Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


- монитор бетінде əріптік-сандық символдарды жəне белгілерді  ұйымдастыру сипаттамалары; -



Pdf көрінісі
бет76/145
Дата29.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#103706
түріОқулық
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   145
Байланысты:
bilimdi akparattandyru

- монитор бетінде əріптік-сандық символдарды жəне белгілерді 
ұйымдастыру сипаттамалары;
- 
диалог ұйымдастыру сипаттамалары (білім алушы үшін 
қолжетімділігі, əсер етуге жауап беру уақыты немесе басқару 
əрекеттері, нұсқалар саны жəне «мəзір» типті сұрақтардың 
жауаптары шындыққа сай келуі, нұсқаулықтың немесе сыбыр 
сөздің бар болуы);


207
- дыбыстық сүймелдеудің сипаттамалары (дыбыстық ақпаратты 
қабылдау ыңғайлығы, дыбыстық сипаттамаларды баптаудың 
қолайлылығы, жəне дыбыстық сүйемелдеу қарқынының 
тиімділігі);
- оқу жүйесін ақпараттандыру құралдарының құрауыштарының 
эстетикалық деңгейі.
Сонымен бірге, дизайн-эргономикалық сараптама үрдісі кезінде 
мамандар электрондық білім беретін басылымдар мен ресурстардың 
келесі негізгі параметрлерін бағалау қажет:
- 
пернетақтаны, «тышқан» манипуляторды, микрофон-
ды, сканерді, баспаға шығару құрылғысын жəне басқа 
құрылғыларды пайдалану қолайлылығы, мақсаты жəне 
дұрыстығы;
- 
бейне үзінділердің, анимациялардың, статистикалық 
графикалық жəне фото бейнелердің, қаріптік жəне салынған 
мəтіннің бар болуы жəне сапасы;
- 
интерфейстің достық қатынасы (пернетақтаны, сыбыр 
сөздерді, жазбалар, анықтама жүйелерін жəне т.б. пайдалану 
қолайлылығы);
- мағыналық қателерге бірізділік, бірақ құрамдық-тəуелділік 
түзету əсерлерінің бар болуы;
- 
электрондық білім беру басылымдарының мазмұндық 
толықтығы бойынша бағыттау принциптерінің жайлылығы 
мен тұрақтылығы;
- имитациялық моделдеудің мүмкіндігі мен сапасы;
- іздеу жəне анықтамалық ішкі жүйелердің жұмысының бар бо-
луы, тиімділігі жəне бірізділігі.
7.1.3 Ақпараттандыру жағдайындағы оқыту əдістеріндегі өзгеріс 
Қазіргі заманғы мектептерге үйлесімді оқыту жүйесін 
ұйымдастырудың негізгі формасы болып сабақ қарастырылады. 
Бұны жалпыға бірдей орта білім жүйесіне арналған ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдарын əзірлеу жəне пайдалану 
кезінде есепке алған жөн. Оқушыларды сыныптық-сабақ жүйесі 
аясында көптеген оқу пəндеріне оқыту арнайы бөлмелерде 
өткізіледі. Сондықтан, сыныптық-сабақ жүйесінің тиімділігін 
арттыру перспективасы бөлмелерді дидактикалық жəне техни-
калық оқыту құралдарымен жабдықтау жəне сабақ типтерін жəне 


208
олардың модульдерін жетілдіруімен байланысты. Бұл байланыста 
ақпараттық жəне байланыс технологияларына үлкен үміттер арты-
лады. 
Заманауи ақпараттық жəне қатынас технологиялары пəндік 
сабақ жөнінде компьютерлік сыныпта айтуға мүмкіндік береді, мы-
салы, интербелсенді тақтамен. Мұндай деңгейдегі оқытушы өзінде 
бар барлық əдістемелік амалдарды сақтай отырып, оны ақпараттық-
қатынастық технологиялар мүмкіндіктерінің арқасында көп есе 
көбейте алады. Ол үшін, ең алдымен электрондық білім беру басы-
лымдары қажет, яғни оны сабақ құрамына оңай енгізе алатындай 
болса. 
Өкінішке орай, білім беретін программа өнімдерін əзірлейтін 
отандық өңдеушілердің негізгі күші əртүрлі тектес зияткерлік 
оқыту жүйелерін жасауға бағытталған. Ол оқытуды дараландыруға 
арналған. Іс жүзінде оқытушыға ақпараттық-қатынастық 
технологияларның ұсынылған сыныптық-сабақ жүйесі жағдайында 
өткізілетін сабаққа ешбір қосымша уақыттық шығын шығармай-ақ 
енгізуге болатындай құралдарын беру керек. 
Қазіргі таңда перспективалы жəне маңызды амалдардың бірі 
ретінде қажетті құрылғылармен жабдықталған сынып жағдайындағы 
мектеп бағдарламасының (жеткілікті түрдегі тұрақты мазмұны мен 
қалыптасқан оқыту əдістемесімен) салыстырмалы түрдегі кейбір 
тұйық бөлімін меңгеру барысында ақпараттық-қатынастық тех-
нологиялар құралдарын пайдалануда кешендік тəсілді қолдану 
қарастырылады. 
Оқу үдерісін ұйымдастыруда ақпараттық-қатынастық техно-
логиялар құралдарын пайдалану перспективасына қатысты пəндік 
оқытушылар мен əдіскер мамандардың санасында елеулі өзгеріс пай-
да болды деп айту жөн болмас. Көзжетерлік болашақта мектептердің 
көпшілігі, бұрынғысынша, сыныптық-сабақ күйінде қалады, ал 
қолда бар ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының ба-
сым көпшілігі жеке-дара жұмысқа есептелген. 
Қазіргі таңда мектептер үшін білім берудің барынша 
қолжетімді ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары 
болып CD-диск мультимедиа күйіндегі желілік нұсқалар 
саналады. Шындығында, бұл материалдар қарапайым баспасөз 
басылымдарынан аз ғана ерекшеленеді. Бұрынғыша, негізгі 
теориялық материал таңбалы-символдық формада ұсынылады 
жəне үйреншікті дайын сымбатты сызбалармен жəне суреттермен 


209
қоса көрсетіледі. Оқытушыларды, бірінші кезекте, сабаққа оқыту 
материалдарын пайдалану аса қиындық туғызатындығы 
қынжылтады. Ережеге сəйкес, ақпараттық-қатынастық техноло-
гиялар мұндай құралдары сабақтан тыс жеке-дара өзіндік жұмыс 
жасауға арналған.
Оқытудың дəстүрлі техникалық құралдарын пайдалану са-
ласында жиналған əдістемелік білім берудің тəжірибесін қайта 
пайымдап, одан қалған əдістемелік тəжірибені жан-жақты пайда-
лану қажет. Осы уақытқа дейін осындай құралдардың барлығын 
аудитивті (грамжазбалар, магнитофонның жазбалары), визуалды 
(«дыбыссыз» кинофильмдер жəне киноаяқтамалар, диафильмдер, 
диапозитивтердің сериялары, транспаранттар – графопроектор үшін 
оларға суреттер салынған үлгілер, эпипроекцияға арналған мате-
риалдар жинағы) жəне аудиовизуалды (дыбыстық кино жəне бейне-
фильмдер, телекөрініс материалдары, дыбысталған диафильмдер) 
деп бөлу қабылданған еді. 
Техникалық құралдарды жəне олардың кешенін сабаққа 
пайдалануға арналған көптеген əдістемелік əдебиеттер бар. Нақты 
техникалық оқыту құралдарының жетістіктері мен кемшіліктері 
сипатталған. Əртүрлі техникалық құралдар үшін арналған, олар-
ды қалай пайдаланудың нұсқаулықтары əзірленген, өз бетінше 
ұжымдық жəне жеке-дара жұмыс жасауға арналған тапсырмалардың 
нұсқалары жəне басқалары даярланған.
Айтылғандардың барлығына қарамастан, көрсетілген техни-
калық оқыту құралдары оқу үдерісін сəтті (немесе сəтсіз) түрде 
толықтыратын жəне сүйемелденетін, бірақ оны ешқашан назарға 
алған емес. Компьютер жəне ақпараттық-қатынастық технология-
лар сəйкесті құралдары айтылған техникалық оқыту құралдарының 
мүмкіндіктерін елеулі байытуға жəне интегралдауға мүмкіндік 
береді. Осылайша, барлық сабақтың өтілуін жəне құрылымын 
өзгертуге болады. 
Əртүрлі ақпарат сақтауышта жазылған материалды арнайы мон-
таждау оқу кинофильмінің қадір-қасиетін іске асыруға мүмкіндік 
береді: түрлі мəнерлі тіл құралдарын (мəтін, дыбыс, статистикалық 
жəне динамикалық демонстрациялар) ұтымды үйлестіру, зерттейтін 
объектінің қажетті жоспарын жəне бөлігін таңдау, оның бетбұрысын 
өзгерту жəне т.б. Графика құрастырушылармен жұмыс жасау кезінде 
де кең тараған əдістерді жүзеге асыру осылайша қарапайым дүние: 
үлгілерді салу жəне алу, көшірімдеу.


210
Ақпараттық-қатынастық технологиялар білім алушыны да-
йын оқу материалын пайымдаушы ғана емес, сонымен қатар оны 
құруда, өзгертуде, оперативті қолдану аясында қатысушы етуге 
жағдай жасайды. Қолда бар мультимедиалық курстар мен білім 
беретін программалық өнімдер қазірдің өзінде сабақты жаңашада 
дайындауға мүмкіндік береді. 
Ақпараттық жəне қатынас технологиялары оқу қызметін 
ұйымдастыру мен басқару бойынша мүмкіншіліктерді өлшеусіз 
кеңейтеді жəне перспективті əдістемелік өңдеулердің өте зор 
əлеуетін жүзеге асыруға мүмкіндік туғызады. Дəстүрлі оқыту аясын-
да бұл əдістемелік өңдеулер сұраусыз қалып қойды немесе белгілі 
бір объектілердің əсерінен тиісті əсерін тиігзе алмады. 
Салыстырмалы түрде оқытудың бірнеше жаңа əдістері бар жəне 
олардың пайда болуы заманауи ақпараттық-қатынастық техноло-
гиялар құралдарының өмірге келуімен жəне оларды пайдаланумен 
байланысты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет