Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



Pdf көрінісі
бет186/189
Дата17.05.2022
өлшемі1,08 Mb.
#34758
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   189
336
Коммерциялық LMSXLCMS
Нарықтың білім беру шарттарында  пəндік қолданысқа 
бағытталған немесе электрондық оқытуға арналған бірнеше 
коммерциялық өңдеулер ұсынылған. Олар: 
-IBM Lotus Workplace Collaborative Learning (LWCL) – бұл əмбебап 
жүйесі дəстүрлі жəне электрондық оқытудың басқару жүйесінде 
жұқа, сенімді жəне масштабтық, оқыту материалдары мен ресурста-
рын сипаттайды. Мұндай жүйелер ірі басқару компаниялар мен хол-
дингтермен қатар оқыту мекемелерінде де қолданылады. Сонымен 
қатар, жүйенің Shareable Content Object Reference Model (SCORM) 
жəне  Aviation Industry CBT Committee (AICC) секілді салалық стан-
дарттары бар.
Олардың: 

түрлі топтағы қолданушыларға арналған курстардың 
қолжетімділігін басқарады;
-   оқыту үдерісін басқарады;
-  сабақтың өтілу барысы мен оқыту программаларын құрады 
жəне зерттеп отырады;
-   күнтізбелік жоспар мен сабақ кестесін құрады жəне басқарады;
-   оқыту материалдарын құрып, енгізу жəне курстық каталогтар-
ды басқару;
-   оқыту қорытындыларын тестілеу жəне зерттеу;
-  дискуссиялар мен хат алмасуларды қамтамасыздандыру;
-  алшақ/ мобилдік қызметкерлер үшін оқыту үдерісін қамту 
сияқты қызметтік мүмкіншіліктері бар.
Бұл жүйенің кемшілігі оның  IBM шешімдерімен байланысты-
рылуы жəне орыс тілінің шектелуі:
- Oracle Learning Management (OLM) – оқытуды басқарудың 
корпоративтік жүйесі. Оқытудың барлық іс-əрекеті түрлеріне 
арналған  (дəстүрлі жəне онлайн оқыту режиміндегі):
- курсты жəне оқудың  бағдарламасын жоспарлау жəне оқыту 
үрдісін жоспарлау жəне қамтамасыз ету (дəрісхананы, нұсқаушыны, 
жабдықты, қашықтықтан курстарды жəне т.б),  дəрісханаларда 
жəне онлайн курстардағы курсқа шақыруды, сондай-ақ қызметкерді 
оқытудың барлық жағдайына араластыру, қаржыларды есептеу. 
OLM оқытуды басқару жүйесі:
- оқудың  үдерісінің барлық қатысушыларын: оқушы, оқу 
үдерісінің оқытушысы жəне оқу бағдарламасын жеткізушісінің 
менеджерлері;оқытудың біртұтас ақпараттық ортасына 
біріктіруге мүмкіндік береді; 


337

 оқыту  үдерісінің барлық кезеңдерін қамтиды: курсты 
құрастыру, оқыту үрдісін жоспарлау, тыңдаушыларға курстың 
жəне басқа қажетті материалдардың жеткізілуін, оқыту бары-
сын бақылау жəне талдау;
- аудиториядағы күндізгі оқыту тəрізді оқытуға толықтай 
мүмкіндікті беретін корпоративтік жаңа көзқарасты 
электрондық курстарды қолдану арқылы қашықтықтан 
оқытуды ұсынады;
 -  оқу курсының білім алушылары мен басқарушыларына Web-
интерфейс арқылы өзбетіндік жұмыс жасау мүмкіндігін береді, 
сондай-ақ оқытудың тиімділігін арттырады жəне мекемедегі 
білім беру үрдісінің қаржылық шығынын қысқартуға 
көмектеседі;
-     үлкен мекеме үшін бұл көптеген қызметкерлерді бірыңғай меке-
меде қабылданған стандарттар мен ережелерге сай оперативті 
оқытудың мейлінше сапалы, тиімді жəне пайдалы əдісі болып 
табылады;
-  оқытуды дербестендіру мүмкіндігін береді. Əрбір топ үшін 
тыңдаушылар  жəне əрбр жеке тыңдаушы үшін оқытудың 
дербес жоспары жоспарлануы мүмкін. Тыңдаушы оқытудың 
классикалық үрдісін жəне білімді беру үрдісін беру арқылы 
қажетті ақпаратты қажетті салада жылдым алу мақсатында 
экспертпен оперативті қарым-қатынас жасау мүмкіндігін ала-
ды.
ҚОЖ «қиын» кемшіліктері, Oracle МКБЖ қажет етеді.
-  WebTutor  қашықтықтан оқыту жүйесі келесі модульдерден 
тұрады:
1. Оқу курсының редакторы, интербелсенді жаттығулар редак-
торы, тест редакторы, бақылау сұрақтары  қамтылған қашықтықтан 
оқытуды басқару модулі;
2. Оқу порталын басқару модулі порталдың ақпараттық материал-
дары редакторын, ұйымдастырылған құрылымды/қолданушыларды 
енгізуді сақтау орнын; форумдарды басқару/модельдеуді қамтиды;
3. Мəліметтермен алмасуға арналған шлюз. Бұған қызметкерлерді 
есепке алу жүйесінен мəлметтерді енгізу, (Active Directory, LDAP-
мен интеграция);  кез келген реляциялық мəліметтер қорының 
негзінде құрылған қоймағы мəліметтерді экспорттау кіреді; 
Кез келген масштабтағы филиалдық желісі бар компания үшін 
WebTutor  таратылған қашықтықтан оқыту жүйесінің негізінде оқу 


338
материалдарымен (SCORM, AICC) алмасудың халықаралық стан-
дартын қолдайды.
- «Прометей» жүйесі модульдік архитектурасы қажетінде жүйені 
кеңейтуге, модернизациялауға жəне масштабтауға мүмкіндік береді. 
Жүйе келесідей модульдерден тұрады.
-   типтік Web-узел – оқу орталығы, курстар мен пəндер тізімін, 
ұйымдағы Интернеттегі немесе Интернеттегі тьюторлар тізімі  
туралы ақпаратты беретін HTML-беттерінің жиынтығы;
-   «Администратор» АЖМ (Автоматтандырылған жұмыс модулі). 
Модуль администратордың өз қызметтік міндеттерін орында-
уын қамтамасыз етеді. Оның міндеттеріне келесілер жатады: 
жүйені басқару, оның компонеттеріне қолжетімділік құқығын 
шектеу, жаңа тьюторларды жəне ұйымдастырушыларды тіркеу. 
Қолданушы Желіге қосылған кез келген клиенттік компьютер-
мен жұмыс істей алады.
-   «Ұйымдастырушы»  АЖМ.  Модуль  ұйымдастырушылардың 
өздерінің қызметтік міндеттерін орындауын қамтамасыз етеді: 
оқушылар тобын қалыптастыру, тыңдаушыларды тіркеу, оқыту 
ақысын төлеуді жəне оқу материалдарын жіберуді бақылау.
- «Тьютор» АЖМ. Бұл модуль тьютордың өзінің қызметтік 
міндеттерін орындауын қамтамасыз етеді. Оның міндеттеріне 
мыналар жатады: тыңдаушыларға кеңес беру, олардың 
үлгерімін бақылау, тестілеу, сынақ кітапшасына бағаны қою, 
басшылыққа есеп беруді қалыптастыру.
-  «Тыңдаушы» АЖМ. Бұл модуль тыңдаушыны курсты оқып-
үйренуге арналған барлық қажетті құралдармен қамтамасыз 
етеді. Тыңдаушы тьютормен жəне курстастарымен қарым-
қатынас жасай алады, курстың электрондық версияларын 
оқып-үйренеді, зертханалық жұмыстарды орындай алады, тест 
тапсыра алады, қатемен жұмыс жасау мүмкіндігіне ие болады.
-   «Трекинг» модулі мəліметтер қорында оқу орталығының Web-
серверінде орналасқан ақпараттық материалдарға деген ха-
барламаларды есепке алады, сондай-ақ кім не туралы, қашан 
жазғандығы, ия ақпаратты қарағандығы  туралы есепті береді.

«Курс» модулі курсқа тыңдаушылар, тьюторлар, 
ұйымдастырушылар жəне администраторлар тұрғысынан 
қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Əрбір қолданушы үшін 
курстар тізімі топтағы оның неге мүшелігінің негізінде 
қалыптасады.


339
-  «Тіркеу» модулі жаңа тыңдаушылар жүйесіне тіркейді жəне 
олар туралы ақпаратты мəліметтер қорына енгізеді.
- «Тест» модулі əрбір тыңдаушы үшін тест тапсырмасын 
қалыптастырады. Мəліметтер қорында сұрақтардың жауабын 
сақтайды, оларды талдайды жəне алынған балды есептейді. 
Тестті тапсыру туралы нақты есепті тіркейді жəне оны келесі 
талдау үшін серверде  сақтайды. 

 «Тест дизайнері» интербелсенді режимде жаңа тесттерді 
құруға, бұрыннан бар тесттерді мəтіндік файлдан кеңейтуге 
жəне өзгертуге мүмкіндік береді.
-   «Есеп» модулі төлемақының түсуін бақылауды жəне оқу мате-
риалдарын таратуды бақылауды қамтамасыз етеді.
- «Есептер» модулі оқу мекемесінің іс-əрекеті туралы түрлі 
есептерді қалыптастырады.
-   «Курс дизайнері» модулі автономды режимде, оларды  кейіннен 
оқу орталығының серверінде орналастырылатын электронды 
оқу курстарын құруға мүмкіндік береді. Жергілікті компьютер-
ге орнатылған жеке программаны білдіреді. Бұл компьютерді 
Желіге қосу міндетті емес. 
-  жүйенің кемшілігі Microsoft өніміне тіркелгенінде болып та-
былды, сондықтан масштабтануы жеткіліксіз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет