Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі дәрістік кешен әлеуметтік педагогика


Әлеуметтік педагогиканың мақсаты мен міндеттері, қызметі



бет2/39
Дата14.10.2023
өлшемі239,7 Kb.
#115097
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Курс лекций по дисциплине Социальная педагогика

Әлеуметтік педагогиканың мақсаты мен міндеттері, қызметі.
Әлеуметтік педагогика оқу пәні ретінде болашақ мамандар мен педагогтардың алдына мынандай мақсаттарды қояды:

  • Таңдап алған кәсібі бойынша теориялық және практикалық білімді меңгеру;

  • Әлеуметтік тәрбиенің мәселелерін көре білу, сезіну, түйсіну және шешу жолдарын қарастыру;

  • Баланы әлеуметтендіруге қолайлы шарт жасау және кедергілерді жоя білуге баулу.

  • Баланың ізгілікті сезімдерін ояту, бауырмалдық, адамгершілік, мейірімділік қасиеттерін қалыптастыру;

  • Тосын жағдайлардан өз алдына шығуға ұмтылуға, тура шешімін табуға, тартынбай іс- қимылға кірісуге үйрету.

  • Адамдармен қарым-қатынас, байланыс орнатып, мәміле түзе білуге, топта, не болмаса ірі ұжымда өзін - өзі басқаруға үйрету;

  • Қоршаған ортаның әсерін талдай білу және әлеуметтендіру «құрбандығы», шығындары туралы түсінік беру және көмектесе білуге үйрету;

Қысқасы, баланы адамгершілікке, ізгілікке, қамқор болуға үйрету және жеке өз мүддесін, талабын қанағаттандыруға баулу, қабілеттерін дамытуына ынтасын ояту мақсатын көздейді. Тосын жағдайларға ұшыраған, көмекке мұқтаж адамдарға көңіл бөлу, олардың мәселелерін шешуге қол ұшын созып, ізгілікті қарым-қатынас орната білу қазіргі өтпелі заманда аса қажет.
Осы мақсаттарды жүзеге асыруда әлеуметтік педагогиканың атқаратын қызметтерінің өзіндік орны бар. Енді соларға назар аударалық:

  • қалпына келтіру және тәрбиелеуді жүзеге асыру;

  • әлеуметтік- құқықтық мәлімет пен білім беру;

  • әлеуметтік қатарға қосу (реабелитациялау);

Тәрбиелеу қызметі- баланы өз өмір сүрген әлеуметтік ортаға араластыру, бейімдеу, әлеуметтендіру мәселелеріне белсенді қатысу.
Әлеуметтік құқықтық қызметі - балаға мемлекеттік қамқорлық көрсетіп, оның құқығын сақтау, мүддесін қорғау. Әлеуметтік қатарға қосу қызметі - күйзеліске ұшыраған, туа біткен, не болмаса тосын жағдайлардан мүгедек болып қалған, не созылмалы ауруларға ұшыраған, ақыл- есі кем, не дамымай қалған кемтар балаларға көмек беру, күтпеген жағдайлардан шығып кетуге жәрдемдесу болып табылады.
Балаға алғашқы сәттерде көмек беру үшін оның отбасын, ол өмір сүріп отырған ортаның ерекшеліктерін зерттеу, талдау, бұрынғы өмір тәжірибелерін танып білу, ұлттық мұра, отбасы салт-дәстүрлеріне мән беру іс–шараларын ұйымдастыру- әлеуметтік педагогтың ең басты міндеті. Баланы білмей, ұғынып – түсінбей тұрып, оған көмектесу қателіктерге ұрындырады.
Белгілі орыс педагогы С. Т. Шацкий (1887-1937 ж.ж) «бала дамуының негізгі тірегі- қалыптасқан әлеуметтік жүріс – тұрыс нормалары, әдет- ғұрып, салт дәстүрлер, бала өмір сүрген орта және оқу- тәрбие үрдісінің әсері», - деген сөзі қазірде өзектілігін жойған жоқ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет