы  осылай  берілсе,  енді  бірде  ақын  үшінші 

жақтағы  лирикалық  кейіпкері  арқылы  тəңірге  тілегін  жеткізеді.  Бұл  талдаудан  көретініміз – 

қаратпа сөздердің коммуникативтік жағдайдың құрылуында негізгі, басты элемент екендігі. 

Поэзиялық  шығармалардағы  құрмалас  сөйлемдердің  де  өзіндік  ерекшеліктері  мен 

көтеретін стильдік жүктерінің аз еместігі белгілі. Əйгілі Махамбет Өтемісовтің «Ереулі атқа ер 

салмай»  өлеңіндегі  айтайын  деп  тұрған  ой-ақпараттың  тек  өлеңнің  тұтас  синтаксистік-

композициялық құрылым негізінде ұғынылуына құрмалас сөйлем сыңарларының өзара ерекше 

байланысуы əсер еткен: 

Егеулі найза қолға алмай,   Ашаршылық шөл көрмей

Еңку-еңку жер шалмай,  

 

Өзегі талып ет жемей, 



Қоңыр салқын төске алмай,  

Ер төсектен безінбей,  



100 

 

Тебінгі терге шірімей,  



 

Ұлы түске ұрынбай, 

Терлігі майдай ерімей,  

 

Түн қатып жүріп, түс қашпай, 



Алты малта ас болмай,  

 

Тебінгі теріс тағынбай, 



Өзіңнен туған жас бала  

 

Темір қазық жастанбай, 



Сақалы шығып жат болмай,  

Қу толағай бастанбай, 

Ат үстінде күн көрмей,  

 

Ерлердің ісі бітер ме?  



Бұл  шарттық  қатынастағы  көп  бағыныңқылы  сабақтас  сөйлемнің  мағынасы,  көріп 

отырғанымыздай, синтаксистік-композициялық құрылымға бағынған.  

Поэзия  синтаксисінің  осындай  ерекшеліктері  тілімізде  жиі  кездеседі.  Белгілі  ғалым 

Р.Сыздықованың  тілімен  айтсақ,  ол  ерекшелік,  бір  жағынан,  ұйқас  (рифма),  буын  саны 

(метрика), шумақтарға бөліну-бөлінбеу (строфа), синтаксистік тұтастық т.б. сияқты өлеңге тəн 

шарттарға  байланысты  болса,  екінші  жағынан,  əр  ақынның  өз  стиліне  тəн  өзгешеліктерінен 

құралады [4, 4]. 

 

Əдебиеттер тізімі: 

1. Қордабаев Т.Р. Тарихи синтаксис мəселелері. – Алматы, 1964. –Б.240. 

2. Балақаев М., Қордабаев Т. Қазіргі қазақ тілі. Синтаксис. – Алматы, 1974. – Б.254. 

3. Сыздықова Р. Абай өлеңдерінің синтаксистік құрылысы. –Алматы, 1980. –Б.175. 

4. Сыздықова Р. Абай шығармаларының тілі. – Алматы, 1968. – Б.331. 

 

 

ƏОК 81 367: 811.512.122 



 

СИНТАКСИС МƏСЕЛЕЛЕРІ ЖƏНЕ Т.Р.ҚОРДАБАЕВ 

(Профессор Т.Р.Қордабаевтың туғанына 100 жыл толуына орай) 

 

Ахмет Р.Ғ. 



«Болашақ» академиясы» ЖММ, Қарағанды қ., 

Қазақстан Республикасы 

Ибраимова Ж.Ж. 

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, 

 Қарағанды қ., Қазақстан Республикасы 

 

Біз  осы  мақаламызда  өткен  жылы 100 жасқа  толған  абыз-ақсақал  ғалымның  синтаксис 



мəселелеріне,  əсіресе  құрмалас  сөйлемге  қатысты  айтқан  идеяларының  əлі  күнге  дейін 

өзектілігімен  ерекшеленетініне  оқырманның  тағы  бір  көзін  жеткізуді  мақсат  тұттық.  ХХ 

ғасырдың  қырқыншы  жылдарынан  бастап  тоқсаныншы  жылдары  аралығында  жемісті  еңбек 

етіп,  ғалымдық  пен  ұстаздықты  қатар  алып,  білімімен  сусындатқан  бірегей  азамат 

Т.Қордабаевтың  үлкен  мол  мұрасы – кейінгі  ұрпақтарға  өнеге.  Ғалымның  мол  мұрасы  ішінде 

ерекше  орын  алатыны – құрмалас  сөйлем  синтаксисіне  арнап  жазған  еңбектері.  Олар:1) 1961 

жылы  баспадан  шыққан  «Қазіргі  қазақ  тілі»  атты  синтаксистік  оқулық.  Жоғары  оқу  орны 

студенттеріне  арнап  жазылған  бұл  оқулық  «Жай  сөйлем  синтаксисі»  мен  «Құрмалас  сөйлем 

синтаксисі»  атты  екі  тараудан  тұрады.  Алғашқы  тараудың  авторы – М.Балақаев  та,  соңғы 

тараудың  авторы – Т.Қордабаев. 2) 1967 жылы  шыққан  «Қазақ  тілінің  грамматикасы»  атты 

академиялық  грамматиканың  «Құрмалас  сөйлем  синтаксисі»  атты  тарауының  авторлары 

Т.Қордабаев пен Қ.Есенов. 3) Ғалымның жеке авторлығымен 1995 жылы жарық көрген «Қазақ 

тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі» атты оқулығы.  

1961  жылы  шыққан  оқулықта  ғалым  өзіне  дейін  құрмалас  сөйлем  жөнінен  айтылған 

тілші-ғалымдардың  пікірлерін  зердеден  өткізе  отырып,  құрмалас  сөйлемді  классификациялап, 

құрмалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен байланысу тəсілдерін айқындап берді. 

Ғалымның тілімен айтсақ, салаластың, сабақтастың əр түрінің қалай жасалатыны, қандай 

тəсілдер  арқылы  құрмаласатындары  нақты  тілдік  фактілер  арқылы  толықтырылды.  Олардың 

бұрын зерттеуде ескерілмеген немесе əр түрлі түсіндіріліп келген түрлері қосылды, болмаса тіл 

фактілеріне  сəйкес  жаңаша  баяндалды.  Тұтас  алынған  құрмаластың  болсын,  оның  жеке 

салаларының  (салалас,  сабақтас  түрлерінің)  болсын  жіктеулеріндегі  ала-құлалықтар  да  бір 

жүйеге  келтірілді.  Мысалы,  Н.Сауранбаевтың  құрмалас  сөйлемге  арналған  ең  соңғы  елеулі 

еңбегі 1954 жылы жарық көрген «Қазіргі қазақ тілі» атты кітапта жарияланды. Осы зерттеуінде 


101 

 

автор салалас құрмалас сөйлемді мезгілдес салалас, қарсылықты салалас, себеп-салдар салалас, 



талғамалы  салалас  деп  төрт  түрге  бөлсе, 1961 жылғы  оқулығында  Т.Р.Қордабаев  сегіз  топқа 

бөлінген [1, 79-80]. Салаластың осы сегіз мағыналық түрлері кейінгі оқулықтарда да өзгеріссіз 

берілуде,  ғалымның  классификациясындағы  мезгілдес  салалас,  қарсылықты  салалас,  себеп-

салдар  салалас,  талғаулы  салалас,  түсіндірмелі  салалас,  кезектес  салалас,  салыстырмалы 

салалас,  шартты  салаластар  жасалу  жолдарына  қарай  жалғаулықты-жалғаулықсыз  болып 

топталып  берілді.  Осы  оқулықта  сабақтас  құрмалас  сөйлемнің  өзіндік  белгілері  нақтыланып, 

компоненттерінің  бір-бірімен  байланысу  тəсілдері  айқындалды.  Ғалым  сабақтас  құрмаластың 

компоненттерін  байланыстырудағы  етістіктің  көсемше,  шартты  рай,  есімше  тұлғаларына  баса 

назар  аударып,  тілдік  фактімен  ғылыми  тұрғыда  дəлелдеді.  Құрмаластың  салыстырмалы  мен 

шартты мағыналық түрлерінің салаласқа да, сабақтасқа да бірдей қатыстылығы алғаш рет осы 

оқулықта айтылып, кейінгі еңбегінде дамытылды. 

Оқулықтың  үш  рет  қайта  басылып  шығуының  өзі  ойлы  да  орнықты  зерттеу  екендігінің 

көрінісі болса керек.  

1967  жылы  басылып  шыққан  «Қазақ  тілінің  грамматикасының»  Т.Қордабаев,  Қ.Есенов 

авторлығындағы  «Құрмалас  сөйлем  синтаксисі»  тарауы  да  алдыңғы  оқулықтағы  негізгі 

принциптері басшылыққа ала отырып жазылған. 

Ал ғалымның 1995 жылы жарық көрген «Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемдер синтаксисі» 

атты оқу құралы алдыңғы екі еңбектен елеулі жаңалықтарымен өзгешеленді. Біріншіден, ғалым 

құрмалас  сөйлемнің  зерттелу  тарихын 1920 жылдардағы  А.Байтұрсыновтың  «Тіл  құралы» 

оқулығынан бастайды. Осы жерде айта кететін бір жайт бар. Т.Р.Қордабаев 1987 жылы шыққан 

«Қазақ  тіл  білімінің  қалыптасу,  даму  жолдары»  атты  еңбегінде  де  құрмаластың  зерттелу 

тарихын кейбір еңбектерде айтылып жүргендей, ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап емес, 20 

жылдарынан  таратады.  Репрессияға  ұшырап,  көп  жылдар  бойы  А.Байтұрсынов  атына  тыйым 

салынған  кезде,  Т.Р.Қордабаев  былай  жазады: «Құрмалас  сөйлемге  қатысты  қазақ  тілінде 

жазылған алғашқы еңбектер жиырмасыншы жылдар ішінде жарық көрді. Бұл еңбектерде қазақ 

тіліндегі  сөйлемдер  арасында  екі  түрлі  жақындық  болады:  бірі – ішкі  мағына  жақындығы 

болса,  екіншісі – сыртқы  тұлға  жақындығы.  Мұның  алғашқысы  іргелес  сөйлемдерде  болады. 

Ал  осы  екі  жақындықтың  екеуі  бірде  бірдей  болса,  ол  құрмалас  сөйлем  болады  делінген. 

Салалас пен сабақтастың бір-бірінен өзгешелігі салалас құрамындағы жай сөйлемдер өзара тең 

болады,  ал  сабақтаста  ондай  теңдік  болмайды  делінген.  Бірақ  тең  болу  мен  кем  болу  неге 

байланысты  деген  сұрауға  жауап  берілмеді.  Салалас  пен  сабақтас  құрмалас  сөйлемдер  өз 

ішінен  жеке  түрлерге  жіктеліп,  сабақтастың  бағыныңқы  компоненттері  сөйлем  мүшелерімен 

аталады» [1, 76]. Т.Қордабаев ғалымның атын тікелей атамай «жиырмасыншы жылдар» деген 

сөздің аясына сиғызып, бүркемелей отырып берген пікірінің авторы А.Байтұрсынов екенін біз 

қазір 

жақсы 


білеміз. 

Ал 


қазақтың 

үш 


арысы 

«А.Байтұрсынов, 

М,Жұмабаев, 

Ж.Аймауытовтардың  қоғамдық-саяси,  ғылыми-педагогикалық  жəне  əдеби  шығармашылық 

қызметтерін  ақтау  туралы»  Қазақстан  Компартиясының  Орталық  Комитеті  қаулысының 1988 

жылдың желтоқсанында шыққанын жəне осы үш ұлы тұлғаның шығармаларының 1989 жылы 

ғана  баспадан  жарық  көргенін  ескерсек,  Т.Р.Қордабаевтың 1987 жылы  шыққан  еңбегінде 

бүркемелеп  болса  да  А.Байтұрсыновтың  құрмалас  сөйлем  жөніндегі  пікірінің  берілуін  тек 

үлкен жүректі ер азаматтың, нағыз ғалымның ғана қолынан келетін іс деп ойлаймыз. 

Екіншіден, ғалым осы оқу құралында тілші ғалымдардың көзқарастарын жинақтай келе, 

құрмалас  сөйлемнің  ең  негізгі  басты  критерийлерін  санамалап,  нақты  атап  көрсетті.  Олар: 1. 

Құрмалас  сөйлемнің  əрбір  компоненті  мейлі  ол  тиянақты  болсын,  мейлі  тиянақсыз  болсын 

бəрібір  сөйлемдік  мағынаға  ие  болуы,  бір  ойды  қамтуы  керек. 2. Құрмалас  сөйлем 

компоненттерінің  білдіретін  мағыналары  бір-біріне  жақын,  қандайда  болмасын,  белгілі  бір 

дəнекерлер арқылы ұштасып жататын желілес күрделі ой болады. 3. Құрмалас құрамына енетін 

əр  компонент  мейлі  тиянақты  болсын,  мейлі  тиянақсыз  болсын  бəрібір  жалпы  сөйлемге  тəн 

қасиеттерге  ие  болуы  шарт , яғни  сөйлемге  тəн  негізгі  қасиет:  коммуникативтілік,  модальдік 

сипат,  предикаттық  қатынастың  болуы. 4.Құрмалас  сөйлем  компоненттерінің  əрқайсысының 

өзіндік  интонациялық  кідіріс  болуы  керек.  Осы  айтылған  белгілер  бойынан  табылатын 

құрылымдар ғана құрмалас сөйлем бола алады. [2, 17-21]. 

Қазір  біз  оқу-əдістемелік  тəжірибемізде  ғалымның  осы  айқындаған  төрт  белгісін 

басшылыққа ала отырып құрмалас сөйлемді талдап жүрміз. 

Үшіншіден,  құрмалас  сөйлемді  түрге  жіктеуде  нені  басшылыққа  алу  керектігін  айқын 

көрсетті. Ғалым құрмаласты байланысу тəсіліне қарай тек салалас,сабақтас деп тануды ұсынып, 



102 

 

мектеп грамматикасында үшінші түр деп көрсетіліп жүрген аралас құрмаластың осы екі түрінің 



араласуынан ғана туындайтын шартты көрінісі екенін дəлелдеді. 

Төртіншіден,  ғалым  қазақ  тілі  синтаксис  ілімінде  алғаш  рет  «Күрделі  синтаксистік 

бірлік» деген терминді енгізіп, оған кейінгі оқулығында анықтамасын беріп, негізгі белгілерін 

айқындады[3,95].  Ал  бұл  өз  кезегінде  синтаксистің  соны  зерттеу  обьектісіне  айналып,  мəтін 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет