Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



Pdf көрінісі
бет42/145
Дата29.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#103706
түріОқулық
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   145
Байланысты:
bilimdi akparattandyru

4.3 Мультимедиа жəне оқу ойыны
Мультимедиа технологиялар жəне дайындалған мультимедиа-
ресурстар оқытудың түрлі əдістерін жүзеге асыруда қолданылуы 
мүмкін. Мультимедианы қолдану бірқатар педагогикалық тиімді-
лікті беруі мүмкін əдістердің бірі – оқу үрдісінде қолданылатын 
түрлі ойындар.
Оқушыларға арнайы ақпаратты хабарлап қана қоймай со-
нымен қатар арнайы жиі кездесетін жағдайларда əрекет жасауға 
үйрететін, сонымен қатар пəнді тереңірек немесе өз бетімен оқып-
үйренуге қызығушылығын туғызатын мектеп пəндері де жоқ емес. 
Компьютерлік техниканы жəне түрлі ақпараттардың түрін пай-
далана отырып, ойынды қолдану жаңа материалды меңгертеді, 
оны бекітуді, тексеруді, материалды қабылдаудағы кемшіліктерді 
анықтауға мүмкіндік берді. 
Сабақтың жəне дидактикалық ойынның жалпы қажетті сапа-
сы – арнайы нəтижеге жеткізетін нақты қойылған дидактикалық 
мақсаттың болуы. Дидактикалық ойынның маңызды белгісін, 
оның құрылымын мультимедиа-технологияларды қолданумен 
ұйымдастыратын «Жарнама» ойыны мысалында қарастыруға бола-
ды. 
Ойында оқушыларға мұғалім ұсынған нақты тапсырманың 
шешілу алгоритмін дайындау жəне оны оған сəйкесінше алгоритм-


116
мен шешу жүктеледі. Тапсырмалардың төрт-бес немесе одан да көп 
шешілу тəсілі болуы маңызды.
Тапсырманы орындағаннан кейін, нəтижесінде шешімнің 
осы тəсілі неге таңдалғандығын, тəсілдің орындаушыға өте 
оңай орындалатындығын түсіндірумен оқушыларға оны қорғау 
ұсынылады.
Аталған дидактикалық ойынға жарыс элементінің енгізілуінің 
мақсаты қорғау үрдісін «жарнамаланған» деп атау ұсынылады. 
Аталған жағдайда оқушылар «жарнамамен» өзінің интеллек-
туалды еңбегінің нəтижесімен жұмыс жасайды. Оқушылардың 
«жарнамалық іс-əрекетінің» нəтижелері ойынға қатысушылардың, 
соның ішінде мұғалімнің жалпы талқылауы негізінде беріледі.
Аталған ойында қойылған тапсырманы дұрыс жəне «əдемі» 
жеткізе білген, сонымен қатар неліктен бұл шешу тəсілінің тиімді 
екенін дəлелдей алған жəне «жарнама компаниясын» жақсы жүргізе 
алған, бұған қоса мультимедиа-технологияларды ашық жəне нақты 
түсіндіре алған жеңімпаз адам болып табылады.
Бұл ойын түрі бұрыннан өтілген материалды бекітуге ғана емес, 
сонымен қатар оқушыларды нақты жағдайда өмірге дайындауды, 
сондай-ақ əрбір қадамды түсіндіре алуы мен қорғауын қамтамасыз 
етеді.
Оқушылар құрастырған мультимедиа-презентациялардың 
ерекшелігі қандай да бір сатушыға бағдарлану емес, аталған 
ұғымдарды оқып-үйренуде. Бір немесе бірнеше оқушылар үшін 
ұғымды таңдау мүмкіндігі бар, соңында «жарнама» сайысын 
ұйымдастыруға болады. 
Ұғымды таңдау қағаз лақтырумен немесе тілегі бойынша жүзеге 
асырылады. Бұдан басқа, жарнамаланған пəн алдын ала жариялан-
баса, оны жарнама уақытының өтуі бойынша анықтау қажет «жарна-
маны» жүргізу нұсқауы болуы мүмкін. 
«Жарнама» ойыны барысында оқушыларда жаңа білімді 
меңгеру, сонымен қатар оларды бекіту қатар жүреді. Сондықтан 
қарастырылған дидактикалық ойын жаңа материалды оқып-үйрену 
сабағында, сонымен қатар білімді бекіту сабағында өткізуге болады.
Мультимедиа-ресурстарды қолданумен өткізілетін дидактикалық 
ойын тұрақты құрылымға ие, оның:
- ойын 
мақсаты;
- ережесі;
- ойын 
əрекеті;


117

танымдық мазмұны немесе дидактикалық тапсырма;
- құрал-жабдықтар;

ойын нəтижесі сияқты негізгі компоненттері болады.
Ойын мақсаты ойын атауында бейнеленуі шарт. Ол оқу 
үдерісінде шешілуі қажет дидактикалық тапсырмада енгізілуі керек. 
Ойын мақсаты ойын барысын жоспарлайтын сұрақ түрінде болуы 
мүмкін. Ойынға танымдық сипат береді, ойын қатысушыларына 
білім тұрғысынан арнайы талаптарды қояды. 
Ойын ережесі əрекет ретін анықтайды жəне оқушылардың 
ойын барасында мінез-құлқын реттейді, сабақта жұмыс жағдайын 
құруға жағдай жасайды. Дидактикалық ойынның ережесі сабақтың 
мақсатын, қолданылатын мультимедиа-ресурстардың жəне 
оқушылардың жеке мүмкіндіктерін ескере отырып дайындала-
ды. Бұл жағдай əрбір оқушының қанағаттану жəне табыс сезімінің 
көріну мүмкіндігі үшін, ойлау белсенділігі, өз бетінділігі көрінуі 
үшін жағдай жасалады.
Ойын əрекеті ойын ережесі арқылы реттеледі, оқушылардың 
танымдық белсенділігін арттыруға, оларға өз қабілеттілігін 
көрсетуге, бар білімін, біліктілігін жəне дағдысын қолдануға, соны-
мен қатар ойын мақсатына жету үшін қолданылатын компьютерлік 
құралдарды қолдануға мүмкіндік береді.
Танымдық мазмұн немесе ойын тапсырмасы дидактикалық 
ойынның негізі болып табылады. Танымдық мазмұн ойынға 
қатысушылардың қойылған ойынның, оқу мəселесін шешуде 
қолданылатын білім, біліктерді меңгеруінен анықталады.
Ойынның құрал-жабдықтары сабақты жабдықтаумен барабар. 
Бұл оқулықта компьютерлерді жиі қолдануды ұсынатын мультиме-
диа-технологиялар ғана қарастырылғанымен, дидактикалық тарата-
тын материалдар туралы да ұмытпаған жөн.
Дидактикалық ойынның шегі болып табылатын, логикалық 
аяқталғандығын білдіретін өзіндік арнайы нəтижесі бар.
Ойын нəтижесін шығару ол аяқталғаннан кейін бірден 
жүргізіледі. Бұл ұпайларды санау; ойын тапсырмасын жақсы 
орындаған оқушыларды ерекшелеу; жеңімпаз команданы жəне т.б. 
анықтау болып табылады. Мультимедиа ресурстары мен технология-
ларын ойынға дайындық барысында жəне оны өткізуде қолданудың 
тиімділігіне қорытынды жүргізуге болады.
Ойын нəтижесі, оқу тапсырмасының шешімі түрінде көрінеді. 
Мұғалім үшін ойын нəтижесі əрқашан оқушылардың білімді 


118
меңгерудегі немесе оны қолданудағы жетістік деңгейінің көрсеткіші 
болып табылады.
Дидактикалық ойынның барлық құрылымдық элементтері өзара 
байланысты жəне біреуінің болмауы ойынды бұзады. Ойынның 
мақсатынсыз жəне ойын əрекетінсіз, дидактикалық ойын мүмкін 
емес немесе өзінің ерекше формасын жоғалтады, нұсқауды немесе 
жаттығуды орындауға айналады. Сондықтан дидактикалық ойын 
қамтылатын сабаққа дайындалуда ойынның барысы туралы қысқаша 
сипаттама құрастыру қажет жəне оқушылардың білім деңгейін жəне 
жас ерекшеліктері деңгейін ескеру, пəнаралық байланысты жүзеге 
асыру қажет.
Ойынның барлық элементтерінің, мультимедиа-ресурста-
ры үйлесімділігі жəне олардың өзара əрекеті ойынның ұйымдас-
тырылуын, оның тиімділігін жəне күткен нəтижеге жету тиімділігін 
арттырады. 
Шындығында сабақта ойын мультимедиа-материалын қашан 
жəне қанша минут пайдалану қажеттілігінің нақты реті болма-
уы мүмкін. Мұнда бір ғана ойынды қойылған мақсатқа жету 
мақсатында пайдалану. Сабақта ойын саны ойластырылған бо-
луы керек. Олардың сабақтың бір кезеңіне арналуы жəне ойлас-
тырылуы: сабақтың басында ойын мектеп оқушысын қызықтыру, 
ұйымдастыруға көмектесуі; сабақтың ортасында ойын тақырыпты 
меңгеруге бағытталуы; сабақтың соңында ойын ізденуші сипатта 
болуы қажет. Бірақ сабақтың кез келген кезеңінде сабақ қызықты, 
қолжетімді, мультимедиа-ресурстарын қолданумен оқушылардың 
түрлі іс-əрекетін қамтитындай болуы шарт.
Сабақта ойынды ұйымдастыруда ол қандай қарқынды жүргізілуі 
тиістігін ойластыру керек. Ойын динамикалық болуы тиіс, сондықтан 
кеңістікті түсіндіру жəне тəртіптік сипатта ескертулердің болма-
уы қажет. Ойын жаттығуларын өткізу əдістемесін жақсы меңгеру 
қажет, оның мақсатын нақты белгілеу, оқушыларды өзбетінділікке 
тəрбиелеу арқылы арнайы қарқынды сақтау керек. 
Мультимедиа-ресурстарды қолдану арқылы өткізілетін 
дидактикалық ойындар əртүрлі оқу тапсырмаларын шеше ала-
ды. Кейбір ойындар оқушылардың бақылау жəне өзіндік бақылау 
дағдысын қалыптастыруға жəне дамытуға көмектеседі. Əртүрлі 
қиындық дəрежесіндегі материалмен құрастырылған басқа ойындар 
əртүрлі білім деңгейіндегі оқушыларды оқытуға сараланған тəсілді 
жүзеге асыру мүмкіндігін береді.


119
Ойын арқылы оқушылар қоршаған ортаны жəне өзін-өзі тани-
ды, талдауға, жалпылауға, салыстыруға үйренеді. Ойын түрінде 
ұсынылған көрнекілік оқып-үйренетін материалды нақтылауға 
көмектеседі. Сабақ барысында қолданылатын ойын тəсілі мульти-
медиа-ресурстарымен, сабақтың тақырыбымен, оның міндеттерімен 
тығыз байланыста болып, ойын-сауық сипатында ғана болмауы ке-
рек.
Ойын серіктестік қарым-қатынасқа тəрбиелеуді, ішкі тəуелсіздік 
сезіміне, достық көмекті сезінуді жəне қиын кезеңде серіктесіңе 
көмек көрсету қажеттілігін қалыптастыруға ынталандырады жəне 
ойынға қатысушылардың жақындасуына, олардың өзара əрекетін 
тереңдете түседі.
Ойын педагогтың басқаруының үстемділігінің көрінуіне кедергі 
болады, мұғалімді ойынға қатысушылармен теңестіреді. Бұл 
əлеуметтік тəжірибе алу үшін, соның ішінде ересек адамдардың өзара
қарым-қатынасы өте маңызды. Рөлді орындауды реттейтін ойын 
ережесіне сүйенуге байланысты ерекше ойындық шектеулердің 
болуы ойыншының іс-əрекетін еріктік реттеу қабілетін дамытады. 
Ойында Бала ойынды түсінуі жəне саналы қабылдауы қажет одана-
ры қарай қиындыққа қарамастан ойын барысында үлгілетін, орын-
дау қажет əртүрлі ережелердің түрлі жиынтығымен кездеседі.
Бастауыш мектеп оқушысынан бастап, ойындық дефицит 
нақты белгіленген ойынға тілегіне қарай бала сабақта мұндай 
ұмтылысты қанағаттандыру үшін барлық мүмкіндіктерін пайдала-
нады. Сондықтан оқушыға рөлдік жəне іскерлік ойындар сериясын-
да қатысу мүмкіндігін бере отырып, мұғалім оны белсендендіреді, 
баланың тұлғалық жеке мотивациясын өзгертеді.
Мектептің жоғарғы сыныптарында мультимедиа-технология-
ларды қолдану арқылы оқыту оқушылардың өз күштерін сынау 
жəне мектепті бітіргеннен кейін нақты өмірге дайындығын тексе-
ру мүмкіндігі тəрізді қарастырылады. Мұндай мүмкіндікке қол 
жеткізуді іскерлік ойындар арқылы орындауға болады. Ойынның 
мазмұндық жағы ойынға қатысушыларды өмір сүруге үйретеді. 
Ойын қатысушыларына «қате жіберу» жəне оларды талдау, себебін 
жəне мұндай əрекеттің салдарын көруге мүмкіндік береді. Бұл 
оқушылардың «ересек болу» қажеттіліктеріне толықтай жауап 
береді. 
Дайын дидактикалық ойындарды қолданудан басқа, мұғалімдерге 
өз бетімен ойындарды құрастыру, оларға тапсырмаларды сауат-


120
ты іріктеу, сонымен қатар мультимедианы ұтымды қолдану қажет. 
Мультимедиа-ресурстарын қолдануға негізделген дидактикалық 
ойындарды дайындау мен өткізудің бірнеше кезеңдерін ерекшелеу 
мақсатқа лайық, соның ішінде:
- ой,
- ұйымдастыру,
- жүргiзу,
- талдау.
Дидактикалық ойынның бiрiншi, ең күрделi жəне жауапты кезеңі 
– келесi құрамдастардан тұратын ой:
- сыныпты таңдау,
- сабақ тақырыбын анықтау,
- сабақтың түрiн анықтау,
- уақыт шектеулерін анықтау,
- ойынның үлгілері мен түрлерін таңдау.
Ойын жүргізілетін сыныпты таңдау оның ерекшелiктерiмен 
анықталады (бейіні, жаттығу деңгейі, жұмыс қабiлеттiлiгі, 
ұйымшылдық жəне тағы басқалар). Бұл ретте оқушылардың 
пəнге деген қызығушылығын көтерумен қатар мультимедиалық 
технологияларды пайдалану арқылы оқу жəне тəрбиелiк мəселе-
лерді шешуді негiзге алу керек. Мысалы, мультимедиа ресурс-
тарын қолданумен дидактикалық ойынды білімдері орташа 
жəне жоғары деңгейлі математикалық бейінді сыныпта жүргізілуі 
мүмкін.
Мұғалiм ойын өткiзген сабақтың тақырыбын анықтау кезінде де 
шексiз таңдауға ие болады. Бұл жаңа тақырыпқа кіріспе де, шолу 
да болуы мүмкiн; мəндiлiгі жағынан қосалқы немесе курстың 
негiзгi тақырыптарының бiрi болуы мүмкін. Мұғалiм бұл ретте 
таңдалған тақырып бойынша дидактикалық ойынды дайындау мен 
жүргiзуге əжептəуiр көп уақыт пен күш-жігер жұмсау қаншалықты 
орындылығын анықтауы керек (егер ол қолданбалы сипатта болса, 
ерекше практикалық құндылығы болмаса жəне курсты оқу кезінде 
үлкен рөл атқармайтын болса).
Мультимедиалық технологиялар қолданылатын дидак-
тикалық ойындар сабақтардың барлық түрлеріне қолданылады, 
сабақ түрiнің нақты ойын таңдауына əсері қызықты. Ойынның 
табысты өткiзілуi үшiн мұғалiмге əр түрлi дидактикалық 
ойындармен жұмыс істеудің белгiлi тəжiрибесi қажет. Дидакти-
калық ойын қайталау сабағында, алынған бiлiмді жалпылау-


121
да, есептерді шешу дағдыларын бекiтуде, бақылау жұмысына 
дайындық ретiнде немесе бақылау жұмысы ретінде өткізілуі мүмкін.
Уақыт шектеуін анықтау кезеңінде дидактикалық ойын-
ды жүргiзудің тiкелей уақыт ұзақтығын, сондай-ақ қажеттi 
мультимедиалық ресурстарды қалыптастыруды ескерумен 
дайындыққа кеткен уақытты ой елегінен өткізу қажет. Бiрiншiден, 
мысалы, ойын бүкіл сабақ бойында бола ма, немесе оған сабақтың 
бір бөлігі беріле ме, немесе мүмкін, ол бiрнеше сабақ бойы бiрнеше 
күн iшiнде өткiзілетін шығар (мысалы, ойындар топтамасы). 
Екiншiден, дайындық уақыты, бiрнеше күндерден бiрнеше аптаға 
дейiн уақыт алуы мүмкін. Бұл ойын түрін, ойын мақсатын таңдауға, 
пайдаланылатын мультимедиалық ресурстардың ерекшелiктерiне, 
мұғалiм мен оқушылар арасында мiндеттерді бөлуге байланысты 
болады. 
Дидактикалық ойынның үлгісін таңдау бiрнеше факторларға 
байланысты болады, олардың негiзгiлері мыналар: сыныптың си-
паттамасы (оның ішінде бұл сыныпта оқу жұмысы үлгілерінің 
қандайлары жəне қаншалықты жиі қолданылғаны); оқушыларды 
жас ерекшелiктері; сабақтың тақырыбының сипаты, пайдаланыла-
тын мультимедиалық ресурстардың ерекшелiктері.
Келесi кезең – дидактикалық ойынды ұйымдастыру, ол өз 
кезегiнде мына жеке құрамдастарға бөлiнедi:
- ойын сценарийін жазу;
- мұғалiм мен оқушылар арасындағы мiндеттерді бөлу;
- тапсырмаларды таңдау;
- оқушылардың қызметін бағалау өлшемдерін əзiрлеу.
Сценарий жазу – мультимедиа-ресурстарды қолдану 
дидактикалық ойынды дайындаудағы ең қиын жəне жауапты кезең. 
Оны бiр мұғалiм (мұғалiмдердi тобы), сондай-ақ оқушылар тобы-
мен бірге мұғалiм (ең белсендi, шығармашылық саналы, талантты 
оқушылар) əзірлей алады. Дидактикалық ойынның сценарийі келесi 
сəттерді бейнелеп көрсетуi керек:
- ойынның толық жоспары;
- ойынның əр кезеңiн жүргiзу бойынша нұсқаулық;
- қатысушылар рөлдерiнің жəне реквизиттердің тiзiмі (рөлдерді 
алдын ала анықтаған жөн);

пайдаланылатын мультимедиалық технологиялар мен 


122
ресурстардың тiзiмі, жəне оларды ойынның əр кезеңінде пай-
далану ерекшелiктерi;
- есептер, жаттығулар, шешімдері мен бағалау өлшемдері бар 
сұрақтарды іріктеу;
- ойынды талдау үшiн сұрақтар.
Дидактикалық ойынды əзiрлеуде жəне дайындауда ойынның 
сценарийін қалыптастырған, тапсырмаларды, оларды бағалау 
өлшемдерін іріктейтін, оқушылар арасында рөлдердi үлестiретiн 
бір ғана мұғалім (мұғалiмдер тобы) қатыса алады. Мысалы, 
параллель топтағы басқа сынып үшiн мұғалiм бiр топ оқушымен 
бiрлесіп жұмыс істеуі мүмкiн. Бүкіл сыныппен жұмыс істеуде 
дайындау үстінде оқушыларды бөлуге болмайды, мүмкін-
дігінше, əрқайсысына өздерін көрсету үшін тең мүмкіндіктер берген 
жөн.
Дидактикалық ойынға тапсырмаларды жəне мультимедиа-ре-
сурстарды мұғалiм өзі жеке немесе оқушыларымен бiрге таңдауы 
мүмкін (мысалы, олар тапсырмаларды бір-бірі үшін дайындау 
кезінде). Практикалық жəне шығармашылық тапсырмаларға жəне 
жаттығуларға мiндеттерге айқын талап орнату керек:
- тапсырмалар күрделiлiк деңгейiмен ерекшеленуi керек жəне 
бiрнеше шешiм тəсiлдерi болғаны дұрыс;
- тапсырмалар практикалық мəнi бар қызықты, сонымен бiрге 
пəнаралық байланысты жүзеге асыру мүмкiн болғаны дұрыс;
- тапсырмаларды орындау қиын болуы немесе теориялық мате-
риалсыз мүмкiн емес болуы керек;

мүмкіндігінше, есептердің шешiмі қарапайым, қолжетімді 
жəне оқушылардың көпшілігімен орындалатын болуы тиіс.
Дидактикалық ойындағы бағалау өлшемдері туралы айтқанда:
- бұл өлшемдер мұғалiммен (оқушылармен бiрге болуы мүмкiн) 
алдын ала жасалады жəне ойын жүргiзуiне дейiн немесе ба-
сында жарияланады;
- оқушылардың барлығы немесе тек қана оң нəтижелер 
көрсеткендері бағалана алады;
- топтық жұмыс əртүрлi бағаланады: топтың əрбір мүшесi немесе 
бүкіл топтың жұмысы бағалануы мүмкін;
- бағаны мұғалiм, мұғалiм жəне оқушылар, оқушылардың өздерi 
қоя алады;
- бағалаудың мына нұсқалары болуы мүмкiн: сабақ барысын-
да, ойынның соңында, сабақтың соңында (жазбаша жұмысты 


123
немесе мультимедиа-ресурстарымен жұмысты бағалау 
жағдайында).
Мультимедиа-ресурстарды қолданумен дидактикалық ойынды 
жүргiзудің қорытынды кезеңі оны талдау, яғни өткен ойынды не-
месе ойын топтамасын мына сұрақтарға жауап берумен бағалау: 
не нəрсеге қол жетті, не нəрсе болмай қалды; сəтсiздiктердiң себебi 
неде, жəне т.б. Келесі маңызды сəттерге назар аудару қажет:
1. Ойынды əр түрлi үлгіде талдауға болады: оқушы өз əсерлерін 
кезекпен айтқан жағдайда – ауызша; ауызша саралау арқылы (мыса-
лы, топ мүшелерiнің бiрi өткен ойын туралы топтың пікірін айтады); 
жазбаша (мысалы, сауалнама түрінде)
2. Ойын талдауын бірден сабақтан соң немесе бірнеше уақыттан 
кейін өткiзуге болады (қалауына қарай қос талдау жүргiзуге болады).
3. Дидактикалық ойынды талдау сынып деңгейінде сияқты 
педагогикалық деңгейде де қажет.
Дидактикалық ойынды ұйымдастыру мен жүргiзу барысын-
да ұстаздың ойындағы ұстанымы мен рөлі өте маңызды, өйткенi 
ойынның жетiстiгi оқушылардың оқу дағдылары мен бiлімдерінен 
ғана емес, ұстаздың кəсiби дайындығынан, көбіне оқушының білім 
құштарлық əлеуетін оңтайлы іске асыруды толығымен қамтамасыз 
ететін оның қызмет стиліне байланысты болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет