Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді


- уақытша жүргізу (сабақта жəне сабақтан тыс); -



Pdf көрінісі
бет91/145
Дата29.06.2023
өлшемі1,08 Mb.
#103706
түріОқулық
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   145
Байланысты:
bilimdi akparattandyru

- уақытша жүргізу (сабақта жəне сабақтан тыс);
- берілген тапсырмаларды шешуге деген құлшынысы (оқуда 
жəне оқудан тыс).
Сыныпта сыныптық жəне сыныптан тыс тапсырмалар болады. 
Көптеген сыныптық жұмыстар сыныптан тыс жерде жүргізіледі 
(табиғаттану сабағы саябақта, дене шынықтыру спорт залдарда). 
Жоғарыда атап кеткендей сыныптық жəне сабақтық, сыныптан 
тыс жəне сабақтан тыс деп қарастыруымызға болады. 
Сабақтық жəне сабақтан тыс орындалатын тапсырмалар-
ды байланыстыруға болмайды, өйткені сабақта сыныпта отырып 
шешетін тапсырмалар қарастырылады. Көптеген сыныптан тыс 
орындалатын факультатив сабақтар мен жеке шығармалар сыныптан 
тыс тапсырмалар болып есептелінеді. Көркем əдебиеттер, театрлық 
студиялар, спорт секциялары сыныптан тыс бос уақытта жүргізілуі 
тиіс. 
Сабақтан тыс жұмыс – оқушылардың мектептегі сабақтық-
тəрбиелілік негізін қалыптастыратын негізгі кезеңнің бірі. Сабақтан 
тыс (сыныптан тыс) бағыттар, əдіс-тəсілдер сонымен қатар 
ақпараттық жəне телекомуникациялық технологияларды қолдану 
бұл кезеңде тапсырмалардың барлығы дерлік сəйкес келеді. 
Сабақтан тыс жұмыстар сыныптастар арасында немесе қатар 
сыныптар арасында жүргізілетін сыныптан тыс əлеуметтік-
педагогикалық жəне тəрбие беру мақсатында жүзеге асатын дис-
куссиялар, кездесулер, саяхат жасау, музей жəне театрларға бару, 
еңбекпен айналысуға бағытталған сыныптан тыс жұмыстар. 
Сабақтан тыс жұмыстар өзін-өзі басқаруға жəне сынып арасын-
да жүргізілетін оқушылардың қарым-қатынасын жақсартуға 
көмектеседі. Көп жоспарлық сыныптан тыс жұмыстар барысында 
оқушылардың мəдениеті қалыптасады. 
Сабақтан тыс жұмыстар балалардың қосымша білім алуы-
мен тығыз байланысты, себебі осы бағытта оқушының көркем 
əдебиетте, техникада, экология-биологиялық, спорттық жəне т.б 
да бағыттары қалыптасады. Оқушылардың қосымша білімі – жас 
жеткіншектердің қосымша программаларды меңгеруге, білім жəне 
тəрбие бағытында өз қалаулары бойынша таңдау алуға мүмкіндік 
беретін негізгі бағыт. Алайда қосымша білім беру бағыты мектептегі 


232
оқу-тəрбиелік үдеріспен жəне сабақтан тыс уақытта қатар жүргізілуі 
керек. 
Сыныптан (сабақтан) тыс қосымша білім берудің мақсаты – 
оқушының шығармашылық танымдылығын арттыру, өмірге дұрыс 
көзқараспен бейімделуге мүмкіндік беру, көпшілік қоғамда өзін 
қалай ұстауға тəрбиелеу. 
Балалардың сабақтан тыс жұмыс пен қосымша білім арасын 
байланыстыратын түйін əр түрлі факультатив сабақтар, мектептегі 
ғылыми қоғамдар, кəсіби бағытталудың бірлесуі, таңдау курста-
ры болып табылады. Жұмыстың мазмұны мен əдісі шешілетін 
мақсаттар мен тапсырмаларға байланысты оларды басқа да білім 
беру үдерісіне жатқызуға болады. Оқушылардың қосымша білім 
алуы əрекеттің нақты бағытындағы жəне білім аясындағы қосымша 
білім бағдарламаларын дамытуды қамтамасыз ететінін естен 
шығармау керек.
Жалпы орта білім беру жүйесінде сабақтан тыс жұмыстың 
артықшылығы оқу бағытына - оқушылардың оқу қызметіне беріледі.
Оқу əрекеті – теориялық білімдерді жəне оқу тапсырмала-
рын шешу үдерісіндегі əрекет əдістеріне бағытталған оқушылар 
əрекеттері түрінің негізгі бір түрі.
Өз кезегінде оқудан тыс əрекет – оқудың əлеуметтенуіне, оқудан 
тыс уақыттағы оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктерінің 
өсуіне бағытталған оқушылар əрекеттері түрінің бірі.
Жоғарыда саналған оқушылар əрекетінің барлық түрлері 
тұлғалық өзіндік мінездеменің бар болуына қарамастан бір-
бірімен тығыз байланысқан, ол оқу əрекетінің бағыты жəне 
оқушылардың түрлі əрекеттерін ақпараттандыруда қолданылатын 
ақпараттық құралдар мен ресурстар бағытымен сəйкестіндірілген 
ақпараттандыру үдерісінің дамуында көрінуі тиіс. 
Оқытушылар алдындағы аталған ерекшеліктерді ескере отырып, 
ақпараттық жəне қатынастық технологиялардың артықшылықтарын 
қолдану мен қамтамасыз етуші. Оқушылардың оқудан тыс əрекетін 
ұйымдастыру міндеті қойылады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   87   88   89   90   91   92   93   94   ...   145




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет