Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


- ғылыми-əдістемелік жұмыстар мен жарияланымдарда қиын  математикалық аппарат кездесуі мүмкін; -



Pdf көрінісі
бет95/145
Дата29.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#103706
түріОқулық
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   145
Байланысты:
bilimdi akparattandyru

- ғылыми-əдістемелік жұмыстар мен жарияланымдарда қиын 
математикалық аппарат кездесуі мүмкін;
- жұмыстарда қолданылатын терминологиялар жалған мағыналы 
болуы мүмкін;
- ғылыми жұмыс пен жарияланымдардың мазмұны көп жағдайда 
оның тақырыбында ашыла бермейді;
- ақпараттық көзде берілген ұғымдар қарама-қайшы анықтамаға 
ие болуы мүмкін.
Ақпараттық жəне қатынастық технологиялар құралдарының 
ғылыми-əдістемелік, əдістемелік жəне педагогикалық əрекеттерде 
қолданылу үлесінің көбеюі оқытушылардың тəжірибеде қолданатын 
жүйелеу қағидасын құрастырыуға мүмкіндік береді:
- түсіндіру құралының сөз жүзінде бөлшектенуіне;
- себеп-салдар, функционалдық, құрылымдық жəне генетикалық 
заңдылықтар арқылы пəн мəнінің барынша ашылуына;


239
- түсіндірілген қарым-қатынастың оны пішіндеу, оқшаулау жəне 
абстракциялау жолымен жеңілдетілуі;
- бұрынғы білім мен əрекет мүмкіндіктерінің айырмашылығы 
мен сəйкестігін, сонымен қатар оларға өту мүмкіндігін орнату-
мен;
- өзгертілетін жəне сақталатын параметрлердің бөлінуі, олардың 
арасындағы байланыстың орнатылуы;
- түсіндірілген байланысты қадағалауды қастамасыз ету.
Жалпы орта білім беру жүйесінде қызметкерлердің ғылыми-
зерттеу жəне ғылыми-əдістемелік əрекеттерін ақпараттандыру ая-
сында ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын қолдану 
мыналарға мүмкіндік береді:
- оқытушылардың ғылыми жұмысы тақырыбы бойынша 
электрондық жарияланымдар мен электрондық мерзімді басы-
лымдар жүйесін дамыту;
- жалпы орта білім беру жүйесінің мекемесіне лайықты ғылыми 
мектептердің интернет-серверін жасау;
- ғылыми жетістіктердің виртуалды көрмелерін жасау, білімнің 
басқа салалары бойынша сенинарлар мен конференциялар 
өткізу;
- жалпы білім беру жүйесінің жəне басқа ғылым мекемелерінің 
ғылыми кітапханасының желілік каталогтарын жасау 
мен жүргізу, кітапханалар қорына желілік қолжетімділік 
ұйымдастыру;
- интернет ресурстары мен желісі аясында аудио жəне бейне 
конференцияларды тарату құралдарын қолданумен ғылыми 
жəне əдістемелік телекомуникациялық конференциялар 
ұйымдастыру; 
- ғылыми жəне əдістемелік зерттеулердің барлық қатысушыларын 
өзара жəне басқа оқу мекемелері мен ұйымдардың серіктестерін 
жедел ғылыми қарым-қатынас құралдарымен қамтамасыз ету.
- зерттеу жұмысын іске асыруға мүмкіндік беретін құрал-
саймандары бар ғылыми жəне əдістемелік зерттеу 
жұмыстараның қатысушыларына қажетті телекомуникациялық 
зертханалар жасау.
Қазіргі заманғы оқытушы оқушыларды ақпараттық-қатынастық 
технологиялардың жаңа құралдарымен тек ақпаратты меңгеру, жа-
сау жəне талдау оқытушының ғылыми жəне əдістемелік əрекетінің 
ажырамас бөлігі болғанда ғана үйрете алатынын түсіну маңызды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет