205
Психологиялық-педагогикалық сараптама. Психологиялық-
педагогикалық сараптама жүргізу барысында электрондық білім
беру басылымдары -ды жəне оның құрауыштарын электрондық
білім беретін басылымның немесе ресурстың типі бойынша, білім
беру деңгейі бойынша, оқыту үрдісінің типі жəне түрі бойын-
ша бағыттау іске асырылады. Сонымен қатар, ақпараттандыру
құралдарының мазмұнын жəне баяндалуын бағалау, дидактикалық,
əдістемелік жəне психологиялық талаптарға сай келуі, арнайы
əзірленген педагогикалық əдістемені пайдалану жəне əдістемелік
қолдау көрсету жүзеге асырылады.
Тексеру кезінде анықталады:
- электрондық білім беру басылымдарының қолданылу мақсаты
жəне саласы;
- əдістемелік оқыту жүйесінің аясында жобаланған электрондық
білім беру басылымдары пайдаланудағы педагогикалық
мақсаттылық;
- əдістемелік дəрежесі;
- білім беру жүйесінің балама ақпараттандыру құралдарына
сəйкес келу деңгейі.
Сонымен бірге, сараптама жасау кезінде мамандар электрондық
білім беретін басылымдардың немесе ресурстардың дидактикалық
жəне əдістемелік талаптарға сай болу деңгейін бағалау қажет:
Достарыңызбен бөлісу: