46
мен түріне байланысты құрамының ерекшеліктеріне байланыс-
тырудың мағынасы жоқ. Білім əрекетінің жекелеген түрлерінде
аппараттық қамтамасыз етуді қарастыру анақұрлым тиімді болып
табылады.
Əртүрлі аппараттық қамтамасыз етуді қолдану бірқатар дұрыс
аспектілерімен бірге жағымсыз жақтары да бар, біріншіден,
үйренушілер мен педагогтардың денсаулықтары мен психологиялық
жағдайына кері əсері. Сəйкес нормалар мен ережелердің есебі бо-
лып білімде компьютерлік техниканы тиімді қолданудың міндетті
шарты есептелінеді. Білімді ақпараттандыруда қолданылатын
аппараттық құралдарға берілетін шектеулер мен нұсқаулар үйре-
нушілердің психологиялық жас ерекшеліктеріне, жекелеген
пəндер бойынша нақты əдістемелік оқыту жүйесінің өзгешік-
теріне, қолданатын аппараттық қамтамасыз етудің түрі мен
санына, компьютерлік техниканы жəне басқа да белгілерін пай-
далану шарттарына байланысты түрлі болады. Үйренушілер мен
педагогтар үшін аппараттық қамтамасыз етуді қолданудағы аз
кедергісі бар əмбебап ұсыныстар мен нұсқауларды құрастыру
мүмкін емес.
Білім саласындағы компьютерлік техниканы кез келген жағдайда
қолдану міндетті түрде құжаттарда көрсетілген белгілері жəне шарт-
тарымен, сəйкес құрылғыны пайдаланудағы қауіпсіздік нормалары
жəне ережелерін сақтаумен жүргізілуі тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: