Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


11.3 Электрондық оқыту технологиялары



Pdf көрінісі
бет133/145
Дата29.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#103706
түріОқулық
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   145
Байланысты:
bilimdi akparattandyru

318
11.3 Электрондық оқыту технологиялары 
Электрондық оқыту технологиялары түсіндірмесі жəне 
мазмұны 
«Электрондық оқытудың технологиясы» (ЭОТ) түсінігіне 
анықтама беруде А.Я. Савельеваның оқыту технологиясына бер-
ген түсінігінен алған жөн. Оның ойынша «оқыту технологиясы 
дегеніміз бұл оқытудың мазмұнын нақтыландыру əдісі, ол алдын 
ала оқу программаларымен қарастырылған, формада жүйеленіп 
ұсынылған, нəтижелі мақсатқа жету жолындағы оқыту құралдары 
мен əдістерімен қамтылған жасақтама». Берілген анықтама 
мүмкіндікті бағалау үдерісі, операциялар мен оқыту процеду-
ралары секілді негізгі белгілерден тұрады. Кез келген қызмет 
түрі технология деген атқа құқылы болуы үшін, ол алдымен бір 
ізділік əдейi жəне жоспарлы анықталған элементтерден құрылуы 
тиіс. Бұл операциялардың бірінде де бір ізділік, кезеңдер туынды 
түрде орнатылмауы қажет, себебі əрбір қызмет түрінің өзіндік ішкі 
логикалық дамуы жəне өзіндік атқаратын қызметтері ерекше. Соны-
мен қатар, бұл үдеріс кезеңінде тізбекті пайдаланып таралымдарға 
жіберуге болады. ҚОЖ ерекшеліктері (мысалы, көлемі, АКТ 
құрамының кең көлемде қолданылуы жəне т.б.) білім беру үдерісі 
кезеңінің технологиялық мүмкіншіліктерін алдын ала анықтайды. 
Сондықтан ЭОТ анықтамасы əлеуметтік технологияның айқара 
ашылған формада аналогия бойынша қалыптастырады, электрондық 
оқыту технологиясы – бұл білім беру жолындағы мұғалімдердің 
алға қойған мақсатқа жету жолындағы келесі координацияға өту 
жəне синхронизациялану кезеңдері жəне процедураларының 
анықталған əдісі. 
Осылайша, электрондық оқыту технологиясы білім беру 
тəжірибесінің көрсеткіші, ғылыми-топтастырылған жүйе ретінде 
қарастырылады. Электрондық оқыту технологиясының элемент-
тері өзара қарым-қатынастағы оқыту əдістері, оқыту құралдары 
мен білім беру мазмұнында берілген нақты формалары болып табы-
лады.
Электрондық оқыту технологиясы ғылыми білімді дидактикалық 
қолдануға, жеке білім алушының жоғары нəтиже көрсетіп 
дамуы жəне оқыту үдерісіндегі ұйымды есепке алғандағы 
эмпирикалық иновациялық мұғалімдер-курс құраушыларына 


319
бағытталған. Бұл оқыту үдерісін басқаруды болжайды, ал ол екі 
өзара байланысты үдерістен тұрады: оқушының оқу қызметін 
ұйымдастыру жəне осы қызметті қадағалау. Сонымен қатар, 
педагогикалық толықтай үдеріс кезеңінде бұл элементтердің 
əрқайсысының өзіндік алға қойған мақсаты мен электрондық 
оқыту технологиясы сəйкестендіріледі, əрбір технологиялық про-
цедура, əрбір технологиялық қолданыстың оқыту барысында 
өзіндік анықтамасы, тапсырмаларды оңтайландыру кезеңінде 
əрқайсысының өзіндік шешімі бар.
Осылайша, ЭОТ – дидактикалық басқару кезеңіндегі ең негізгі 
механизм элементі, абстрактілі ғылыми тілді тəжірибеде нақтылы 
қарапайым тілге аударатын құрылғысы болып табылады.
ЭОТ жобалау кезеңінде өзгертілмейтін механикалық шығысы 
жоқ үдеріс емес, вариантты – құрамды алгоритм, мұғалім мен оқушы 
арасындағы векторлық өзара байланысу мүмкіндігі екенін ескеру 
керек. Педагогикалық технологиялық нəтиже беру кезеңінде оқу-
тəжірибелік кешенін өңдеу деңгейі, тьютор даярлығының дəрежесі, 
əрбір жеке оқушының жалпылай дамуы, ақпараттық технология-
лар бөлім құрылғысын қабылдау, сонымен қатар, оқыту кезеңіндегі 
материалдық-техникалық деңгеймен қамтылуы, электрондық 
оқытудың технологиялық платформасын таңдау, жəне т.б. үлкен 
əсерін тигізеді.
Төменде заманауи электрондық оқытудың технологиясын өңдеу 
кезеңінде жетекшілік ететін негізгі талаптары көрсетілген: 
- «Бүтіндік». ЭОТ мақсаттар жүйесі түрінде ұсынылып, 
əдістер, құралдар, оқытудың шарттары мен формала-
ры, нақты дидактикалық жүйелермен қамтамасыз етілуін 
қадағалайды. Электрондық оқытудың дидактикалық жүйесі 
құқықтық-нормативтік, қаржылық-экономикалық, марке-
тинг, материалдық-техникалық жəне қауіпсіздік жүйелерінен 
тұрады.

«Жүргізушілік». Электрондық оқыту технологиясы 
педагогикалық ортаны сипаттай отырып, белгілі бір оқытудың 
мақсатқа жететіндігіне кепілдік береді. Заманауи ЭОТ 
тарамдалған түрде болуы тиіс. Оны жүргізуге жəне түрлі оқыту 
орындарында аналогиялық нəтижеге жетуге болады.
- «Адаптация» білім алушылардың жекелей оқыту кезеңі. Бұл 
кезең білім алушылардың нақты ерекшеліктерінің танымдық 
бағалау талаптарына жауап беруі тиіс.


320
- «Психологиялық негізділік». Бұл оқушының оқшауланған 
жұмыс ерекшеліктерінен құралған, оқыту кезеңінде ерекше 
компьютер жəне телекоммуникациялық құралдарын қолдану.
- «Экономикалық пайдалылық» білім беру ортасында қазіргі 
жеткіліксіз қаржылық алғашқы дəрежелік шарттарынан 
тұрады. 

«Ғылымилық» педагогикалық білімнің соңғы жеткен 
жетістігінің тірегін талап етеді, ғылыми топтастырылған 
жəне дидактикалық жаңа кіріспе тəжірибелік тексеруден 
өткен, білімнің іргелес дидактикалық областарынан алынған 
мəліметтер қоры.
- «Иілгіштік» – оқытудың үздіксіз мазмұнын жаңартып оты-
ру мүмкіндігі, оқу пəнінің мазмұнын жетілдіру жəне оларға 
дидактикалық материалдар табу. Бұл жүйе оқытудың 
желілік технологиясын қолданған жағдайда жеңілдетіледі. 
Ол əсіресе жылдам актуальдандыру оқу-əдістемелік 
материалдардың электрондық түрде ұсынылған жағдайда 
ерекше көзге түседі. 
- «Қадағалау» – білім беру кезеңіндегі жедел түзетулер мен 
технологиялық оқытудың барлық кезеңдер бойынша сапалы 
бағалау нəтижелерін қамтамасыз ететін жүйелік компоненттің 
бар болуы. Желілік технологиялық оқыту кезеңі талаптарын-
да білім алушылардың идентификациялық жетекшілігі қажет 
етіледі.
Электрондық оқытудың нəтижелілігі оған қолданылатын 
технологияға тікелей байланысты. Электрондық оқытудың 
мүмкіншіліктері мен технологиялық сипаттамасының басты мақсаты 
мұғалім мен оқушы арасындағы өзара байланысты барынша жоғары 
деңгейдегі жүйе екендігін көрсету.
Электрондық оқыту кезеңінде қашықтықтан оқытудың негізгі 
технологиялары ТВ технологиясы, кейс технологиясы жəне желілік 
(Интернет) технологиялары болып табылады. 
ТВ технологиясы телевидениялық оқу-əдістемелік материалдар 
мен мұғалім-тьютордың əрдайым кеңесін алып отыруымен жүйеге 
келіп қорға айналады. Сонымен қатар, спутниктік телевидениялық 
жəне телемостларды қолдана отырып семинарлар, сабақтар өткізу 
мүмкіншілігі бар.
Кейс технологиясы мəтіндік жинақтарды, аудиовизуальды жəне 
мультимедиалық оқу-əдістемелік материалдарын, оқушылардың 


321
мұғалім-тьюторлардың көмегімен өзіндік зерттеуін негізге алып 
қолданылатын жинақ. 
Желілік технологиялары мұғалім мен оқушы арасындағы 
өзара интербелсенді байланысты орната отырып, оқу-əдістемелік 
материалдармен қамтиды, телекоммуникациялық желілерді пай-
далана отыру негізінде жүзеге асырылады. Олар асинхронды жəне 
синхронды болып бөлінеді. Асинхронды технологиясы орнықты 
оқытуды, ал синхронды – шынайы қашықтықтан оқытуды жүзеге 
асырады.
Асинхронды технологиялар жеткілікті түрдегі жəне көпке таны-
мал СВТ (немесе «қарапайым» СВТ) жəне WBT (топтастырылған 
технологиялар жинағы) болып табылады:
- Computer – Based Тraining (СВТ) – мұғалім мен оқушы 
арасындағы жергілікті компьютердің интербелсенділігі түрлі 
дəрежедегі оқыту программаларын қолдана отырып жекелей 
оқыту.
- Web - Based Тraining (WBT) - мұғалім мен оқушы арасындағы 
жергілікті компьютердің интербелсенділігі түрлі дəрежедегі 
оқыту программаларын қолдана отырып жекелей жəне топпен 
оқыту.
Оның негізгі ерекшеліктері:
- желінің арнайы серверінде сақталынатын оқу материалы;
- оқушының оқыту деңгейін басқарып жəне зерттеп отыру;
- интербелсенділігі əртүрлі коммуникациялық технологияларды 
жекелей жəне топпен қолдану мүмкіншілігі.
Синхронды желілік оқыту технологиясы мұғалім мен оқушы 
бір- бірінен алыс қашықтықта болған жағдайда қолданылады. Олар 
бейнеконференциялық байланыстар орнату арқылы жəне қосымша 
ортақ жұмыс құрылғыларын жасап, виртуалды сынып құрайды. Бұл 
технологиялар оқу кезеңіндегі барлық қатысушылардың бір мезгілде 
қатысуын талап етеді.
Электрондық оқытудың базалық технологиясы – Интернет-тех-
нологиясын қолдану арқылы құралған технология. Интернет желісі 
электрондық оқытуға қажетті барлық құрылғыларды ұсынады. 
Электрондық оқытуда өте аз тараған телевидения мен кейс техноло-
гияларынан құрылған телевидения-ғарыштық технологиясы болып 
табылады.
Жалпылай алып қарағанда, Интернет-желісін қолдану арқылы 
құралған электрондық оқыту технологиясын қолдану басқа 


322
жабдықтардың барлығын ығыстырады. Сонымен қатар, Интернет-
технологиясы басқа да ақпараттық технологиялардан тұрады. Мы-
салы, телефония Интернеттің бір құрамдас бөлігі болып келе жатыр.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   129   130   131   132   133   134   135   136   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет