9-тарау. Бала жауапкершілігінің және оның мінез-құлқына әсер етуден ерекшеліктері 48-бап. Бала жауапкершiлігінің ерекшелiктерi 1. Құқыққа қарсы әрекет жасаған бала Қазақстан Республикасының заң актілерiне сәйкес жауапты болады.
2. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар жаза түрiн белгiлеу кезiнде баланың өмiр сүру мен тәрбиелену жағдайын, психикалық даму деңгейiн, жеке басының өзге де ерекшелiктерiн, сондай-ақ оған жасы үлкен адамдардың ықпалын ескеруге тиiс.
49-бап. Баланың мiнез-құлқына әсер етудің ерекшелiктерi Ата-анасы және басқа да заңды өкілдері ата-аналық құқықтарын жүзеге асырған кезде баланың дене және психикалық денсаулығына, оның имандылық дамуына зиян келтiруге құқылы емес. Баланы тәрбиелеу тәсiлдерiнде баланың адамдық қадiр-қасиетiне менсiнбей, қатал, дөрекi қарау, оны қорлау немесе қанау болмауға тиiс.
10-тарау. Қорытынды ережелер 50-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершілік 1. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының бұзылуына кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес жауапты болады.
2. Ата-аналық мiндеттерiн орындаудан жалтару ата-ананың (олардың орнындағы адамдардың) балаларды тәрбиелеу мен күтiп-бағу мiндеттерiн тиiсiнше орындамауы, ата-ананың перзентханадағы (оның бөлiмшесiндегі) немесе балаларды емдеу мекемесiндегi баласынан бас тартуы, балаларды қадағалаусыз қалдыруы, оларға қатыгездiкпен қарауы, оларды қанауы ата-аналық құқықтарынан айыруға немесе оларды ата-аналардың орнындағы адамдардан шектеуге әкеп соғады.
Баланы алып қойған кезден бастап балаға арналған жәрдемақы төлеу, сондай-ақ өзге де төлемдер соттың шешiмi бойынша тоқтатылады.
3. Ата-ана (олардың орнындағы адамдар) балаларға арналған жәрдемақыларды және өзге де төлемдердi мақсатсыз пайдаланған жағдайда, егер бұл баланың мүдделерiне елеулi нұқсан келтiрсе, әлеуметтiк қорғау органдары, қорғаншы және қамқоршы органдар, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөнiндегi комиссиялар немесе прокурор бала мүдделерiне орай оған негiзсiз жұмсалған қаражатты өтеу туралы талап қояды. Сот арқылы өндiрiлген қаражат баланың жеке шотына аударылады.
4. Ата-аналық құқықтарынан айырылған ата-ана ата-аналық құқықтарынан айырылуынa қатысты балаларға алименттер төлеу жөнiндегi мiндеттерден босатылмайды.
51-бап. Уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңдарының сақталуын iске асыруды үйлестiруi Балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органды Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi.
Балалар құқықтарын қорғау саласындағы орталық уәкiлеттi орган:
1) бала құқықтарын қорғау саласындағы басқа мүдделi уәкiлеттi органдардың қызметiн үйлестiредi және бағыттайды;
2) баланың негiзгі құқықтарын iске асыру жөнiндегi әртүрлi бағдарламалар әзірлейдi;
3) балалар өмiрi көрсеткiштерiнiң ең төменгi әлеуметтiк стандарттарын, нормалары мен нормативтерiн жақсарту жағына қарай жыл сайын қайта қарауды қамтамасыз етедi;
4) балалар құқықтарын қорғау саласындағы уәкiлеттi органдардың халықаралық ынтымақтастық iсiндегi қызметiн үйлестiредi.
52-бап. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау 1. Қазақстан Республикасының бала құқықтары туралы заңнамасының сақталуына бақылау жасау баланың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған және оны уәкілетті мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген құзыреті шегінде жүзеге асырады.
2. Жеке және заңды тұлғалардың баланың құқықтарын іске асыруға бағытталған қызметі бақылау объектісі болып табылады.
3. Бақылау тексерулер (жоспарлы, жоспардан тыс) түрінде жүзеге асырылады.
4. Жоспарлы тексерулер уәкілетті мемлекеттік органдар бекітетін кестелерге сәйкес жылына бір рет кезеңділікпен жүзеге асырылады.
Жоспардан тыс тексерулер баланың қорғалатын құқықтары мен заңды мүдделерін бұзу қаупін дереу жоюды талап ететін, сондай-ақ азаматтардың өтініштеріне дереу назар аударуды талап ететін жағдайларда жүзеге асырылады.
Тексеруді жүргізу мерзімі бес күннен аспауға тиіс.
53-бап. Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiру Баланың құқықтарын қорғау жөнiндегi функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен ұйымдардың қызметiн үйлестiрудi Қазақстан Республикасының Yкiметi жүзеге асырады.