254
фиканы жəне интернет ресурсында анимацияларды қолдануға
арналып арнайы жасалған. Көптеген дайын қосымшаларға
(Javaapplets) интернет арқылы қол жеткізуге жəне
болашақта
өзінің жеке ақпараттық желілік жəне желілік емес мультиме-
диа-ресурстарын жасауға қолдану үшін компьютерге жүктеп
алуға болады;
- VRML тілі (Virtual Reality Modeling Language) жүйеге
қарапайым анимацияларға қарағанда, шынайы объектінің ал-
дамшы көріністерін күштірек көресетуге мүмкіндік беретін
кең үш өлшемді объектілерді жасайды жəне орналастырады.
Айтылған үшөлшемді объектілер олардың «көлеміне» байла-
нысты «виртуалды бөлмелер», «виртуалды галереялар» жəне
«əлемдер» деп атау қабылданған.
- CGI (Common Gateway Interface) – мəніне қарай бағдарламалау
тілі емес, ақпараттарды жинау мен мəліметтер
қорын жасау-
ды сипаттайтын спецификация болып табылады. Құраушылар
PERL тілін немесе басқа тілді динамикалық іс-қағаздарды
жүйеге орналастыруға жəне жұмысын қарастырушы CGI –
бағдарламалар жасау үшін қолданады. Мысалы, қолданушылар
Интернет беттерде берілген уақыт аралығында тест сұрақта-
рына жəне т.б. жауап бере отырып, анкета жəне сауалнамалар
бланкаларын
толтыра отырып, осындай бағдарламаларға кез
болады.
Оқытушылар мен оқушылар мультимедиа-ресурстарды жасаудың
басқа да құралдарын қолдана алады. Бұл үшін оқытушылар муль-
тимедиа құралдары беттерін жасауда қолданылатын редактор-
бағдарламасын таңдауы қажет. Толық
функциялы мультиме-
диалық қосымшаларды жасауға мүмкіндік беретін мультиме-
ди жасауға арналған құралдардың көпшілігі бар.
Macromedia
Director немесе Authoware Professional сияқты пакеттер FrontPage,
mPower 4.0, Hyper Studio 4.0 кезінде құрастырудың жоғары кəсіби
жəне қымбат құралдары болып табылады жəне WebWorkshopPro
олардың ең қарапайым жəне арзан аналогтары болып табыла-
ды. PowerPoint жəне мəтіндік редакторлар (мысалы, Word) сияқты
құралдар қарапайым мультимедиа-ресурстарды жасауда қолданыла
алады.
Əзірлеудің аталмыш құралдары оқуға жəне қабылдауға жеңіл
нақты кұжаттармен жабдықталған. Əрине аталғандармен қатар сəтті
қолдануға болатын басқа да көптеген əзірлеуші құралдар бар.
255
Интернетте орналасқан мультимедиалық ақпарат үлкен өлшем-
дегі компьютерлік файлдарды көрсете алады.
Бұл интербелсенділік
құралдары, аудио жəне бейне үзінділердің қосылуы, жоғары сапалы
графикалық суреттердің бар болуымен байланысты болуы мүмкін.
Каналдардың мүмкіндіктері мен сенімділігінің жетіспеушілігіне
байланысты бұндай ақпараттық ресурстарды оқу үдерісінде пайда-
лану қиынға соғуы мүмкін.
Көптеген жағдайларда телекомуникациялық жүйелердің
жоқтығы немесе нашар сапасына байланысты мəселелерді жою
үшін мұндай ресурстармен жергілікті режимде жұмыс істеу арқылы
іске асыруға болады. Мультимедиа-ресурспен жергілікті қатынас
жасау кезінде оқушылар ақпараттарды телекомуникациялық
желілерден емес, өз компьютерінің ішкі
немесе сыртқы жадысынан
алады. Осыған байланысты ақпараттық ресурстардың мазмұны мен
ақпаратты ұсынудың тəсілдері интернетте орналасқандармен толық
сəйкес келеді. Көбінесе бұндай ресурстар телекомуникациялық
жұмыс барысында желілік ақпарат көздерінен тез көшіріледі, содан
кейін оқушыларға желі түрінде ұсынылады.
Бұндай жағдайда ұсынылған мультимедиалық ақпараттың
үлкен көлемеі салыстырмалы түрде
оны тарату мен сақтау
үшін дəстүрлі иілгіш магнитті дисктерді қолдануға мүмкіндік
бермейді. Интернет-сайтты терудің сақталуы барлық компьютерлер-
де бар қатты магнитті дисктерді («винчестерлер»), қолдану арқылы
іске асады. Бірақ мультимедиалық ақпаратты бұл жолмен ұсыну
ақпараттың бір компьютерден басқа компьютерге ауысуын тежеп
тастайды.
Білім беру ортасында интернеттен алынған ақпараттарды сақтау
құралының ең сенімді түрі опикалық лазерлі компакт-диск (CD)
болып табылады. Ақпараттың осы сақтауышта оның физикалық
өлшеміне қатысты жазудың жоғары технологиялық əдісі мен
оқылуының арқасында мультимедиалық
ақпараттық жоғары сапа-
сын көрсетеді.
CD оқу құралы ретінде қолданылуы мектептің оқу үдерісіне
келесі негізгі құндылықтарға қол жеткізуге мүмкіндік жасайды:
- телекоммуникация құралдарында дəстүрлі түрде орналасқан
мультимедиа ақпараттарын оның құрылымы мен
визуализациясының ерекшелігі есебінде оқушыларға ұсыну;
- оқушыларға оқу курсы мазмұнын жəне олардың өзара бай-
ланысын, дағды жəне білік тренингтерін, білімді есте сақтау