187 Білім беру қызметінің түрі Лекция-сабақ
Семинар-сабақ
Тəжірбие сабағы
Зертханалық сабақ
Оқу ойындары
Мектепшілік іздену жұмыстары (МІЖ)
Педагогикалық өлшеулер жəне бақылаулар
Мектептегі өздік оқу қызметі
Келесі жəйттарды атап өткен жөн болар, яғни, электрондық
білім беру басылымды немесе ресурсты автор бекіткен жағдайда
білім берудің түрі мен формасы ұсынылатын сипатқа ие болады,
себебі, бір типке немесе формаға сай əзірленген нақты электрондық
білім беру басылымдарды осындай параметрлердің басқа
жиынтығымен сипатталатын оқу үрдісінде тиімді қолдану ғажап
емес.
Электрондық білім беру басылымдарды əзірлеу жəне пайдала-
ну кезінде заманауи ақпараттық технологияларды пайдаланудың
артықшылығы мұндай басылымдар немесе ресурстарды оқу үрдісінің
тек əрбір қатысушысының тұлғалық ерекшелігіне ғана емес, соны-
мен қатар мектеп оқушыларының (немесе тұтынушылардың) тұтас
тобына сай ерекшеліктерге максималды бейімделіп жұмыс жасауы-
на мүмкіндік береді. Ал бұл болса, электрондық білім беру басы-
лымдары əзірлеушілерге топтау жəне жіктеу бойынша қосымша
мүмкіншіліктер береді. Осыған байланысты электрондық білім беру
басылымдары параметрлерінің жүйесі топтық типтің қандай да
бір ықтимал мəні арқылы кеңейтілуі қажет:
-мектеп оқушылары;
- талапкерлер;
- оқу орындарының əкімшіліктері;
- оқытушылар;
- ата-аналар.
Жоғарыда келтірілген ықтимал параметр-критерийлерді ескере
отырып, электрондық білім беретін басылымдар мен ресурстардың
көпдеңгейлі жіктемесін құруға болады.
Оқу жүйесінде пайдалануға қатысты, жалпы, электрондық
білім беру басылымдарын жəне ресурстарын мына түрлерге бөлуге
болады:
188 · жалпыға бірдей орта білімде көрсетілген оқу пəні бойынша
(пəндік сала) Қазақстан Республикасының Білім жəне ғылым
министрлігінің стандарттарына жəне бағдарламаларына сəйкес
дəстүрлі оқу жүйесінде пайдалануға арналған электрондық
білім беру басылымдары;