Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


- жұмысты ұйымдастыру жүйелік ыңғай жасау негізінде іске  асуы қажет; -



Pdf көрінісі
бет73/145
Дата29.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#103706
түріОқулық
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   145
Байланысты:
bilimdi akparattandyru

- жұмысты ұйымдастыру жүйелік ыңғай жасау негізінде іске 
асуы қажет;
- сарапшы ретінде əртүрлі саланың мамандары тартылуы тиіс, 
себебі, бұл жағдай электрондық білім беру басылымдары жан-
жақты сараптамалауға мүмкіндік береді;
- жоғары білікті сарапшылардың (өз саласының жетекші ма-
мандары) еңбегі мен тəжірибесін тек ғаламдық шешімдерді 
қабылдауға ғана пайдалану қажет;
- электрондық білім беретін басылымдарды жəне ресурстарды 
сараптамалау бойынша жұмыстар негізгі жəне дайындаушы 


204
деп екі топқа бөлінуі тиіс; дайындаушылық жұмыстарды ең 
төменгі білікті мамандар жүзеге асыра алады;
- сараптамадан өткен электрондық білім беру басылымда-
ры мүмкіндігінше өзгертіліп жəне жетілдірілгендіктен оқу 
жүйесінде пайдалану үрдісі кезінде сапаны сараптамалық 
бағалау рəсімі толық көлемде мерзімдік қайталанып тұруы 
қажет.
Кешендік сараптаманы ұйымдастыруға қойылатын талаптар 
дегеніміз – электрондық білім беретін басылымдарды жəне ре-
сурстарды құру жəне қолдану бойынша техника-технологиялық, 
психологиялық-педагогикалық жəне дизайн-эргономикалық 
аспектілерді сараптамалау əдісі. 
Техника-технологиялық сараптама. Техника-технологиялық са-
раптама жүргізу барысында анықталады:
- құралдардың талап етілетін орталарда, желілік режімде, басқа 
басылымдар жəне ресурстармен үйлескенде қалыпты жұмыс 
жасай алу мүмкіндігі;
- заманауи мультимедиа құралдарын жəне байланыс техноло-
гияларын қолданудың дұрыстылығы;
- 
жұмыс жасау қабілетінің тұрақтылығы, сенімділігі, 
гетерогенділік, ақауларға беріктігі;
- тіркелмеген құбылыстардан қорғау сапасы жəне оның бар бо-
луы;
- 
инсталляция жəне деинсталляцияның қарапайымдылығы, 
сенімділігі жəне толықтығы;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   69   70   71   72   73   74   75   76   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет