Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



Pdf көрінісі
бет68/145
Дата29.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#103706
түріОқулық
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   145
Байланысты:
bilimdi akparattandyru

191
· электрондық сериялар – ортақ мағынасы, тақырыбы, мақсаттық 
бағыты бойынша біріктірілген томдардың жиынтығынан 
құралған электрондық білім беру басылымдары сериялары. 
Олар бір типте рəсімделеді.
Материалдың баяндау формасына байланысты электрондық 
білім беру басылымдарын жəне ресурстарды конвекциялық, 
бағдарланған, мəселе туғызғыш жəне аралас (əмбебап) деп бөлуге 
болады.
Конвекциялық электрондық білім беру басылымда-
ры – классикалық педогогика дəстүріне сəйкес келеді жəне 
энциклопедиялық немесе монографиялық сипатқа ие. Бұл секілді 
электрондық білім беру басылымдары оқытудың ақпараттық 
қызметін атқарады.
Бағдарланған электрондық білім беру басылымдары  «реак-
циялық ынталандыру» жүйесі бойынша оқытуға негізделген. 
Мұндай басылымның тармақталған немесе сызықты бағдар-
ламасының формалары бар. Жəне ең алдымен білім алушының 
өзіндік жұмысына бағытталған, осылайша ол алынған білімнің 
негізімен əдістерін ашады жəне оларды кəсіби шеберлікпен байла-
ныстыруды үйренеді.
Мəселелік электрондық білім беру басылымдары проблемалы 
оқу теорияға шоғырланған жəне логикалық ойлау жүйесін дамытуға, 
білімді қабылдау құраушысын шығармашылық ынталандыруға 
бағытталған.
Аралас (əмбебап) электрондық білім беру басылымдары 
құрамына аталған электрондық білім беру басылымдары түрлерінің 
жеке элементтері кіреді.
Технологиялық таралуына байланысты электрондық білім беру 
басылымдарын жəне ресурстарды былайша жіктеуге болады:
- жергілікті электрондық білім беру басылымдары  – жергілікті 
пайдалануға арналған электрондық басылымдар. Олар 
белгілі бір мөлшерде жекедара дана (тираж) түрінде ақпарат 
тасығыштарда шығарылады;
- желілік электрондық білім беру басылымдары – байла-
ныс желісі арқылы шексіз тұтынушыларға рұқсат берілген 
электрондық басылым;
- аралас таралған электрондық білім беру басылымдары – 
жергілікті жəне желілік электрондық білім беру басылымдары
түрінде қолдануға болатын электрондық басылым.


192
Тұтынушы мен электрондық білім беру басылымдары 
арасындағы өзара сипатты ескере отырып, электрондық білім беру 
басылымдары мен ресурстарды детерминерленген жəне детерми-
нерленбеген деп бөледі.
Детерминерленген электрондық білім беру басылымдары  – 
параметрлерін, мазмұнын жəне өзара əрекеттесу тəсілдерін баспагер 
анықтайтын жəне тұтынушы өзгерте алмайтын электрондық басы-
лым.
Детерминерленбеген электрондық білім беру басылымдары 
параметрлерін, мазмұнын жəне өзара əрекеттесу тəсілдерін тікелей 
немесе балама түрде өзіндік қызығушылығы, мақсаттары, дайында-
лу деңгейі жəне т.б. сəйкес тұтынушы орнататын электрондық ба-
сылым. Барлық өзгертулерді баспагер анықтаған алгоритимдердің 
көмегімен жəне ақпараттың негізінде іске асады.
Дидактикалық потенциалының деңгейіне қарай электрондық 
білім беру басылымдары мен оларды өңдуге арналған материал-
дардың бірнеше түрлерін төрт негізгі топқа біріктіруге болады.
Бірінші топқа мəлімдемелік типтегі басылымдар жатады. Олар: 
баспа материалдары жəне олардың электрондық көшірмелері, аудио- 
жəне бейне таспалар. Əдетте баспа басылымдары оқу мəтіні жəне 
оған арналған графикалық көрнекілік, мұғалімдер мен оқушыларға 
арналған ұсыныстар, есеп жинақтары түрінде тақырыпқа сай 
теориялық материалдардан құралады. Аудио-бейне таспаларда 
сабақта оқушыларға түсіндірілген жаңа материалдар жазылады. 
Осындай басылымдардың дидактикалық мақсаты – оқу материалын 
бастапқы таныстыру жəне оны қабылдау. Ережеге сəйкес, бірінші 
топтың басылымдары түпнұсқа материалының сипатына ие болады. 
Яғни, осының салдарынан толыққанды электрондық білім беру ба-
сылымдары əзірленеді.
Электрондық білім беру басылымдары мен ресурстарының екінші 
тобы да мəлімдемелік типке жатады. Екінші топқа электрондық 
оқулықтар, виртуалды оқу бөлмелері жəне компьютерлік тест 
жүйелері жатқызылуы мүмкін. Бұлардың негізгі дидактикалық 
қызметі – ұғыну, білімді жадыда сақтау жəне бақылау.
Электрондық білім беру басылымдары мен ресурстарының 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет