Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі дәрістік кешен әлеуметтік педагогика



бет1/39
Дата14.10.2023
өлшемі239,7 Kb.
#115097
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


ДӘРІСТІК КЕШЕН


ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКА
5В010300 - ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯ


МАМАНДЫҒЫНА АРНАЛҒАН


ДӘРІСТІК КЕШЕН


1- МОДУЛЬ ӘЛЕУМЕТТІК ПЕДАГОГИКАНЫҢ ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ


1.1Дәріс
Тақырыбы: Әлеуметтік педагогиканың объектісі мен пәні
«Әлеуметтік педагогика» деген түсінік педагогика ғылымының бір саласы ретінде кейінгі кезде қолданысқа енген. Бұл ғылымның бірі – философиядан, екіншісі- педагогикадан алынып, олардың бірігуі ғылымдардың дифференция және интеграция үрдестерінің негізінде туындаған. Ғылым дамыған сайын жаңа ғылыми орта туындап, қоғамның талабы өзгереді, мәселелерді шешу мақсатында оның тармақтары топтастырылып, не болмаса жіктеліп, көбейіп бір ғана мәселені бірнеше ғылым жан-жақты зерттей бастайды. Мысалы, педагогика мен философияның негізінде «педагогикалық психология» пайда болды. Ал әлеуметтану мен педагогикадан «Әлеуметтік педагогика» деген жаңа ғылыми сала дүниеге келді.
«Әлеумет» қазақ тілі сөздігінде «адамдар қауымы» деп түсіндірілсе, яғни «социология» латынша «socialis» - «қоғамдық», «жалпы» деген мағынаны береді. Ол – бірге өмір сүрген адамдардың тұрмысын, олардың қарым- қатынас және байланыс формаларын, олардың салдарын зерттейтін ғылым. Белгілі бір қоғамдағы балалар оқу - тәрбие үлгісінде бірге білім алып, қоғамдық шараларға қатысып, әлеуметтік тәжірибе жинақтап, «әлеуметтану» үрдісіне қатысады.
Ғылым саласы ретінде әлеуметтік педагогика өзінің алғашқы қадамдарын жасауда, бірақ көптеген отандық педагогтар мен псиологтардың еңбектерінен оның бастауын табуға болады. әсіресі әлеууметтік педагогика ХХ ғасырдың соңғы он жылдықтарында ғылым ретінде қарқынды дами түсті.
Ресейдің ғалымдары әлеуметік педагогиканың дамуында бірнеше кезеңдерді бөліп көрсетеді:
І кезең – бастапқы кезең (ежелгі уақыттан ХVII ғ. дейінгі)
ІІ кезең – әлеуметтік педагогиканың ғылым ретінде пайда болуы (ХVII-ХІХ ғасырлар)
ІІІ кезең – әлеуметтік педагогиканың ХХ ғасырдағы ғылыми-техникалық кезеңінде дамуы;
VI кезең – 1990 жылдан бастап әлеуметтік педагогика ғылымы мен тәжірибесі дамуының қазіргі қалпы.
Қазіргі ғылымда әлеуметтік педагогика ғылымы деп тұлғаның әлеуметтік басталуы процесін және әлеуметтік топқа ортаның әсер ету факторларын есепке ала отырып, оны басқаруды зерттейтін ғылымды түсінеміз.
Әлеуметтік педагогиканың объектісі – бүкіл әлеуметтік педагогикалық шындық болып табылады.
Әлеуметтік педагогиканың зерттеу пәні – практикалық іс-әрекетті зерттеудің принциптерін, формалары, әдістерін және оны жүзеге асырудлың шарттарын анықтайтын әлеуметтік педагогикалық процесс. Әлеуметтік педагогика – адамның әлеуметтік қоғамда орын алып қалыптасуы және дамуының педагогикалық – философиялық аспектілері болып, оның жетістіктерін қуаттап, жойылған, не ауытқуға ұшыраған тұстарын қалпына келтіру. Әлеуметтік педагогиканың теориясы мен практикасының нысаны- қоғамның мүшесі ретіндегі адамның тұлғалық және қоғамдық сипаттары.
Әлеуметтік педагогика жалпы педагогикалық мәселелерді ғана емес, қоғамның белгілі бір ауытқуларға ұшыраған бөлігіне арналғандықтан бірнеше ғылым салаларын біріктіреді және солармен тығыз байланыста адамның басына түскен күйзелісті шешу жолдарын қарастырады. Айталық, әлеуметтану философияның құрамдас бөлігі ретінде адамдар қауымының арасындағы қарым – қатынас ерекшелігі мен ондағы тұлғаның орнын диалектика заңдылықтыры тұрғысынан қарастырса, психология- оның ішкі жан дүниесі, психикасының ерекшеліктерінің шығу тегін, медицина - дене сырқаттарын, физиология дене кемістіктерін зерттеп, емдейді. Педагогика осылардың барлығын біріктіріп әлеуметтік педагогика сипатында зерттейді, оларды реттеп, қалыбына келтіру жолдарын қарастырады. Олардың өзере байланысын мынандай сипатта көруге болады.
Әлеуметтік педагогиканың басқа ғылымдармен байланысын төмендегі суреттен көруге болады:



Келтірілген суреттен көріп отырғанымыздай, әлеуметтік педагогика жалпы педагогикамен байланысты. Себебі, оның құрамына тәрбиелеу мен оқытудың жалпы ұстанымдары, санаттары, әдістері мен тәсілдері т.б кіреді және олар елеулі орын алады. Философиямен байланыстылығы - әлеуметтану арқылы және оны әдістемелік тұрғыдан, құбылыстар мен заттар, адамның ойлау жүйесі, қоршаған ортаның және қоғамның әсері т.б. әлеуметтік педагогиканың да басты мәселелері, сондықтан философиялық қағидалардың да қатысы бар. Жалпы психология адамның ішкі жан дүниесін танып-білуге көмектессе, әлеуметтік психология ауытқу мен күйзеліске душар болған адамдармен жұмыс мәселесін қарастырады. Ал медицина, әлеуметтік медицина халық арасында кең тараған ауру- сырқаттарды танып- білу және емдеумен шұғылданады, физиология мен психофизиология адамның дене бітімі және оған тиген зақымдардың әсерін зерттеу және реттеумен шұғылданады; экономика болса, адамдардың материалдық ахуалы және оған көмек беру мәселелерін қарастырады; демография жалпы адам санының өсуіне оның әлеуметтік ахуалының ықпалы секілді тұстарын қарастырады.
Демек, әлеуметтік педагогика – баланы, жастар мен қарттарды, ересек адамдарды әлеуметтендірудің заңдылықтарын зерттейтін ілім ретінде оны жан-жақты қарастырады. Әлеуметтік педагогика зерттеу нысанына байланысты өз ішінде де салаларға бөлінеді. Бірақ, ол көбінесе қарастыратын нысанының жас ерекшеліктері мен күйзелісті ахуаланың өзгешілігіне байланысты. Мысалы, қарттармен әлеуметтік- педагогикалық жұмыс, мүгедек балаларарасындағы әлеуметтік- педагогикалық жұмыс секілді көптеген бөлімдер мен тарауларға бөлінеді.
Қазіргі кезде қоғамдағы әртүрлі жанарулар мен өзгерістерді ықпалы қатты әсер ететін ең бір нәзік тұсы – бала. Сондықтан біз бұл жерде басты объект ретінде бала және онымен жұмыс мәселелерін қарастырамыз. Сонымен, әлеуметтік педагогика- баланың, оқушының, студенттің білім, тәлім – тәрбие алуына қоғамның тигізетін әсерін зерделейді. Жалпы айтқанда, дұрыс тәрбиеленіп, әлеуметтік тұлға болып қалыптасуына отбасы, білім, мәдениет, дін т.б. тигізетін әсерін танып - білетін ілім деуге болады.
Әйтсе де, әлеуметтік педагогиканың жеке өзіне тиісті теориясы, практикалық іс- шаралары, құралдары мен әдіс- тәсілдері және технологиясы бар. Қандай ғылыми теория болмасын, ол практикаға сүйеніп дамиды және жұмыс практикасына оның теориялық анықтамалары қалыптасады. Әлеуметтік педагогиканың ғылыми – теориялық және әлеуметттік-педагогикалық іс шаралары бар. Олар әлеуметтік педагогпен әлеуметтік қызметкерлерге тиесілі. Оның жүргізетін іс-шаралары бір немесе бірнеше балаға, балалар психологиясына қоғамның тигізетін әсерін білу, көмектесу, кедергілерді жою, күйзелістен шығуға көмектесу жолдарын қарастырады.
Әлеуметтік педагогика оқу пәні ретінде жалпы және кәсіптік білім беру мекемелерінде жүргізілуі керек. Бірақ бұл пән кең қанат жайып, өз орнын тапқан жоқ. Оның қажет екені күн сайын дәлелденуде. Әсіресе 1990 жылдары Кеңес Одағы тараған соң белгілі бір көмекті қажет ететін ересек адамдар, балалар мен жастар, қарттардың т.б. саны көбейіп, олармен әлеуметтік- педагогикалық жұмыс жүргізетін арнайы білім алған қызметкердің жоқтығы, оларды даярлау керек екендігін анық байқатты.
Әлеуметтік педагогика ұғымы алғаш рет ХІХ ғ. ортасында неміс педагогі Адольф Дистервиг тарапынан ұсынылған, бірақ ресми түрде бұл ұғым ХХ ғ. бас кезінде қолданысқа ие болды.Әр ғылымның өзінің зерттейтін пәніне байланысты ұғымдар бар. Педагогика ғылымы секілді әлеуметтік педагогика да адам туралы. Ол ізгілікті ғылымдармен байланысты дамып, жеке өзіне ғана тән «әлеуметтік – педагогикалық іс- әрекет», «әлеуметтік білім беру» және «әлеуметтік тәрбие» сияқты салалардан тұрады.
Әлеуметтік-педагогикалық іс- әрекет кәсіптік жұмыстардың бір түрі ретінде баланы әлеуметтендіруге көмектесіп, әлеуметтік-мәдени тәжірибелерді меңгеруге қолайлы жағдай жасау дегенді білдіреді. Бұл іс әрекет әлеуметтік педагог тарапынан әр түрлі оқу мекемелерінде, ұйымдарда, қауымдастықтарда, кәсіпорындар мен шеберханаларда, жеке тұлғамен де жүргізіледі.
Әлеуметтік білім беру - баланы әлеуметтендіру мақсатында қоғам, ондағы мекемелер, қарым-қатынас және жұмыс қағидалары, ережелер, нормалар туралы білім алып, оны іс жүзінде қолдану жолдарын меңгеру. Осы ұғымға арнай кәсіптік мән беру мақсатында 90 жылдары «әлеуметтік педагогика» және «әлеуметтік- педагогикалық қызметкер» деген ұғымдар пайда болды.
Әлеуметтік тәрбие - баланы әлеуметтендіру үрдісін дұрыс ұйымдастырып, түрлі әлеуметтік кедергілерге қарсы тұра алатын тұлғаны қалыптастыру. Әлеуметтік- педагогикалық іс- әрекет жеке тұлғаның әртүрлі тосын жағдайларға ұшырап қалғанда одан шығуына көмектесу, сүйемелдеу мақсатында ұйымдастырылады.
Қазіргідей адам мен қоршаған ортаның, адам мен қоғамның арасында қарама- қайшылықтар үдеп, адамдардың психикасына әсер ететін теріс көріністер орын алып отырған кезде әлеуметтік тәлім-тәрбиенің маңызы зор. Ауыр күйзеліске ұшыраған жетім-жесірге, мүгедекке, қараусыз қалған жандарға, кедейшілік пен қайыршылыққа душар болғандарға, әртүрлі туа біткен не техногенді, экологиялық апаттарға ұшыраған адамдарға қолдау көрсетіп, көмек беруде әлеуметтік – педагог пен әлеуметтік қызметкер жұмысының өзіндік маңызы өте зор.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет