Сабақтың тақырыбы: 20-ға дейінгі қосу және азайту / Сүт өнімдері Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты



Дата16.05.2023
өлшемі88,44 Kb.
#93336
түріСабақ

Бөлімі:

20-ға дейінгі қосу

Педагогтің аты-жөні:

Баянхан Ризуан

Күні:

03.04.2023

Сыныбы:

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы:

20-ға дейінгі қосу және азайту / Сүт өнімдері

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты

1.1.2. 20 көлеміндегі біртаңбалы мен екітаңбалы сандарды ауызша қосу және азайтуды орындау;
1.1.2. қосудың ауыстырымдылық қасиетін қолдану;
1.2.1. санды бірнеше бірлікке арттыру, кеміту, айырмалық салыстыруға берілген есептерді талдау және шығару, кері есептер құрастыру және шығару;
1.1.1.2 қосынды және қалдықты табуға берілген есептерді талдау және шығару, кері есеп құрастыру және шығару;

Сабақтың мақсаты:

20-ға дейін қосуды және 20-дан азайтуды үйренесің.

Сабақтың барысы:

Уақыты

Педагогтің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Қызығушылықты ояту
0-3

Ынталандыру
Мұғалім оқушылармен сүт өнімдерітуралыәңгіме жүргізеді.

Оқушылар бос орындардағы тиістісандарды атайды.

Оқушылардың білімі мадақтау арқылы бағаланады

Оқулық.



4-6

Өзектендіру.
10-нан азайтуды «Үндемес» ойыны түрінде ұйымдастыруға болады. Оқушылар жауапты мұғалімге қиықшадан көрсетеді.
10-2= 10-5= 10-7= 10-8=

Оқушылар есептеп, жауабын қиықшадан көрсетеді.

Оқушылардың жұмысы смайлик беру арқылы бағаланады.

«Үндемес»
ойыны
Сандар
жазылған қиықшалар

7-10

Мақсат қою (мәселелік жағдаят).
12+8 қалай қосылады?
20-4 қалай азайтылады?

Мәселелік жағдаятты түсінеді.







Мағынаны тану
10-15

Жаңаны ашу.
Оқулықтағы 1-тапсырманы орындауды ұсынады.
Сырым йогурттарды санады. Мысалдарға қара. Оған есептеуге көмектес.
Мұғалім 14+6 және 20–6 жағдайларын талдауға ерекше көңіл бөледі. Мынандай үлгі шығады:

Бұған 10-нан азайту және 10-ға дейін қосу үлгілері көмектеседі.
Мұғалім 12+8және 20–8жағдайларын талдауға ерекше көңіл бөледі. Мынандай үлгі шығады:

Осы үлгілер негізінде есептеуді орындайды.
7+3=10 10-9=1
17+3=20 20-9=11

10-нан азайту және 10-ға дейін қосу үлгілері негізінде 14+6 және 20–6 жағдайларын түсіндіреді.
Есептеуді орындайды.
7+3=10 10-9=1
17+3=20 20-9=11




Оқулық.
Дәптер.



15-20

Жаңаны қолдану
Оқулықтағы №2 тапсырманы өз бетімен орындайды.


Тапсырманы өз бетімен орындайды.
10-3=7 10-5=5
20-3=17 20-5=15

Оқушылар тапсырманы орындау деңгейіне байланысты «Отшашу» әдісі арқылы өзін-өзі бағалайды.

Оқулық.
Дәптер.

20-25

Оқып-үйренгенді меңгергенін тексеру
Дәптердегі №1 тапсырманы орындауды ұсынады.
Сан қатарын пайдаланып, есепте.


Есептеуді орындайды.

Өз білімін бағалау үшін дәптердің жиегіндегі бағдаршамды бояйды.

Баспа негіздегі жұмыс дәптері

25-32

Осыған дейін өтілген материалмен жұмыс.
Оқулықтағы №3 тапсырманы топпен орындайды.
Есепте. Балалар не сатып алды?
Оқулықтағы №4тапсырманы ұсынуға болады.
Кері есеп құрастыр және оны шығаруды ұсынуға болады.
Оқулықтағы №5 тапсырманы ұсынуға болады.

50-30-5-5=10 (Әлия қаймақ сатып алды)
15+5-7-10=3 (Сырым сүт сатып алды)
Оқушылар есепті шығарады және кері есеп құрастырады.
Сүт – 20л
Қаймақ - ?, 3л кем
Шешуі.
20-3=17 (л)
Жауабы: Дүкенге 17 литр қаймақ әкелінді.

«Фигуралар» әдісімен жұптағы оқушылардың жұмысы бағаланады

Оқулық.
Дәптер.



Рефлексия
32-35

«Бес саусақ» әдісі.
Оқушының бір-біріне бес саусақтай бірігуіне ықпал ету.
1. «Бас бармақ» - басты мәселе. Бүгінгі сабақта ең құнды мәселе не болды?
2. «Балалы үйрек» - бірлесу. Қалай жұмыс жасадым, кімге көмек бердім, кімді риза жасадым?
3. «Ортан терек» - ойлану. Мен бүгін білім мен тәжірибе алдым?
4. «Шылдыр шүмек» - шынайылық. Сабақ маған ұнады ма? Неліктен?
5. «Кішкентай бөбек» - көңіл-күй ахуалы. Мен сабақта өзімді қалайша сезіндім?

Балалар параққа алақандарын қойып, оны жиегімен қаламмен айналдырып өтеді. Осыдан соң олар сабақ туралы сұрақтарға жауап беріп, салынған саусақтарына жазады.






«Бес саусақ» әдісі.

Әдіскер:Газизова Д Қ __________


Мұғалім: Абеугалиева А.А _________ Баға:__________________

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет