Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі дәрістік кешен әлеуметтік педагогика



бет7/39
Дата14.10.2023
өлшемі239,7 Kb.
#115097
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39
Байланысты:
Курс лекций по дисциплине Социальная педагогика

Анкеталау – ауқымды материал жинақтау үшін қолданылады. Сұрақ жауаптары жазба күйінде қабылданады. Сұхбаттасу мен интервью алу бетпе-бет әңгімелесумен жүргізіледі, ал анкеттеу – сырттай орындалады. Аталған әдістердің нәтижелі болуы қойылатын сұрақтардың мазмұны мен құрылымына тәуеледі. Сауалнама түзуде ескерілетін жәйттер:
1) алынатын ақпараттың сипатын анықтап алған жөн;
2) қойылатын сұрақтың бірнеше баламалы өрнегі болғаны қажет;
3) сауалнаманың бірнеше жоспары түзіліп, ол алғашқы тексеруден өткізілуі тиіс;
4) сауалнама кемшіліктері түзетіліп, пайдалануға ақырға редакциясының ұсынылуы дұрыс.
Құнды материал оқушылардың шығармашылық туындыларын зерттеу әдісімен де алынады. Олар: шәкірттер орындаған жазба, графикалық, шығармашылық және бақылау жұмыстары; балалардың суреттері, сызбалары, жасалған қосалқы бөлшектер, кейбір пән дәптерлері. Мұндай жұмыстар оқушылардың даралық қабілеттерінен дерек береді, олардың қандай да бір саладағы ептілік және дағды жетістіктерінің деңгейін көрсетеді. Мектеп құжаттарымен танысу әдісін қолдана отырып, оқушының жеке ісі, дәрігерлік карта, күнделік, жиналыс не отырыс хаттамалары және сол секілді мектеп хат-қағаздармен танысу арқылы зерттеуші оқу-тәрбие, білім игеру процесін ұйымдастыру практикасында нақты қалыптасқан объектив жағдайлар жөніндегі ақпараттармен қаруланады.
Кейінгі кезде педагогикалық әдістерге, жаңа ғылыми идеяларды игеру барысында диагностикалық зерттеу әдісі қолданыла бастады. Ол ұстаздық шеберлікті көтеруді қарастырады. Бұл әдістемелік жұмыс құрылымын жетілдіре түсуге мүмкіндік береді.
Диагностикалық зерттеудің тиімділігі:
1. Оқытушының өз жұмысына өзінің талдау жасауы, артықшылығын екшеп, тәжірибесін түйіндеу болса;
2. Өз кемшілігін анықтап мұғалім оны жоюдың да жолын іздейді. Ондай мұғалімнің шығармашылық тынысы кеңейіп озат тәжірибелерге ден қоя бастайды. Диагностикалық зерттеу жұмысы ең алдымен анкеталық сұрақтарға жауап беруден, сол арқылы карта жасалудан басталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет