Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



Pdf көрінісі
бет188/189
Дата17.05.2022
өлшемі1,08 Mb.
#34758
түріОқулық
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   189
Еркін таратылатын LMS\LCMS
OpenSource жүйесінің LMS\LCMS талдау негізінде келесілер 
ерекшеленген: ATutor, Claroline, Dokeos, LAMS, Moodle, Sakai. 
Сұрыптаудың негізгі көрсеткіштері жүйені қолдау дəрежесі жəне 
көптілді сүйемелдеу болып табылады. 
ATutor жеткіліктілік жəне бейімділік идеясын есепке ала отырып 
дайындалған оқу контентін басқарудың еркін таратылатын web – 
бағдарланған жүйесін білдіреді. Администраторлар бірнеше минут 


342
ішінде Atutor-ды өңдей жəне инсталлизациялай алады жəне өзінің 
жүйені безендіру шаблондарын дайындай алады. Оқытушылар on-
line сабақты жүргізу үшін оқу материалын жылдам жинақтайды, 
мазмұнын құрылымдайды. Білім алушылар оқытудың бейімделген 
ортасында жұмыс істейді.
Claroline (Classroom Online) – оқытушылардың тілегін есеп-
ке алу негізінде қашықтықтан оқыту сайттарын құру платформа-
сы. Лувен университетінің католикалық педагогика жəне муль-
тимедиа институтында жасалған. PHP/MySQL/Apache орнатуды 
талап етеді. Ол 2000 оқушыларға дейін қабылдай алады. Claroline 
сабақты құруға, оның мазмұнын редакциялауға, оларды басқаруға 
мүмкіндік береді. Қосымшасы викторина, форумдар, календарь, 
құжатқа қолжетімділікті шектеу қызметін, сілтеме катологын, білім 
алушылардың табыстарын бақылау жүйесін, авторизация модулін 
қамтиды.  
Dokeos-(fork) Claroline (версия 1.4.2.) тармағына негізделген 
қашықтықтан оқыту сайттарын құру платформасы. Тармақ 
түпнұсқаны сол немесе басқа бағытта өзгерту мақсатындағы еркін 
таратынатын программалық өнімнің клонын білдіреді.
Dokeos-Claroline дайындаушылардың алдыңғы командасының 
кейбір мүшелерінің жұмысының нəтижесі, сондай-ақ олар 
келесілерді ойлап тапты:
- қосымша бағытын өзгертуді. Енді олар университетке қарағанда 
мекемелерде қолдануға ыңғайлы. Claroline үлкен көлемдегі 
білім алушылар мен курстар санын сүйемелдеуде көрінетін 
университеттік орта үшін жақсы бейімделген. Dokeos 
кəсіби клиенттерге, мысалы, кəсіпорын қызметкерлеріне 
бағдарланған. 

платформаға арналған қосымша сервистер жиынын 
ұйымдастыруға. Dokeos атауы қосымшаға да, сонымен қатар 
платформаға: хостинг, интеграцияланған контент, қосымша 
модульдер жасау, техникалық сүйемелдеу жəне т.б. əртүрлі 
сервистер жиынтығын ұсынатын бірлестікке де жатады.
Тармақ жақын уақытта ерекшеленгендіктен, екі қосымша да қазір 
бір-біріне ұқсайды, сондай-ақ олардың эргономикасында, интерфейс 
құрылымында, функционалында қазірден бастап байқалатын кейбір 
айырмашылықтар бар.
Moodle-online-сабақтар мен оқытушы web-сайттарды ұйымдас-
тыруға арналған жүйе. «Moodle» сөзі - «Modular Object-Oriented 


343
Dynamic Learning Environment» сөзінің аббревиатурасы. Орыстілді 
ортада «Мудл» жəне «Моодус» (модульдік объектіге-бағдарланған 
динамикалық басқару ортасы).
Ол кез келген РНР сүйемелденетін операциялық жүйеде: Unix, 
Linux, Windows қолданылады. Мəліметтер MySQL  жəне PostgreSQL 
мəліметтер қорында сақталады, бірақ басқа мəліметтер қорын 
басқару жүйелері қолданылуы мүмкін.  Программа жеңіл орнаты-
лып, орнатылуы мен программаның жаңа версияға көшуде өңделуі 
қиындық тудырмайды.  
Moodle   қашықтықтағы ортада оқыту үдерісін толықтай 
сүйемелдеу үшін кең спектрлі мүмкіндіктер ұсынады, атап айтқанда 
оқу материалын берудің түрлі тəсілдері, үлгерімді бақылау мен 
білімді тексеруде. Өзінің қызметтік мүмкіндіктері бойынша, 
ұсынылатын электрондық оқыту жүйесінің пайдаланушыларға 
арналған оқып-үйренудегі қарапайымдылығы мен қолдануға 
 
ыңғайлылығы көптеген талаптарды қанағаттандырады. Қазіргі 
кезеңде оны əлемнің ірі университеттерінде қолданады.
Sakai оқу білім беру кеңістігін ұйымдастырудың онлайн жүйесін 
білдіреді.  Sakai   дайындаушылар бірлектігімен сүйемелденетін 
түпкілікті коды толықтай ашық жүйе болып табылады. Жүйеге IMS 
Common Cartridge, SCORM стандарттары мен спецификациясын 
сүйемелдеу кіріктірілген.
Ашық кодты жүйелер коммерциялық жүйелер шешетін тап-
сырмаларды шешуге мүмкіндік береді, бірақ мұнда пайдаланушы-
ларда нақты жүйені өз қажеттіліктеріне жəне ағымдағы білім беру 
жағдайына қарай ақырына дейін жасау жəне бейімдеу мүмкіндігі бар.
Қашықтықтан оқытуды табысты енгізудің тағы бір құпиясы 
сəйкесінше нақты талаптарға байланысты программалық 
қамтамасыз етуді дұрыс таңдау болып табылады. Бұл талаптар білім 
алушылардың қажеттіліктеріне, оқытушылардың қажеттіліктеріне 
жəне көп жағдайда оқытудың барысы мен нəтижелерін бақылау 
қажет администратордың қажеттіліктеріне қарай анықталады.
ҚОЖ-н екі  топқа шартты түрде бөлуге болады:
-  құралдардың толық жиынтығы бар жүйелер – оқыту материал-
дарына, топпен оқытуға жəне білімд бағалауға қолжетімділікті 
қамтамасыз ететін құрал-саймандардың толық жиынтығы 
бар жүйе: BlackBoard 5.5; Educator; The Learning Manager 3.2; 
WebCT 3.7 (3.8) Campus Edition; WebCT Vista 1.2; NauLearning 
жəне т.б.


344
-   Bazaar 7; Claroline 1.2.0; 1.4; ATour 1.3; 1.4; Sakai; Moodle 1.1 
жəне т.б. программаның түпкілікті кодын модифициялауға 
мүмкіндік беретін лицензиямен дайындалған жəне таратылған 
ашық коды бар жүйелер.
-   Дизайн құрал-саймандарының толық жиынтығы жүйесі – курс-
ты құруға, жүйенің сыртқы түрін редакциялауға жəне шаблон-
ды құруға Moodle 1.1;  ATour 1.3 (1.4); The Learning Manager 
3.2; BlackBoard 5.5 (6) жəне т.б.
-  Мейлінше танымал жүйелер - ANGEL 6.0; BlackBoard 5.5; 6; 
WebCT 4.1 Campus Edition жəне т.б. пайдаланушылар арасында 
көбірек таратылған.
-  Оқытушының жұмысын толықтай сүйемелдейтін жүйелер – 
курсты басқару, оқытушыға көмек, бағалау, студент ағымын 
басқару қызметін сүйемелдейтін жүйелер:  NauLearning; 
ANGEL 5.6; 6.0; Anlon 4.1; ATour 1.3; 1.4 жəне т.б.
Ыңғайлылық үшін салыстырмалы талдау жүргізуде əрбір топтан 
бір адамнан таңдау қажет етіледі (5 жүйе 5 топтан).
Бірінші топқа BlackBoard 5.5 бөлінеді, қалғандарынан бұл 
жүйеде оқытушы материалға, топпен оқытуға жəне оқушыларды 
бағалауға қолжетімділікті қамтамасыз ететін толықтай құрал-
саймандар жиынтығы бар. 
Екінші топта Bazaar 7 таңдалады, бұл жүйе толық ашық коды 
бар жүйе.
Үшінші топта Moodle 1.1, бұл өте танымал қашықтықтан оқыту 
жүйесі, онда курсты құруға, жүйенің сыртқы түрін редакциялауға 
жəне шаблондарды құруға  құрал-саймандардың көп жиынтығы бар.
Төртінші топта ANGEL 6.0 іріктеледі, ол басқа жүйелермен 
салыстырғанда мейлінше танымал жүйе болып табылады.
Бесінші топта NauLearning. Тобында NauLearning  оқытушының 
жұмысын жақсы сүйемелдейді (курсты басқару, оқытушыға көмек, 
бағалау, студент ағымын басқару). 
Талдау жасау үшін көрсеткіштерді ерекшелеу жəне 
көрсеткіштерге салмақ беру керек. Салмақ қашықтықтан оқыту 
саласындағы мамандардың эксперттік бағалау əдісімен анықталған. 
Толық кесте 28 бет ұзындыққа ие, мейлінше маңызды көрсеткіштерді 
қарастырайық. 1-кестеде келтірілген, сəйкесінше көрсеткіштердің 
бағалары жəне салмағын көбейтіп, нəтиже аламыз. 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   181   182   183   184   185   186   187   188   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет