М. З. Сихымбаева
Астана қ.
СТУДЕНТТЕРДІҢ ТҰЛҒАЛЫҚ ҚАЛЫПТАСУЫНДА
ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ АЛАТЫН РӨЛІ
Қарым-қатынас – бұл әлеуметтік-психологиялық құбылыс, ол адам өміріндегі
көптеген рухани және материалдық құндылықтарды қамти отырып, оның өміріндегі ең
жоғары қажеттіліктердің бірі. Оқытушы мен студенттердің арасындағы педагогикалық
қарым-қатынас ересек адамдардың тәрбие ықпалының маңызды жолдарының бірі болып
табылады. Оқытушы негізінен мұндай қарым-қатынасты ұйымдастыру және қолдануға
біршама даяр, ол студенттер істің негізгі өрісінде – университетте көреді, оның
жолдастары мен достарын біледі. Бұл, бір жағынан араласу үшін көп материал береді,
екіншіден, педагогтың тәрбиелік мақсатына жетуіне әсер етеді, себебі, студенттермен
араласа отырып, оның өміріндегі көптеген факторларды ескере алады және соған сәйкес
тіршілікте туатын проблемаларды шешуге көмектесе отырып, білімгерлерге ықпалын
тигізеді. Алайда, тәжірибеде оқытушының студенттермен қарым-қатынасы әрдайым
ұтымды қалыптаспайды. Көп жағдайда бұл әрбір педагогтың басқару стиліне тәуелді,
басқаша айтқанда, оның студенттермен өзара ықпалы құрылатын функцияларды
тәрбиешінің орындау мәнерлері және тәсілдерінің түріне байланысты. Әдебиеттерді
талдау негізінде оқытушылардың студенттермен қарым-қатынас стилінің бес түрін
сипаттауға болады [1].
Қарым-қатынасты басқарудың автократтық стилінде оқытушы студенттерге
көптеген қатаң талаптар қойып, оның орындалуын қатты қадағалайды. Студенттер
өздерінің көзқарасын, пікірлерін айта алмайды.
Ал өктемдік стилінде автократтықтың негізгі белгілері тән болып келеді. Бірақ,
мұнда студентерге қатысы бар ұжымдық өмірдің проблемаларын талқылауға мүмкіндік
беріледі. Алайда оқытушы әрқашан соңғы шешімді өзінің бағдарларына сай қабылдайды.
Қарым-қатынастың демократиялық стилінде оқытушы топ ұжымына сүйенеді,
студентерді дербестікке ынталандырады. Олар ұжымдық өмір проблемаларын
талқылайды да белгілі бір талғамға ие болады. Бірақ соңғы шешімді оқытушы
тұжырымдайды. Оқытушы студенттердің сын-ескертпелеріне белгілі шыдамдылық
көрсетіп, олардың жеке істері мен проблемаларын жете түсінуге тырысады.
Елемеушілік стильде оқытушы шамасы келгенше студенттердің тірлігіне көп
араласпауға, міндеттері мен басшылық ету нұсқауларын формальды орындаумен шектеле
отырып, іс жүзінде олармен тиімді қарым қатынас жасаудан шет қалуға тырысады.
Айнымалы стильге тән оқытушы сыртқы жағдайға немесе өзіндік эмоциялық күй
жайға байланысты жоғарыда сипатталған қарым-қатынас стильдерінің кез келген түрін
іске асырады, ол оқытушының студенттермен өзара қарым қатынас жасау жүйесін
шатастырып, күрделі жағдайларға жетелейді.
Сондықтан да жеке тұлғаның қалыптасуында студент пен оқытушы арасындағы
қарым-қатынастың орны ерекше. Қандай адам болсын университет қабырғасында өзіне
үлкен әсер еткен оқытушы туралы аса бір жылылықпен еске түсіруі жиі кездеседі.
Оқытушы мен студенттің қарым-қатынасы өте күрделі мәселе болып есептеледі, өйткені
осылардың негізінде студенттердің жеке қасиеттері қалыптасады. Педагог М.Шульцтің
айтуынша, «Мұғалім мен оқушының жеке қарым-қатынастары іс-әрекеттер атқару
нәтижесінде туындауы қажет», - дейді. Педагогикалық тұрғыдан қарағанда
тәрбиеленушіге нәтижелі ықпал ету үшін студент оқытушыны қабылдауы ғана емес,
керісінше оқытушының да студентті де қабылдауы қажет.
Педагогикалық қарым-қатынас дегеніміз – оқытушы мен студенттің рухани баюы.
Бұл нәтижеге тек қана оқытушы студентке өзінің дәрежесіндей тең қарағанда ғана жетуге
болады. Бұл қандай қарым-қатынасты білдіреді?
88
Біріншіден, оқытушы студенттің рухани дүниесіне үлкен құрметпен қарап, оның
еркіндігін мойындап, оның келісу-келіспеу құқығына және іс-әрекетін таңдау құқығына ие
екендігін тануы.
Екіншіден, студенттің дүниеге деген көзқарасын түсініп оның қайғысы мен
қуанышына ортақтаса білу. Кері байланыс біреудің екіншіге деген қызығуы қарым-
қатынасынан туындайды. Жатсыну, бір-біріне селқостық өзара қызығу жоқ жерде пайда
болады. Қалыптасқан әдет бойынша педагогтың әңгімесінің мазмұны ескерту мен
үйретулерге толы болады. Мұндай педагогикалық қарым-қатынас мүмкін емес. Қарым-
қатынас басқа біреудің жан дүниесіне «мен» деген ұғымына ену. Бұл оңай емес, өйткені
басқаның жан дүниесіне енуі үшін психологиялық дайындық керек. Сондықтан қарым-
қатынасты ұйымдастырғанда студенттің психологиялық жағдайын ескеру қажет. Қарым-
қатынаста оқытушы ұстайтын арақашықтықтың да өзіндік маңызы бар. Бұл оқытушының
студентке деген көзқарасының әртүрлілігінде. Педагог өз күшіне сенбесе, бұл
арақашықтықтың алыстауына әкеліп соғады және оның беделіне нұқсан келтіреді [2].
Қарым-қатынасты дұрыс анықтау шығармашылықты талап етеді, әрбір оқытушы
бұл мәселені өзі шешеді. Студенттің тәртіпсіз қылығын көргенде қаталдау қарап, ал
керісінше жағдайда жақын тартады. Арақашықтықтың өлшемі сонымен қатар
оқытушының студентпен сөйлесуінен «сіз» және «сен» түрінде еркелету және ресми
дауыс ырғағынан көрінеді. Қарым-қатынаста арақашықтықты сезу қиын емес. Бұл үшін
сөйлесіп отырған адамдарды бақылап отырып, олардың бір-біріне деген көзқарасын
анықтауға болады.
Студенттермен қарым-қатынас жасаудың ең бір бағалы сәті әр студенттің өзімен
жеке байланыс орнату. Бұл жеке қарым-қатынас студенттің көңіліне сенім ұялатады,
қамқорлықты сезінеді. Жеке қарым-қатынасты қалыптастыру әдісі түрлі-түрлі, мәселен:
қарау, күлімсіреу, қимыл, тыйым сөз, әдепті сұрақ т.б. Бұдан соң басқа студенттермен,
яғни топпен қарым-қатынасқа түсу жеңіл болады. Оқытушы студент бойында қазіргі
заман мәдениетіне сай мінез қалыптасуына жауапты. Өзіне деген сенімділік, беделдік
студентте, сонымен қатар оқытушыда да міндетті түрде болуы керек. Басқаны тыңдай
білу, оны құрметтей білуді де студент оқытушыдан үйренеді. Студентке деген
оқытушының шынайылық және әдептілік қарым-қатынасты, студент бойында да
осылардың пайда болуына әсер етеді. Басқа адамдармен сөйлесе білу мәдениеті де
оқытушыға қатысты. Оқытушының міндеті – студенттермен қарым-қатынасқа түсе
отырып ынталандыруға жағдай жасау. Студенттердің өзара әрекетіне басшылық жасап,
бағыт-бағдар беру. Оқытушы көмекші рөлді атқарады, оның белсенділігінің орнына,
студенттердің белсенділігі артады [3].
Оқытушы студенттер көңілін үйлесімділік орын алу үшін пікірлердің сөзбе-сөз сай
келуіне емес, баға белгілерінің ұқсастығына, қайсыбір пікірлер үшін қажетті адамгершілік
негіздерінің ортақтығына аударуы керек.
Қарым-қатынас – бұл адамның басқа адамдармен өзіндік өзара әсерлесуі және
біріккен іс-әрекетте өзара қатынасының дамуы. Қарым-қатынас адамзат қатынасының
күрделі түрі. А.Б.Добрович пікірінше, қарым-қатынас бірліктегі қызметті реттейді,
сананың алғашқы қалыптасуының және дамуының құралы болып табылады. Ол жеке
тұлғаның ойы мен іс-әрекетін анықтайды деген [4].
Қарым-қатынас адам психикасының және оның мінез-құлқының мәдени, саналы
түрде қалыптасуы мен дамуында үлкен роль атқарады. Қарым-қатынас арқылы адам
жоғары қабілеттері мен қасиеттерін аша алады. Дамыған адамдармен белсенді қарым-
қатынасқа түсе отырып, ол өзі тұлға болып қалыптаса алады. Егер туғаннан бастап, адам
басқа адамдармен қарым-қатынасқа түсу мүмкіндігінен айырылса, ол ешқашан
мәдениетті, адамгершілігі бар адам болмас еді, тек ғана аяғына дейін жартылай жануар
болып яғни, сыртқы жағынан адамға ұқсас болар еді. Оған әдебиеттерде көптеген
мысалдар, зерттеулер дәлел бола алады.
89
Жеке адамдар арасындағы қарым-қатынас тиімділігін арттыру үшін мынадай
жайттар ұсынылады:
мұқият тыңдай білуге дағдылану;
өз идеяңды айтпас бұрын айқындап алу;
потенциалдық семантикалық проблемаларды қабылдай білу;
өзіңнің дене тұрысыңа, қимылыңа, дауыс ырғағыңа зер салу;
эмпатиға және ашық-жарқын әңгімеге көңіл бөлу. Эмпатия – бұл басқа адамның
сезіміне көңіл аудару, әрі өзара пікірлескенде, хабар алмасқанда қолдау, көңілді
әңгімелесу;
кері байланыс орнатуға тырысу [5].
Студенттердің түрлі іс-әрекеттердегі қарым-қатынасы жаңа психологиялық және
тұлғалық сапалардың қалыптасуына негіз болады. Сонымен, қарым-қатынас адамзат үшін
әртүрлі деңгейде, әртүрлі кезеңде қалыптастыруды қажет ететін құбылыс.
Әдебиеттер
1. Брудный А.А. Понимание как философско-психологическая проблема. // Вопросы
философии. 1977. №10. С. – 5-10.
2. Зимняя И.А. Педагогикалық психология – М.: Логос; А, 2005.
3. Кушембаев Р.К. Психология успеха – А., 1999.
4. Добрович А. Общение: наука и искусство. – М.: Яуза. - 255 с.
5. Көмекбаева Л. К. Білім беру ұйымдарындағы психологиялық қызметті
ұйымдастыру. – А, 2002.
6. Бакли Р., Кейпл Д. Теория и практика тренинга.- СПб, 2002
7. Андреева Г.М. Социальная психология. – М.: Аспект Пресс, 1996
8. Бодалев А.А. Психологическое общение. – В.: Н.П.О, 1996.
Г. А. Куребаева
Семей қ.
ӘЛЕУМЕТТІК ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ ОҚЫТУ ӘДІСІ РЕТІНДЕ
Кең мағынада әлеуметтік-психологиялық тренингі топтық жұмыстың белсенді
әдістеріне негізделген психологиялық әсер етудің тәжірибесін білдіреді және коррекция
мен тұлғалық дамудың, іс-әрекет, қарым-қатынас сфераларындағы іскерліктер мен
дағдыларды меңгерудің, білім берудің арнайы формалары қолданылады [1].
Әлеуметтік-психологиялыққ тренинг (ӘПТ) – нақты қандай да бір әлеуметтік
психологиялық білімдерді меңгеруге, персоналдық араласушылық қабілеттерін,
рефлексивті дағдыларды және топтағы болып жатқан жағдайларға, мінез-құлыққа, қалып-
күйлерге талдай жасай алу қабілетін, өзін және қоршағандарды барабар қабылдау
іскерлігін дамытуға бағытталған. Мұнда тұлғалық мінез-құлық пен тұлғааралық өзара
әрекеттесудің нормалары жасалады және түзетіледі, сонымен қатар жағдайға икемді
жауап қайтара алу қабілеті дамытылады [2].
ӘПТ – белсенді оқыту мен психологиялық әсер етудің әдісі болып табылады, ол
топтың интенсивті өзара әрекеттесу процесінде жүзеге асырылады, және қарым-қатынас
сферасындағы хабардарлықты жоғарлатуға бағытталған. Мұнда үйренушінің жалпы
белсенділік қағидасы басқа топ қатысушыларының мінез-құлығы мен өзінің мінез-
құлығын рефлексиялау принципімен толықтырылады.
90
ӘПТ барысында шешілетін негізгі міндеттерді бес топқа бөлуге болады:
психологиялық білімдерді меңгеру, адам тұлғасына арналған түрлі психологиялық
көзқарастармен танысу, адамдардың өзара әрекеттесу процесін, бұл әрекеттесуді
қозғалысқа келтіретін серіппелерді, нәтижелі қарым-қатынас тәсілдерін меңгеру [3].
Сырттай білдірілетін қарым-қатынас дағдылары мен іскерліктерін меңгеру: жұптағы
өзара әрекеттесу кезінде, топ құрамында, қатынасқа түсу кезінде, белсенді тыңдау кезінде,
т.б., яғни қарым-қатынас тактикалары мен техникаларын жетілдіру.
Тренинг барысында жасалатын психологиялық қауіпсіздік және ыңғайлылық
атмосферасы қатысушыларға мінез-құлықтық эмоционалдық стереотиптер тізімін
көрсетуге және өзінің мінез-құлығына кері байланысты алып, адамдармен өзара
әрекеттесу кезінде жіберілген қателіктерді, қарым-қатынасқа басқа, одан да нәтижелі
бағыттарды қолдануға болатынын ұғынуға, өзара әрекеттесудің жаңа дағдыларын
меңгеруге мүмкіндік береді. Әрбір тренинг қандай да бір дәрежеде аталған міндеттерді
шешеді, және де бұл дәрежеге тек тренингке ғана байланысты емес, ол сонымен қатар топ
мүшелерінің тұлғалық мәселелеріне, мақсаттарына, мотивациясына тәуелді болады [4].
ӘПТ процесінде топтық дискуссия, рөлдік ойын, вербальді емес жаттығулар т.б.
түрлі әдістемелік тәсілдер қолданылады. Сабақ барысында бейнежазылымды қолдану
ӘПТ-тің нәтижелілігін жоғарлатып, қатысушыларға объективті кері байланысты алуға
мүмкіндік береді.
ӘПТ бірінші кезекте әртүрлі саладағы мамандарды: басқарушыларды, педагогтарды,
дәрігерлерді, психологтарды, әлеуметтік қызметкерлерді т.б. даярлаудың құрамды бөлігі
ретінде кең тарау алды [5].
Әлеуметтік-психологиялық тренинг – адамдардың топтық өзара әрекеттесуі кезінде
қалыптасатын өмірлік тәжірибені жинақтау арқылы оқыту. Әсіресе, осындай оқыту
болашақ мамандар үшін өзекті болып келеді, осы кезде кәсіби қарым-қатынас қажеттілік
өрши түседі, ал кәсіби тәжірибе жеткіліксіз, бірақ оны жинақтауға деген ұмтылыс анық
көрінеді.
ӘПТ жағдайындағы қарым-қатынас, кәдімгі тұлғааралық қатынастарға қарағанда,
интенсивті, эмоционалды, ашық, шынайы болып келеді. Топпен жұмыс істеудің бастапқы
кезеңдерінде жүргізушінің негізгі міндеті сәйкес атмосфераны қалыптастыру, осындай
қарым-қатынас үшін психологиялық қауіпсіз жағдайларды модельдеу [6].
Жағдайлардың көбінде психологиялық тренинг топтық формада жүргізіледі,
көптеген авторлар бұның артықшылықтарын бөліп көрсетеді. Жұмыстың топтық
формасының артықшылықтары:
Топ миниатюрадағы қоғамды бейнелейді, сондықтан әртүрлі әлеуметтік
ептіліктерді дамыту үшін «полигон» бола алады.
Адам топта жаңа іскерліктерді меңгере алады, өзі сияқты серіктестер арасында
қатынастардың түрлі стильдерімен эксперимент жасай алады.
Топ ұқсас мәселелері бар адамдардан қолдау мен кері байланыс алуға мүмкіндік
береді, қатысушылар өздерін басқалармен ұқсастыра алады.
Топтық тәжірибе оқшаулануға қарсы әрекет жасап, қоршағандар мен жақын
қарым-қатынас орнатуға, тұлғаралық мәселелерді шешуге көмектеседі.
Топ қатысушылардың өзін-өзі ашу, өзін-өзі зерттеу, өзін-өзі тану процестерін
жеңілдетеді.
Топтағы өзара әрекеттесу күштенуді туғызады, ол өз кезегінде қатысушылардың
психологиялық мәселелерін анықтау мен шешу бойынша құрылымдық жұмысқа
тасымалданады.
Топтық психологиялық жұмыс бір мезгілде көп адамдармен жұмыс істеуге
мүмкіндік береді, сондықтан қатысушылар оған жеңіл қол жеткізе алады [6].
Психологиялық тренингтер әр алуандығымен сипатталады, және түрлі негіздері
бойынша жіктеледі. Егер психологиялық тренингтерді мақсаттарына байланысты
жіктейтін болсақ, оларды шартты түрде нақты ептіліктер тренингтерімен тұлғалық өсу
91
тренингтеріне дейін орналастыруға болады. Бірінші жағдайда – сыртқы, мінез-құлықтық
эффектіге тірек жасалады, ол кейін тұлғаның өзгеруіне әкелуі мүмкін. Екінші жағдайда
негізгі эффект ішкі жоспарда байқалады – әуелі тұлғаішілік өзгерістер (өзін-өзі бағалау,
мотивация, құндылық бағдарлар т.б.) жүзеге асып, кейін мінез-құлық та өзгеруі мүкін.
Сәйкес тренингтердің нәтижелілігінің критерийлері де айырықшаланады: бірінші
жағдайда олар – объективті (жаттықтырылатын ептіліктердің даму деңгейі), екіншісінде –
қатысушылардың тренинг оларға не бергені жөнінде өздерінің есептері жолымен алынған
субъективті критерийлері [6].
Тренингтер, оларда жұмыстың пәні ретінде қандай тұлға қатынастарының жүйесі
шығатынына байланысты жіктелінуі мүмкін.
Тұтас тренингті немесе жеке сабақтарды ұйымдастыру кезінде жүргізілетін
жұмыстың мақсатын анықтап алу қажет, шешуді қажет ететін міндеттерді ойластырып,
қалыптастырған жөн.
Міндеттер жұмыс барысында қол жеткізуге жоспарланатын нақты нәтижелерді
бейнелеуі керек. Мысалы, «психикалық қасиеттерді трансформациялаудың жаңа деңгейі
ретінде психикалық қасиеттерді қалыптастыру және субьекті потенциалды ашу» немесе
«балаларға қызықты болу керек!» сияқты міндеттерді қою сәтті болып келмейді. Бірінші
жағдайда – міндет ғылыми болса да, бірақ тым абстрактілі, оны әрбір адам өзінше түсініп,
тұжырымдауы мүмкін, сонымен қатар ол нақтылауды қажет етеді. Екіншісінде – міндет
нәтижені емес, жұмыс процесінің эмоционалдығын бейнелейді.
Міндеттерде қол жеткізуге белгіленген нәтижелер мүмкіндігінше позитивті
терминдерде қалыптастырылуы керек. Мысалы, «топтың бөлініп кетуін болдырмау»
дұрыс емес, «топтың бірлестігінің деңгейін арттыру» дұрыс. Күтілген нәтиже негативті
терминдерден тұрса, онда адамда жолболмаушылық бейнесі пайда болып, оған
бейсаналық бағдарлану жүзеге асады. Егер велосипедте жүріп келе жатқан адам
«құламасам ғана екен» деп ойласа, құлау мүмкіндігі жоғарылай түседі.
Қойылған міндеттерді шешу белсенді әлеуметтік-психологиялық оқыту әдісі ретінде
тренинг мәніне барабар болуы тиіс. Мысалы, егер оқушыларды оқу даярлығының деңгейі
бойынша «күшті» және «әлсіздерге» бөлу керек болса, берілген міндетті ӘПТ көмегімен
шешу – орынсыз.
Міндеттер шынайы, қол жетерліктей болуы тиіс, яғни сабақтарға бөлінген уақытты
ескере отырып тренинг жағдайларында қол жеткізуге болатындай.
Жоспарланған нәтижелерге қол жеткізу принципиалды тексерілетіндей болуы тиіс:
тренинг нәтижесінде пайда болған өзгерістерді объективті зерттеу деңгейінде немесе
қатысушылардың өздерінің берген есептері деңейінде.
Әдебиеттер
1.Захаров В.П, Хрящева Н.Ю. Социально-психологический тренинг: учебное
пособие, Лен: ЛГУ,1989.
2.Петровская Л.А. Теоретические и методические проблемы социально-
психологического тренинга. М.,1982.
3.Марасанов Г.И. Социально-психологический тренинг.М.,1998.
4.Фопель К. Технология ведения тренинга.Теория и практика.М., 2003.
5.Вачков И.В, Дерябо С.Д.Окна в мир тренинга. Методологические основы
субьектного подхода к групповой работе. СПб, 2004.
6.Дерманова И.Б, Сидоренко Е.В.Психологический практикум. Межличностные
отношения: методические рекомендации, СПб, 2001.
92
И. Ж. Садуақасова
Көкшетау қ.
ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРМЕН ЖҰМЫС
Оқушылардың
ғылыми
зерттеу
жұмыстарына
қызығуын
қалыптастыру,
шығармашылық қабілетін дамыту, қазіргі техниканы тиімді пайдалану мәдениетіне
тәрбиелеу – мектептің басты бағыттарының бірі. Бұл салада атқарылатын жұмыстар
жетерлік. Баланың шығармашылық қабілетін ашу, оны алға қарай дамыту үшін ең
бастысы жағдайлар жасау қажет. Оқушының дарындылығының дамуы, қабілетінің
ашылуы көбінесе мұғалімнің кәсіби біліктілігіне, және оның тұлғалық қасиетіне
байланысты екені анық. Көбінесе “Дарынды оқушы – бұл жақсы оқитын оқушы” деген
пікір қалыптасқан. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты – олардың
шығармашылық жұмыста өзінің қабілетін іске асыруға дайындығын қалыптастыру. Ал
мақсатқа жету оқу бағдарламасын тереңдетіп оқыту және оқушының танымдық
белсенділігін дамыту арқылы жүзеге асады
1
.
Оқушының болашақтағы мамандығына байланысты, яғни кәсіби тағдыры тек қана
жақсы мұғалімге байланысты. Мектеп мұғалімдері дарынды балалармен жұмысты
төмендегі үлгіде жүргізулеріне болады деп санаймыз. Бұл үлгі интернет желісіндегі
материалдармен таныса отырып құрастырылған. Ұсынылып отырған құрылымы
төмендегідей:
І бөлім. Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында істелетін
жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері.
ІІ бөлім. Дарынды оқушылармен жұмыс істеу жүйесі.
ІІІ бөлім.
Оқушының ерекше қабілетін ашу жолдары.
ІV бөлім.
Дарынды оқушылар туралы мәлімет.
V бөлім.
Бағыттары бойынша жұмыс жоспары.
VI бөлім.
Жоспар бойынша тапсырмалар түрлері.
VІI бөлім.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстары.
VІІI бөлім.
Дарындылық туралы ой-пікірлер.
IX бөлім.
Жетістіктер.
І бөлім. Дарынды оқушылардың қабілеттерін дамыту бағытында істелетін
жұмыстарының мақсаттары мен міндеттері. Мектеп – еліміздің халыққа білім беру
жүйесінің – күрделі тармағы. Сондықтан мектебіміздің мақсаты: жеке тұлғаны жан-
жақты дамытудың алғышарты ретінде оқушыларды сараптап оқыту арқылы
шығармашылық қабілетін дамыту. Міндеттері: оқу-тәрбие үрдісіне диагностикалық
талдау жасау; оқушының жеке тұлғасының мониторингісін құру; оқу-тәрбие үрдісін
ізгілендіруді жүзеге асыру.
Оқушыға қойылатын талаптары: қоршаған ортаны сезе білу, құбылыс себептерін
іздене білу; ақыл парасатты игеріп, ойлау, сезім қабілеттерін арттыру; алдына мақсат қоя
білу және жетуге ұмтылу; өзін-өзі талдауды, өзін-өзі бағалай білуді меңгеру; басқа
адамдармен қарым-қатынас жасай білу, осы заманға сай технологияларды пайдалана білу
(интернет, электронды пошта); қоршаған ортада өз орныңды, жеке рөліңді анықтай білу.
ІІ бөлім. Дарынды оқушылармен жұмыс істеу жүйесі. Жұмыстың бағыттары:
диагностика – оқушыны тұлға ретінде байқау; қабілеті жоғары және дарынды
оқушылармен қазақ тілі сабағында жұмыс істеу; сабақтан және сыныптан тыс жұмыстары.
Жұмыстың әдістері: анкета, сұрақтар қою; әңгімелесу; тестілеу; әдебиеттерді
қарастыру; шығармашылық жұмыстар; жобалау әдісі; алдын алу әдісі; мәселе шешу әдісі;
Жұмыс түрлері: сабақ жүзінде қиындығы жоғары тапсырмаларды пайдалану;
уақытша топтарды жасау; өз-өзінің білімін көтеру; пән апталықтар өткізу; ғылыми-
практикалық конференция; олимпиада; интеллектуалдық марафон. Жұмыстың негізгі
қағидасы – «байыту» қағидасы.
93
Бағдарламаның ресурстық қамтамасыз етілу: оқу кабинеті; кітапхана фонды – қазақ
тілі мен әдебиет бойынша әдебиеттердің бар болуы.
Басқару, байланыс:
Басқару – директор, директордың ғылыми-әдістемелік жұмысы жөніндегі
орынбасары, қазақ тілі мұғалімі.
Басқа ұйымдармен байланыс: КМУ, филология факультеті.
Тиімділігінің белгілері: пәнге деген қызығушылығының жоғары деңгейі; пән
бойынша үлгірмейтін оқушылардың жоқ болуы.
ІІІ бөлім. Оқушының ерекше қабілетін ашу жолдары: психологиялық диагностика
жүргізу; қазақ тілі пәні бойынша оқу үлгерімін тест бойынша анықтау; оқушының жеке
өзінің ынтасы, қызығушылығы, сұранысына байланысты таңдау; ата-анасының өтініші
бойынша оқушы қабылдау.
ІV бөлім. Дарынды оқушылар туралы мәлімет.
2013-2014 оқу жылына дарынды оқушылар тізімі үлгісі (жеке сынып бойынша
жасалады):
№ Оқушының аты-жөні:
Олимпиада
Мектепшілік
Қалалық
ұпай
орны
ұпай
орны
1
2
3
4
5
6
7
V бөлім. Бағыттары бойынша жұмыс жоспары. 2013-2014 оқу жылына 9-11 сынып
оқушыларымен айлық жұмыс жоспары үлгісі:
№
Мазмұны
Мерзімі
1
Қазақ тілі пәнінен дарынды оқушылардың тізімдерін жаңарту
Тамыз
2
Дарынды балалар туралы мәліметтер жинақтау
Тамыз
3
Дарынды балаларға арналған жұмыс түрлерін құрастыру (жоғары
деңгейлі тапсырмаларды құрастыру)
Жыл бойына
4
Мектепішілік және қалалық олимпиадаларға қатысуға дайындық
жүргізу
Қыркүйек -
наурыз
5
Оқушылардың қызығушылығын ескере отырып мектепішілік,
қалалық сайыстарға ғылыми-зерттеушілік жобаларды дайындау
Қыркүйек -
наурыз
6
Ата-аналармен жұмыс
Үнемі
7
Сыныптан тыс уақытта оқушылардың сұрақтары бойынша жеке
кеңес өткізу
Жыл бойы
8
Пән бойынша қосымша әдебиеттер қолдануға жеке сілтеме беру
Жыл бойы
9
Басқа пән мұғалімдерімен дарынды балалармен жұмыс бойынша
тәжірибе алмастыру
Үнемі
1
0
Түрлі тест пен деңгейлік тапсырмалар, презентациялар, жоба
жұмыстарын құрастыру
Жыл бойы
1
1
Оқушыларға жазғы демалыс кезінде ізденуге арналған жұмыс
түрлерін ұйымдастыру
Мамыр
VI бөлім. Жоспар бойынша тапсырмалар түрлері.
VІI бөлім. Оқушылардың шығармашылық жұмыс (ғылыми жоба):
№
Оқушының аты-жөні
Сынып
Тақырып
Басталуы -
аяқталуы
1
2
3
4
5
VІІI бөлім. Дарындылық туралы ой-пікірлер. Мұғалімдерге сабақты жақсы оқитын,
оқуда қиыншылық туғызбайтын, тәртіпті, ұйымшыл, білімді, тұрақты, ұғымтал, өз ойын
нақты және түсінікті жеткізе алатын оқушылар көбірек ұнайды. Ал қисынсыз сұрақ
қоятын, өз жұмысымен ғана айналыспайтын, тәуелсіз, көбіне түсініспеушілік туғызатын,
94
қияли, әр нәрсеге көзқарасы бөлек оқушылар ұнамайды. Белгілі ағылшын психологі
П.Торренстің зерттеулері нақ осы қасиеттер оқушының шығармашылық дарындылығын
көрсететін және оның нашар оқитын оқушылардың арасында да аз емес екендігін
айқындаған
2
. Сондықтан мұғалімдер осы зерттеулердің нәтижесін есте ұстағаны жөн.
Ұлы ойшыл Плутарх кезінде былай депті: “…Көптеген табиғи талант дарынсыз
ұстаздардың кесірінен жойылып кетеді
3
. Олар дарынның табиғи құбылысына терең
бойлай алмай, тұлпарды есекке айналдырып құртып тынады”. Міне, ұстаз осындай
келеңсіздікке жол бермеуі керек.
Сондай-ақ дарынды оқушылармен нәтижелі жұмыс жасайтын мұғалімнің кәсіби
“бейнесі” мынадай қасиеттерден тұрады: жоғары кәсіби біліктілік, даралық қасиет,
білімпаздық, ойлап табуға және ғылыми зерттеу жұмысына қабілеттілік, кәсіби қызметін
өздігінен жетілдіруге ұмтылушылық. Дарынды оқушымен жұмыс мұғалімнің өзіне,
қызметіне және кәсіби біліктілігіне жаңа, жоғары талаптар қояды
4
. Оқушылардың
шығармашылық қабілетін арттырып, ынталандыру үшін сабақтарды мына жолдармен
өткізуге болады: сабақта кең көлемде көрнекі құралдарды пайдалану; сабақты түрлендіріп
өткізу; сабақта оқушылар өздері жасаған суреттер, схемаларды пайдалану; техникалық
құралдарды тиімді қолдану; сабаққа қатысты бейнетаспалар, фильмдер көрсету.
IX бөлім. Жетістіктері.
Оқушылардың ғылыми жобасы үлгісі:
№ Оқушының аты-
жөні
Саласы
Тақырыбы
Нәтиже
1
2
3
4
5
Қорыта келгенде “Ұдайы еңбек ету – өнердің де, өмірдің де заңы” дегендей,
оқушылардың шығармашылық қабілеті мен белсенділігін арттыруда мұғалімге үнемі
ізденуді, тұрақты еңбек етуді міндеттейді.
Әдебиеттер
1.
Мадалиева Ж.Б. Психология одаренности. Методическое пособие,
–
Алматы, 1999 ж.
2.Torrance E. P. Rewarding creative behavior. Prentice-Hall. 1965.
3.Плутарх. Моралии. Изречения царей и полководцев. - Вестник древней истории,
1976-1980
4. «Дарын» Ақпарат-әдістемелік жинағы, №3-4, 2004. 24 б.
Достарыңызбен бөлісу: |