Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


· мектеп пəні бойынша білімін тереңдету үшін қосымша сабақ  беру жұмыстарына арналған электрондық білім беру басылым- дары; ·



Pdf көрінісі
бет66/145
Дата29.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#103706
түріОқулық
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   145
· мектеп пəні бойынша білімін тереңдету үшін қосымша сабақ 
беру жұмыстарына арналған электрондық білім беру басылым-
дары;
· 
оқушылардың сабақ үлгерімін бақылауға жəне бағалауға 
арналған электрондық білім беру басылымдары;
· анықтамалық жəне энциклопедиялық сипаттағы электрондық 
білім беру басылымдары.
Дəстүрлі оқу жүйесінде пайдалануға арналған электрондық 
білім беру басылымдары мен ресурстары құрамына бағдарламалық 
құралдардың барлық типтері кіруі мүмкін. Осылайша дəстүрлі 
оқу жүйесінде білім алушылардың өзіндік жұмыстарына элек-
трондық білім беру басылымдарды қолдану үшін кең мүмкіндіктер 
береді. 
Пəн бойынша білімді тереңдетуге жəне қосымша сабақ беру 
жұмыстарына арналған электрондық білім беру басылымдары мен 
ресурстары көп жағдайда дəстүрлі оқу жүйесінде пайдалануға 
арналған электрондық білім беру басылымдарымен ұқсас келеді. Бас-
ты айырмашылығы құрамындағы оқу материалының өзгешілігімен 
сипатталады, яғни, ол жалпы орта білім жүйесіндегі стандарттар 
мен бағдарламаларға сай келмеуі мүмкін. 
Өзіне сай əдістемелік тұрғыдан электрондық білім беру басы-
лымдары мен ресурстарды жəне олардың компоненттерін мына 
түрде жіктеуге болады: 
- білім беретін (білім, іскерлік, оқу немесе тəжірибелік 
қызметтің шеберлігін түзу барысында оқу жүйесінің талапта-
рын қанағаттандыратын электрондық білім беру басылымдары, 
яғни оқу материалдарын қажетті деңгейде игеруді қамтамасыз 
етеді),
- жаттықтырушылар (əр түрлі іскерлік жəне шеберлік 
өнерін өңдеу жəне қайталау немесе өткен материал-
дарды жадына сақтау бойынша оқу жүйесінің қажеттілік-
терін қанағаттандыратын электрондық білім беру басылым-
дары);


189
- бақылауыш (оқу материалдарын игеру деңгейін бақылау, 
өлшеу немесе өзіндік бақылау бойынша оқу жүйесінің 
қажеттіліктерін қанағаттандыратын электрондық білім беру 
басылымдары);
- ақпараттық іздеуіш жəне ақпараттық-анықтамалық (ақ-
паратты жүйелендіру шеберлігі жəне іскерлік тəжірибелері 
туралы мəліметтерді баяндау бойынша оқу жүйесінің талапта-
рын орындайтын электрондық білім беру басылымдары);
- демонстрациялық (объектілерді зерттеу жəне игеру мақсатымен 
құбылыстарды, үрдістерді көрнекілеу бойынша оқу жүйесінің 
талаптарын қанағаттандыратын электрондық білім беру басы-
лымдары );
- имитациондық (шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін елес-
тету кезінде олардың құрылымдық немесе қызметтік сипатта-
маларын оқып білу бойынша оқу жүйесінің талаптарын орын-
дайтын электрондық білім беру басылымдары);
- зертханалық (шынайы қондырғыда қашықтықтан сынақ 
жүргізу бойынша оқу жүйесінің талаптарын қанағаттандыратын 
электрондық білім беру басылымдары);
- моделдеуші (объектілерді, құбылыстарды, үрдістерді зерт-
теу жəне игеру мақсатымен моделдеудегі оқу жүйесінің 
қажеттіліктерін қанағаттандыратын электрондық білім беру 
басылымдары);
- есептік (əр түрлі есептерді жəне басқа ағындық операция-
ларды автоматтандырудың оқу жүйесіне қажетті талаптарды 
орындайтын электрондық білім беру басылымдары);
- оқу барысындағы ойындар (білім алушылардың қызметі ойын 
түрінде іске асатын оқу жағдайларын жасаудағы оқу жүйесінің 
талаптарын қанағаттандыратын электрондық білім беру басы-
лымдары);
- ойындық (білім алушылардың бос уақыттарын, есте сақтау 
қабілетін дамыту, олардың іс-əрекетін, көңіл аударуларын жəне 
басқа да ерекшеліктерін ұйымдастыру бойынша оқу жүйесінің 
қажеттіліктерін орындайтын электрондық білім беру басылым-
дары);
- қатынастық (мұғалімдер, əкімшілік, білім алушылар, ата-ана-
лар, мамандар, қоғам арасындағы тұлғалық қатынаста жəне 
мұғалімдер мен білім алушыларды талап етілетін ақпараттық 
ресурстарға қолжеткізуді ұйымдастыру бойынша оқу жүйесінің 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет