Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі е. Ы. Бидайбеков, В. В. Гриншкун, Г. Б. Камалова, Д. Н. Исабаева, Б.Ғ. Бостанов білімді



Pdf көрінісі
бет28/189
Дата17.05.2022
өлшемі1,08 Mb.
#34758
түріОқулық
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   189
Мультимедиа - бұл:
- зерттеме, функциялау, əртүрлі ақпаратты өңдеуге өңдеу 
құралдарын пайдалану тəртібін түсіндіретін технология;
-  əртүрлі типтегі ақпаратты өңдеу жəне тарату технологиясының 
негізінде пайда болған ақпараттық;
-  əртүрлі типтегі ақпаратты тарату жəне өңдеуге байланысты 
компьютерлік бағдарлама;
- əртүрлі типтегі ақпараттармен жұмыс істеу мүмкіндігін 
қамтамасыз ететін компьютерлік-аппараттық жүйе;
-  өз алдына визуалды (мəтін, графика) жəне динамикалық (сөз, 
əуен, бейнефрагмент) ақпараттарды біріктіретін ақпараттың 
бір түрі.


49
Ақырында, «мультимедиа» термині кең мағынада 
пайдаланушының əртүрлі бағдарламалық жəне техникалық 
құралдарды қолдануда пайдаланатын ақпараттық технологиясы 
дегенді білдіреді.
Ақпараттандыру құрылғыларында мультимедианы қолдану 
арқылы графикалық, əуендік, фото жəне бейнеақпараттарды бірдей 
қосуға болады. Бұл құрылғылар арқасында жұмыс тəжірибесі əрі 
белсенді, əрі эмоциялы болады.
Мультимедиа жүйесінің пайда болуы адамның көптеген қызметтік 
арнасында революция жасады. Мультимедиа технологиясының ең 
кең қолданылған саласы – білім беру орталығы. Себебі, мультиме-
диа саласында жасалған ақпараттық құралдар білім беру жүйесінде 
білімнің тиімділігін арттырады. Оқушы материалды ауызекі 
оқығанда 1 минутта ақпараттың 1000-ға дейін шартты бірліктерін, 
ал көру органдарын қосқанда 100 мыңға жуық бірліктерді қабылдай 
алатын қабілеті бар екені тəжірибе жағынан дəлелденген. 
Қазіргі уақытта мультимедиалық жасалып жатқан құралдардың 
мыңға жуық атауы бар. Мультимедиалық технологиялар жəне 
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдары өте тез дамып 
келуде. 
Мультимедиалық технология мен құралдардың төмендегі əдістері 
аудиовизуалды ақпараттарды өңдеуде, мотивацияны жоғарылауда 
қолданылады: 
-  визуалды ақпаратты «манипуляциялау» (қабаттасу, ауыстыру) 
-   əртүрлі аудиовизуалды ақпараттарды араластыру;
-  анимациялы эффекттерді нақтылау;
- визуалды ақпараттарды деформациялау (суреттерді қысу, 
қысқарту, үлкейту);
-  аудиовизуалды ақпаратты тарату;
- суреттерді бояу;
- өз алдына алмастырылуына керекті ақпараттың бөлігін 
белгілеп алу; 
-  бір экранда аудилвизуалды ақпаратты көбейтіп көрсету мыса-
лы: бір терезеде – бейнефильм, біреуінде – мəтін);

нақты уақытта өтіп жатқан үрдістерді деформациялау.
Білім беру жүйесінде қолданатын мультимедиа мен Ақпараттық-
қатынастық технологиялар құрылғыларға байланысты бірнеше 
түсініктер бар. Соның бірі иллюстрация. «Иллюстрация» термині 
екі түрлі мағынада қолданылады.


50
Иллюстрация – бұл:
-  мəтінге басқа типтегі толықтаушы ақпарат енгізу (сурет немесе 
əуен);
-  тереңдетіп түсіндіру үшін мысалдар терминнің екі мағынасы 
да тең дəрежеде қолданылады, қағаз жүзіндегі кітаптарда да, 
электронды құралдарда да. Бұл термин қазіргі мультимедиа 
құралдарында, ақпараттандыру жүйесінде кең қолданады, 
яғни иллюстрация ақпарттандыру құралдарын қолданғанда 
оқу материалын түсіндіруде көрнекілік, терең түсіндірме, қиын 
тапсырмаларды жеңіл шешуде пайдаланылады. Мультимедиа 
жұмысты қызықты да тез аяқтауға көмектеседі. 
Мультимедиа құралдарында иллюстрация мысалдар түрінде 
(соның ішінде мəтіндік), екі өлшемді жəне үшөлшемді графикалық 
суреттер (суреттер, фотосуреттер, сызба, кесте, диаграмма) түрінде, 
əуенді фрагмент, анимация жəне бейнефрагмент түрінде берілуі 
мүмкін. 
Білім беру жүйесіндегі мультимедиа құралдарының түрлері 
өзгеріп жатқанымен ондағы иллюстрация өзгерген жоқ. Бағдарлама 
өзгерседе бұрыннан пайдаланылып келе жатқан иллюстрация жаңа 
түрлеріне де сəйкес келе береді. Бұл команда əдеттегі кітаптарды 
басып шығаруда кеңінен қолданылады. Кітаптарды басып шығару 
орталықтарында иллюстрациялау элементтерінің арқасында бас-
пахана арнайы элементтері жасалады, əрине баспахана өзінің 
физиологиялық жағымен келісіп барып анықтайды. 
Қазіргі уақытта оқу пəні мен білім жүйесіне байланысты 
мультимедиалық энциклопедиялар да дайындалды. Жағдайына 
байланысты жаттықтырушы ойындар да бар. Ол арқылы оқушы 
жүйемен кең таныса алады, оқу үдерісін ұйымдастырады, жаңа 
əдістерді қолдана алады.
Мультимедиа өзінің интербелсенділігі, тереңдігі, əртүрлі 
оқыту ақпараттарын интеграциялау сияқты сапасына жəне 
қасиетіне, сонымен бірге дербес ерекшелігін бағалауына, мотива-
цияны көтеруіне байланысты ең тиімді оқыту технологиясы болып 
табылады.
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарының интер-
белсенділігі пайдаланушыға, оқушы мен оқытушыға құрыл-
ғылармен өзара белсенді түрде тіл табысуына мүмкіндік береді. 
Интербелсенділік арқылы пайдаланушыда оқу диалогы пайда 
болады. Диалогтың бір жағы – пайдаланушы болса, екіншісі – 


51
Ақпараттық-қатынастық технологиялар құрылғысы болып табыла-
ды. 
Интербелсенділікті қолдану ең бір жоғары бағаланатын муль-
тимедиа құрылғыларының командасына жатады. Интербелсенділік 
арқылы белгілі бір дəрежеге дейін ақпаратты басқарып отыруға бо-
лады: оқушылар өз алдына жобаларды ауыстыра алады, нəтижелерді 
оқи алады, сонымен бірге бағдарламаның оқушының орындап 
жатқан тапсырмаларына қойған сұрақтарына жауап бере алады. 
Оқушылар материалдың экранға шығу жылдамдығын орната ала-
ды, қайталау саны жəне басқа да параметрлерді басқарып отырады. 
Осыдан мультимедиа технологиясының қаншалықта терең екенін 
түсінуге болады.
Мультимедиа технологиясымен ақпараттың көптеген түрлерін 
гармондық жəне маңыздылық жағынан интеграциялауға болады. 
Бұл компьютер көмегімен төмендегі əртүрлі пішіндегі ақпараттарды 
көрсете алады деген сөз:
-  сурет, фотосурет, сызбалар, карта мен слайдтар (оның ішіне 
сканерленген суреттерде кіреді);
-  дауыстық жазбалар, дыбыс эффектісі жəне музыка;
-  бейне, қиын бейнеэффекттер;
- анимациялар.
Білім беру жүйесінде мультимедианың тиімділігін келтірілген 
көптеген мысалдар арқасында көруге болады.
 Мысал. Мультимедиа арқасында суреттер жəне анимациялар 
көмегімен жасалған презентациялар өте көзге тартымды көрінеді. 
Жай жазылған мəтінге керекті эффектер беру арқылы оқытылатын 
материалды толықтырып, оқытудың тиімділігін арттырады.
 Мысал. Мультимедианы қолдану оқушыларға физика немесе хи-
мия сабақтарынан мектеп жағдайында шеше алмайтын тапсырмала-
рын шешіп, біраз тəжірибе жинауына мүмкіндік береді. 
  Мысал. Мультимедиа көмегімен басқа жаңа ақпараттарға 
ауыстырылуға болады, яғни оқушыларға оқытылып жатқан 
курсының тарихын, мұражай экспонатын немесе ескерткіштерді сы-
ныптан шықпай-ақ көрсете алады.
Мысалы, ұшақтарды дайындауда қазіргі заманға сай ұшақтарды 
арнайы мультимедиалық жаттықтырусыз жүзеге асыру мүмкін емес. 
Модельдеу шынайы жағдайда интербелсендікті болашақ ұшқыштар 
үшін талап етіледі. Мультимедиада адамдардың оқу стилі, 
қабылдауы əртүрлі болып келеді. Кейбір білім алушылар оқулықты 


52
таңдаса, ал біреуі ауызша тыңдап есте сақтағанды, ал біреулер тіпті 
бейне роликтерді қарағанды жөн санайды. Мультимедианы 
қолдану барысында білім алушы қалай жұмыс істеу керек екенін 
өзі шешеді. Олар өз қызметкерлерімен бірлесіп, жұмысты бірге 
атқарады. Осындай жағдайдан соң, білім алушылар белсенді 
болады. Мультимедиамен жұмыс істеу барысында ақпараттық 
білім, яғни білім алушылар оқу үрдісін өзінің қабілеттілігімен 
меңгереді. Өздеріне қажетті материалдарды, қызықтыратын ма-
териалдарды өздерінің қалауынша қарай беруіне болады. Осын-
дай жағдайда білім алушылардың мультимедианы пайдалануының 
өзіндік стилі, жəне бір ретпен оқу сияқты үрдіс орындалады. Муль-
тимедиамен тез арада бірнеше көрнекті оқу үдерісін жүзеге асыруға 
болады.
Мультимедиа құралдарын білім беруде қолдануға қатысты 
артықшылықтар қатарына келесілерді жатқызуға болады: 
-  оқыту үрдісінде оқушылардың бірнеше қабылдау каналдарын 
қолдану, яғни əртүрлі сезім мүшелері арқылы қабылданатын 
ақпараттарды интеграциялау негізінде қол жеткізіледі;
-  күрделі, қымбат немесе қауіпті нақты эксперименттерді мо-
дельдеу мүмкіндігі;
-  үрдістерді динамикалық түсіндіру негізінде ақпаратты көрсету;
-  микро жəне макроəлемдегі нысандар мен үрдістерді көрсету;
-  оқушылардың когнитивтік құрылымдары мен интерпретация-
сын дамыту мүмкіндігі.
Мультимедиа құралдары оқыту үрдісін жақсарту үшін, соны-
мен қатар нақты пəн аясында, сонымен қатар бірнеше пəнаралық 
байланыстағы пəндерді оқытуда пайдаланылуы мүмкін. 
Білім беру жүйесінің тиімділігіне оқыту үрдісінің барысы 
өтетін орта əсер етеді. Бұл ұғымға оқыту үрдісінің құрылымы, 
оның жағдайы жəне қолжетімділігі (қоғам, кітапханалар, 
мультимедиалық ресурстар орталықтары, компьютерлік зертхана-
лар жəне т.б.) кіреді.
Мұндай жағдайда білім беруді ақпараттандырудың мульти-
медиа құралдары бірнеше оқыту құралдарының ішіндегі біреуі 
ретінде қолданылуы мүмкін. Мұндай орта оқушылардың оқып-
үйренетін пəндік білім аясында ойлануға, барысы мен нəтижесі 
туралы талқылауға мүмкіндік беретін жəне өз сыныптастарымен 
мұғаліммен диалогқа түсетін бірнеше білім беру жобаларында 
қолдануға болады.


53
Сонымен, қазіргі заманға сай мультимедиалық құралдар өзінің 
мүмкіндігімен көптеген технологиялық білімді жаңаша жетілдіруге, 
оны қолдану мақсатында ең сенімді технологиялық құралдарды
əртүрлі ақпараттарды жақсы пайдалануға мүмкіндік береді. 
Осылардың ішіндегі ең кең тараған түрі мультимедиалық құрал, 
білім саласында тараған, əртүрлі моделдеу құралдарында жақсы 
дамыған, қызметі ерекше технологияда дамыған жəне виртуальдық 
шынайылық деген атқа ие болған. 
Виртуальдық объектілерге немесе үдерістерге нақты бар, соны-
мен қатар елестетуші объектілер немесе үдерістердің электрондық 
модельдері жатады. Виртуалды ретінде қағаз жəне басқа материалдық 
тасымалдағыштағы білім беру жəне басқа объектілердің электронды 
көшірмелерінің сипаттамасы қолданылады. Бұдан басқа, аталған 
сипаттама нақты кеңістіктің электронды модель-көшірмелерімен 
жұмыстың қасиетін бейнелейтін мультимедиа технологияға 
негізделген интерфейстің болуын білдіреді.
Виртуалдық шындық – дыбыстық, көру, тактильді, сонымен қатар 
нақты уақытта кеңістікке объектілерге қатысты пайдаланушының 
орын ауыстыруына қатысты басқа да ақпараттардың түрін көрсететін 
мультиедиа құралдары.
«Виртуалды шындық» жүйесі адаммен ортаның үздіксіз бай-
ланысын қамтамасыз етеді. Соның ішіндегі жетілген түрлерінде 
қолданушылар компьютер жадында сақталған объектіні, қолғап 
кию арқылы қолмен ұстауына болады. Кейбір жағдайларда экран 
бетіндегі суреттерді аударып, оны кері қайтарып көруге де болады. 
Пайдаланушы «ақпраттық костюммен», «ақпараттық қолғаппен», 
«ақпараттық көзілдірікпен» жəне т.б. қарулану арқылы виртуал-
ды кеңістіке «қадам» жасай алады. Бұған ұқсас мультимедиа 
құралдарын білім беру жүйесінде қолдану пайдаланушы қабылдаған 
ақпаратты қабылдау мен саналы түсіну механизмін өзгертеді. 
Білім беруде «виртуалды шындық» жүйесімен жұмыс барысын-
да ақпаратты қабылдауда сапалы өзгерістер болуда. Бұл жағдайда 
қабылдау көру мен есту көмегімен ғана емес, сонымен қатар сипап 
сезу жəне көрініс арқылы да жүзеге асырылады. Жаңа жағдайда 
оқытудың көрнекілігінің дидактикалық принципін жүзеге асырудың 
алғышарттары пайда болады. Мұндай мультимедиа технологияларын 
білім беру жүйесінде кеңістіктік түсініктерді дамыту үшін қолдану, 
сонымен қатар нақты шындыққа максимал жақын жағдайда маман-
дарды жаттықтыруды ұйымдастыру үшін қолданудың болашағы бар. 


54
Виртуалды шындық жүйесі мысалдарын медицинада хирургтеріне 
күрделі операцияларды жүргізу үшін, ауруларды реабилитациялауда 
қолдану ұсынылады.
Виртуальдық шынайылық ақпаратты ойластыру теориялық 
түрде ғана емес, практика түрінде де қолданылады. Соның ішінде: 
көрнекі - бейнелі немесе көрнекі-əрекетті. Практикалық түрі, 
теориялық түрге қарағанда бейнелі ақпаратты қабылдау символдық 
ақпаратты қабылдауға қарағанда жеңілірек. Сондықтан виртуалды 
шындық технологияларын қолданумен құрастырылған Ақпараттық-
қатынастық технологиялар құралдары оқыту үдерісінде оқу ма-
териалын жақсы түсінуге жəне меңгеруге мүмкіндік береді. Бірақ 
виртуалды шындық жүйесінің деңгейі жоғары болған сайын, оны 
құрастыру үшін сонша еңбек жұмсау керек, осындай қасиетімен 
ақпараттандырудың техникалық құралы педагогтар мен оқушыларға 
қолжетімді, жетілдірілуі тиіс. 
Көптеген педагогтар мен оқушылар, сонымен қатар ком-
пьютермен таныс қолданушылар аппаратты мультимедиа 
құралдарына акустикалық жүйелерді (колонкаларды), дыбыстық 
карта (плата), микрофон, арнайы компьютерлік бейнекамералар-
ды, джойстикті жатқызады. Бұл құралдардың барлығы мультиме-
диа аппаратураларының кең тараған омпонентері болып табылады; 
қолдануға өте қарапайым, түсінікті қызмет атқарады жəне қандай да 
бір детальдық сипаттаманы қажет етпейді. 
Арнайы мультимедиа құралдары үлкен қызығушылықты 
туғызуда, оның негізгі қызметі – оқытудың тиімділігін арттыру. 
Мұндай қазіргі заман құралдарына, алдыңғы кезекте интербелсенді 
мультимедиа тақталарын жатқызу керек.
«Интербелсенді тақта» программалық-аппараттық кешені – бұл 
мектептегі дəстүрлі тақтаның барлық қызметімен қоса, экрандағы 
бейнені графикалық түсіндірудің ауқымды мүмкіндігіне ие, сы-
нып оқушыларының жұмыстарының мониторингісін бақылауға 
жəне жүргізуге мүмкіндік береді; сыныптағы оқушылардың оқу 
жүктемесін арттыруға; оқытудың эргономикалығын қамтамасыз 
ететін, оқытуға жаңа мотивациялық алғышарттарды құруға, диалог 
негізінде құрылған оқытуды жүргізуге, кейс-əдісін қолдану арқылы 
қарқынды əдістемені оқытуға мүмкіндік беретін қазіргі мультиме-
диа құрал. Интербелсенді тақта монитор экранынан бейнені проек-
тор тақтасына бейнелейтін, сонымен қатар тақтаның жанында 
тұрып, компьютерді пернетақта мен «тышқан» манипуляторының 


55
көмегімен басқару сияқты, арнайы фломастердің көмегімен 
басқаруға мүмкіндік береді.
Қолданыстағы интербелсенді тақтаға арналған программалық 
қамтамасыз ету (SMART Board Software) келесідей аспаптарды 
қамтиды:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   189




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет