Қазақстан республикасы бiлiм және ғылым министрлiгi еуразия гуманитарлық институты



Pdf көрінісі
бет8/68
Дата11.01.2017
өлшемі5,18 Mb.
#1675
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68

А. Исмагулова 

Астана қ. 

 

ЖАС ЖЕТКІНШЕКТЕРДІҢ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ЖОЛДАРЫ 

 

Еліміздің көркейіп,  өркениетті елдердің алдыңғы шебінен көрінуі және халықаралық 



деңгейде дамуы өскелең ұрпаққа білім берумен тәрбиелеуге тікелей байланысты. Бүгінгі 

таңда білім берудің басты стратегиялық  міндеті  – рухани және әлеуметтік, адамгершілік 

дүниесі бай, жаңашыл, шығармашылық ойлау қабілеті жоғары, дүниетанымдық мәдениеті 

жетілген, зерделі тұлға қалыптастыру болып табылады [1,12]. 



 

59 


Жастар  тәрбиесі  –  Отан  мен  ел  мүддесі.  Жеткіншектерге  бүгінгі  ғаламдастыру 

дәуірінде өз халқының төл мәдениеті, тілі мен салт- дәстүрін бойына сіңіру қазіргі тәрбие 

жұмысының  өзекті  мәселесі.  Өйткені  жеткіншектер  жоғары  мәдениетті,  парасатты,  ар- 

ожданы мол, салауатты, патриоттық санасы қалыптасқан азамат болуы тиіс. 

ХХI ғасырда адам санасы шарықтап дамып, техниканың жедел қарқынымен жетілуі 

осы заманның сұранысы мен талабына сай білімді, мәдениетті, өзгермелі уақыттың түрлі 

жаңалығымен  тең  басатын  өмірге  үйлесімді  маман  дайындау  барлық    оқу  орындарының 

өзекті мәселесі болып отыр.  

Жеткіншектік  кезең  –  балалық  шақтан  ересектікке  өтетін,  үнемі  қиын,  критикалық 

қақтығыстығымен  сипатталатын  адам  онтогенезінің  күрделі  кезеңі.  Психолог 

Л.Ф.Обухова  өзінің  зерттеулерінде  жеткіншектердің  өзіндік  рефлексиясының  күштілігі 

мен  өтпелі  кезеңдегі  дене,  ақыл-ой,  адамгершілік,  әлеуметтік  дамуы,  ағзадағы 

биологиялық  толысу  мен  жыныстық  жетілу  сатысы  екендігін  дәлелдейді.  Психолог 

Р.Бенедикт  осы сәтте жеткіншектердің талғамы күшті болып, бойына жақсы қасиеттерді 

жинау үшін көп талап қою қажеттігін айтады. Оларда «Мен енді бала емеспін» деген ұғым 

туады. Олардың теріс  ағымға бейімделуін тежеу мақсатында адамгершілік сезімдері  мен 

эстетикалық  талғамын  күшейту  үшін  адамдардың  ерлік  қасиеттері  мен  мамандықтар 

туралы әңгімелер жүргізіледі.  

Тәрбие  ордасы  –  отбасы  болғандықтан  ата-аналар  жеткіншек  дамуына,  мәдениетті 

тұлға  болып  қалыптасуына  мектеппен  бірге  зер  салуы  тиіс.  Жеткіншектерді  салауатты 

өмір сүруге баулып, Порфирий Ивановтың «Детка» деп аталатын 12 ережесі мен өмірлік 

қағидаларын  күнделікті  тәжірибеге  айналдырса,  валеологиялық  мәдениет  қалыптасары 

сөзсіз.        

Мәдениет  (латынша  Cultura  –  өңдеу,  егу  деген  сөзінен  шыққан)  –  табиғат 

объектісіндегі адамның әрекеті арқылы жасалатын өзгерістер. Мәдениет  – жеке адамның 

өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым- қатынасы. 

Мәдениет  –  тарихи  даму  барысында  адамзат  жасаған  материалдық  және  рухани 

игіліктердің  жиынтығы.  Осы  тұрғыдан  қарағанда,  мәдениет  –  адамдардың    ғылыми, 

моральдық-әлеуметтік,  көркем  және  техникалық  құндылықтар  жасаудағы  қарым- 

қатынастар  жиынтығы.  Сөйтіп,  мәдениеттің  мәні  адамның  өзіндік  адамдық  еңбегімен 

байланысты туындайтын өнім деуге болады [2,24]. 

Мәдениет  жалпыға  ортақ  ұғымда  адамзаттың  материалдық  және  рухани  еңбек 

өнімдеріндегі, әлуметтік нормалар мен мекемелер жүйесіндегі, рухани құндылықтардағы, 

адамдардың  табиғатпен  қарым-қатынастарында  көрініс  алған  тіршілік  әрекетін 

ұйымдастыру мен дамытудың өзіндік әрекеті ретінде сипатталады. 

Мәдениет жалпыға ортақ әлеуметтік құбылыс ретінде қоғам мен адамның өмір сүру 

салты  болып  табылады.  Қазіргі  таңда  қоғамның  алдында  экологиялық  апатқа  әкеп 

соқтыруы мүмкін табиғатпен өзара әрекеттің қазіргі тәсілін сақтап қалу, не болмаса адам 

өміріне  пайдасы  бар  биосфераны  сақтап  қалу  мәселелері  тұр.  Көлемді  экологиялық 

дағдарыстың  қатерлілігі  адамзат  атаулының  өмір  сүру  шарты  болып  табылатын 

субъектінің жаңа этикасын, құндылықтарының жаңа жүйесін қалыптастыруды талап  етіп 

отыр.  Осыған  орай  қалыптасқан  кәсіби  іс-әрекеттерді  экологиялық  этика  нормаларына 

сәйкес өзгерту туындайды (А. Швейцер, Н. Моисеев және т.б.) [3, 54]. 

Швейцарияның  кемеңгер  педагогы  И.Г.Песталоцци  бала  мәдениеті  отбасынан 

басталып, мектепте жалғастырылады десе, француздың ұлы ағартушысы Ж.Ж.Руссо бала 

мәдениетінің көзі еңбекте деп түсіндіреді.  Ұлы педагог М.Жұмабаев жастарды этникалық 

мәдениет  құндылықтарымен  «Наурыз  аруы»,  «Жігіт  сұлтаны»,  «Ана  көрген  тон  пішер»,  

«Серілер  шықса  сайысқа»  т.б.  салт-дәстүрімізді  дәріптейтін  шаралар  арқылы  тәрбиелеу 

қажеттігін айтқан болатын. Этникалық  мәдени құндылықтарға  «Сегіз қырлы, бір сырлы , 

жетілген  адам»  тәрбиелеу,    «Атаның  ұлы  емес,  халықтың  ұлы»  болатын  Отанын,  елін, 

жерін,  халқын  сүюге  тәрбиелеу,  «Малым  –  жанымның  садағасы,  жаным  –  арымның 

садағасы» дейтін адал, арлы азамат тәрбиелеу жатады. 



 

60 


«Тәрбиесіз  берілген  білім  –  адамзаттың  қас  жауы»,  -  деп  әл-Фараби  атамыз 

айтқандай,  тәрбиесіз  мәдениет  те  болмақ  емес.Тәрбие  дегеніміз  –  халықтың  ғасырлар 

бойы  жинақтап,  іріктеп  алған  озық  дәстүрлерін  жастардың  бойына  сіңдіру.  Білімге 

құштар, өнерді сүйетін, елжанды, мейірімді жастар ғана әсемдік пен жоғары мәдениет иесі 

бола  алады.  Жеткіншектер  сурет  салу,  ән  айту,  мәнерлеп  өлең  оқуға,  қолөнерге  бейім 

болса,  өмірге  құштарлығы  артады,  пайдасыз  нәрселерден  аулақ  болады.  Көркем 

шығармалар оқу, музейлер мен галереяларға бару, кино көру, театрлардан қойылымдарды 

тамашалау,  музыка  тыңдау  жеткіншектердің  қиялын  шарықтатып,  жаңа  жетістіктерге, 

мәдениет шыңына жетелейді. 

Жеткіншектердің сұлу, әдепті, мәдениетті болуын аңсаған халқымыз: «Қарағым, биік 

тауға қара – көңілің өседі, жазық кең далаға қара – жан сарайың кеңиді, жайқалған гүлге 

қара  –  шырайлы,  сұлу  боласың,  бұлақтың  көзін  аш  –  қайырымды,  еңбекқор  боласың, 

табиғатпен  дос  бол  –  мәнді  өмір  сүресің»  деген  екен.  Ата-бабаларымыз  «Кемеңгерге  де 

кеңес керек» деп бекерге айтпаған. 

Мәдениет  салалары  ауқымды:  материалдық  және  рухани  мәдениет,  сөйлеу 

мәдениеті,  экологиялық  мәдениет,  құлық  мәдениеті,  түр  мәдениеті  (имидж),  қарым-

қатынас  мәдениеті  –  бұлар  адамзаттық  құндылықтар.  Сөйлеу  мәдениетін  меңгеру  оңай 

жұмыс  емес.  Сөйлей  білу  де  –  өнер.  Сөйлей  білмейтіндер  күлдірем  деп,  күйдіреді. 

Білдірем деп, бүлдіреді. Жұбатам деп, жылатады. Қуантам деп, қуартады. Қарым- қатынас 

мәдениеті  қалыпқа  келу  үшін  халықтық  педагогика  салт–дәстүр,  ырымдар,  тағам 

дайындау,  қонақ  күту,  спорт  ойындарына  бейімделу  отбасылық  тәрбиеден  басталып, 

адамдардың  қарым-қатынасын,  іс-әрекетін  қалыптастыратын  норма  болып  саналады 

[4,43]. 

Экологиялық  мәдениет  –  әрбір  қоғамдағы  жалпы  мәдениеттің  ең  мәнді 

элементтерінің  бірі  болып  табылады,  өйткені  әлеуметтік  іс-әрекет  ұдайы  қоршаған 

ортаның  өмір  сүру  талаптарымен  байланыста  болады.  Яғни,  экологиялық  мәдениет 

әлеуметтік  феномен  ретінде  қоғам  мен  табиғаттың  өзара  қарым-қатынасын  реттеу 

қажеттілігінен туындайды. Б.Т.Лихачевтің пайымдауынша, экологиялық мәдениеттің мәні 

экологиялық  тұрғыға  негізделген  еңбек  дағдысының  қалыптасуы.  Демек,  экологиялық 

мәдениет  экологияны  танып-білу,  табиғатқа  сүйіспеншілікпен  қарап,  сақтай  білу  деуге 

болады. 

Рухани  мәдениет  –  ұлтты  сүю,  тіліңді,  дініңді,  жеріңді  қастерлеу.  Ал,  мінез-құлық 

мәдениетіне  келетін  болсақ,  М.Жұмабаевтың  «Жеткіншектердің  мінез-құлқының  дұрыс 

қалыптасуы  үшін,  оның  маңайындағы    адамдар,  туған-туысқандары  өздері  ізгі  құлықты 

болуы  тиіс»  деген  сөзін  басшылыққа  аламыз.  Адамның  құқықтық  санасы  мен 

адамгершілік  мәдениеті  неғұрлым  жоғары  дәрежеде  болса,  қоғам  соғұрлым  жедел  дами 

түседі.  Сонда  ғана  жеткіншектер  болашақта  өз  ана  тілін  құрметтейтін,  өзін-өзі  дамыта 

алатын,  өзін-өзі  басқара  алатын,  ізденіп  білім  алатын,  тәрбиелі,  үлгілі,  жаны  сұлу, 

мәдениетті бола алады. 

 

 



Әдебиеттер 

1. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев «Қазақстан – 2030» стратегиясы.  

2. Қазақ мәдениеті. Энциклопедиялық анықтамалық.. 

– 

Алматы: Аруна Ltd., 2005. 



3.  Аманжолова  М.К.,  Беркінбекова  А.М.,  Әбілқасов  Ғ.М.  .Мәдениеттану  (барлық 

мамандықтардың студенттеріне арналған). Оқу құралы. 

– 

Қарағанды: ҚарМТУ, 2004. 



– 

117 б. 

4.Жұмабаев М. Педагогика (Түсініктемесі Ұ.Асыловтікі).- Алматы: Рауан,1993. 

 

 



 

 

 



 

61 


С. С. Касымова 

К. К. Нурпеисова 

г. Астана 

 

ТЕОРЕМЫ ОДНОНАПРАВЛЕННОГО ДЕЙСТВИЯ 

 

Общеизвестно,  что  геометрическая  линия  является  одной  из  центральных  линий 



курса  математики.  Она  предполагает  систематическое  изучение  свойств  геометрических 

фигур  на  плоскости,  формирование  пространственных  представлений,  развитие 

логического  мышления  и  подготовку  аппарата,  необходимого  для  изучения  смежных 

дисциплин   и курса стереометрии.  

Одним  из интереснейших  разделов  элементарной  геометрии  справедливо  считается 

геометрия  треугольника.  Треугольники  изучаются  на  протяжении    всего  курса 

планиметрии. Их изучение начинается с признаков равенства  треугольников, центральное 

место курса занимают метрические соотношения в  треугольниках, рассматривается серия 

теорем о «замечательных точках» в треугольниках, изучаются подобные треугольники.  

Это  не  случайно.  Несмотря  на  то,    что  треугольник  едва  ли  не  простейшая  после 

отрезка  фигура,  он  имеет  много  важных  и  интереснейших  свойств,  к  которым  сводятся 

свойства  других,  более  сложных  фигур.  Среди  теорем  о  треугольниках  есть  такие, 

изучение  которых  позволяет  существенно  расширить  круг  геометрических  задач, 

решаемых школьниками. Значение их состоит, прежде всего, в том, что  из них или с их 

помощью  можно  вывести  большинство  теорем  геометрии,  они  служат  основой  многих 

дальнейших  выводов.  Таковыми  являются  теорема  Пифагора,  теорема  синусов,  теорема 

косинусов и т.д.  

Но  в  геометрии  треугольника  много  и  таких  теорем,  к  которым  можно  применить 

выражение  «теоремы  однонаправленного  действия»,  которые  решают  узкий  круг  задач.  

Речь идет  о следующих теоремах: теореме Чевы,   Менелая, Жергона, Ван – Обеля. Они 

не входят  в школьный курс математики основной школы, а изучаются лишь в классах с 

углубленным изучением математики. 

Анализ 

педагогического 



опыта 

учителей, 

работающих 

в 

классах 



естественнонаучного  направления  показывает,  что  данные  теоремы  целесообразно 

изучать  на  факультативе  по  геометрии,  который  и  поможет  изучить  ученикам  данные 

теоремы. Конечно же, возникает вопрос: «А зачем нам изучать данные теоремы, если они 

позволяют решить узкий круг задач?»  

В каждой науке существуют многочисленные приемы, как и однонаправленного, так 

и  обширного  действия.  К  примеру,  в  медицине  существует  огромное  количество 

лекарственных средств, среди которых  и лекарства  «локального»  действия, применение 

которых носит обширный характер в нашей жизни. 

В  геометрических  задачах,  в  отличие  от  задач  алгебраических,  далеко  не  всегда 

удается  указать  рецепт  решения,  алгоритм,  приводящий  к  успеху.  Здесь,  помимо 

формального  знания  многочисленных  соотношений  между  элементами  геометрических 

фигур,  необходимо  иметь  интуицию  и  опыт.  Важно  уметь  смотреть  и  видеть,  замечать 

различные  особенности  фигур,  делать  выводы  из  замеченных  особенностей,  предвидеть 

возможные дополнительные построения, облегчающие анализ задачи. 

Решение  задач  с  помощью  теорем  Чевы  и  Менелая  более  рационально,  чем  их 

решение  другими  способами,  требующими  дополнительных  действий  и  построений, 

которые не всегда оказываются очевидными. 

По  статистике  нашей  республики  за  последние  годы  выпускники,  в  качестве  своей 

профессии  выбирают  специальность  гуманитарного  направления,  а  математику 

используют  в  качестве  «служанки»  наук.  Современность  ставит  столь  масштабные  и 

глубокие  научные  проблемы,  что  решение    их  можно  сказать,  невозможно  без 

математических  знаний.  Поэтому  наша  цель  приложить  все  усилия  для  того  чтобы 



 

62 


заинтересовать  учащихся в изучении математики. Ведь математика не зря носит высокий 

титул «царицы наук». Она - главный язык любой науки, базовый инструмент познания и 

преобразования природы. 

Многие задачи по планиметрии, предлагаемые на вступительных экзаменах в вузы, в 

заочные  математические  школы  можно  решить  с  помощью  именно  этих  теорем.  К 

примеру, задача: 

Задача  1.  На  продолжении  ребра  АС  правильной  треугольной  пирамиды  ABCD  с 

вершиной    D  взята  точка  K  так,  что  КА:  КС=3:4,  а  на  ребре  DC  взята  точка  L  так,  что 

DL:LC=2:1.  В  каком  отношении  делит  объем  пирамиды  плоскость,  проходящая  через 

точки B, L и К? 

Дано:DABC – правильная пирамида

K

AC



3

4

KA



KC



2

1

DL



LC

,  L



DC

, BLK – 



плоскость, 

1

V

 - объем верхней части пирамиды, 

2

V

 - объем нижней части пирамиды. 

Найти: 


1

2

V



V

.  


Решение:   

1) Построим сечение пирамиды  DABC   плоскостью  

BLK.   

,

(



)

B L

DBC



соединяем,  

,

(



)

L K

ADC



соединяем, 

LK

AD

M



,

(



)

M B

ADB



соединяем,  

 



MLB - искомое сечение.   

2) Найдем 

1

V

V

, где 


V

- объем всей пирамиды. 

Пусть BH – высота пирамиды DABC, проведенная из вершины В, но она – высота и 

BMDL. 


1

3

î ñí



V

S

h



;    V=

1

3



DABC

ADC

V

BH S



, V

1

=



1

3

BMDL



MDL

V

BH S



1

1



sin

2

1



sin

2

MDL



ADC

MD DL

D

V

S

MD DL

V

S

AD DC

AD DC

D









2

2



1

3

DL



DL

LC

DC

 


,  


MD

AD

 - ? 


3) Из 

ADC: 



M

AD

,  L



DC

,  K



AC



, ,

M L K

a



По теореме Менелая 

4

3



1

2

1



3

8

AM



DL CK

AM

AM

MD LC KA

MD

MD



 

   


8



11

MD

AD



1

2 8


16

3 11


33

V

V





 

 

 



 

2

1



1

16

17



1

1

33



33

V

V

V

V

V

V

V



 

 


,  


1

1

2



2

16 33


16

:

33 17



17

V

V V

V

V

V





(или: во всем объеме пирамиды 33 части,  в верхней – 16, значит, 33-16=17 – частей 

составляет 

2

V

. Тогда 


1

2

16



17

V

V

)                                                



 

63 


                                                                                                               Ответ: 

16

17



Эксперимент,  проведенный  при  работе  над  дипломным  проектом  «Избранные 

вопросы  геометрии»,  подтвердил    научную  гипотезу  о  том,  что  незаслуженно  забытые 

теоремы Чевы и Менелая позволяют легко и изящно решить целый класс задач, при этом, 

не  требуя  дополнительных  построений,  действий,  которые  не  всегда  оказываются 

очевидными. 

Исходя, из выше изложенного  можно сделать вывод, что отдельные вопросы курса 

элементарной  геометрии,  которые  изучаются  в  рамках  школьной  программы,  можно 

выносить для изучения на факультативных занятиях. 

Завершить  сказанное  можно  словами  знаменитого  французского  ученого 

С.Д.Пуассона:  «Жизнь  украшается  двумя  вещами:  занятием  математикой  и  ее 

преподаванием». 

 

Литература 



1.Атанасян  Л.С.  Геометрия,  7-9:  Учебник  для  общеобразовательных  учреждений/ 

В.Ф. Бутузов, С.Б.Кадомцев, Э.Г. Позняк, И.И. Юдина. – М.: Просвещение, 1996. 

2. Ткачук В.В. Математика – абитуриенту. – М: МЦНМЩ, 2005. – 944 с. 

 

 



 

 

А. М. Қыстаубаева 



Тараз қ. 

 

ЭСТЕТИКАЛЫҚ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ  ТҰЛҒАНЫ 



ЖЕТІЛДІРУДІҢ НӘТИЖЕЛІ ҚҰРАЛЫ 

 

«Туғанда  бізде  жоқ,  өсе  келе  бізге  керек  болатын  қасиеттердің  бәрі  тәрбиемен 



келеді»  дегендей,  қоғамның  дамуы,  жаңаруы  жағдайында  студент  жастардың  зиялы 

қауымның  болашақ  өкілі  ретінде  жан-жақты  әрі  үйлесімді  жетілуі  үрдісінде,  олардың 

эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың маңызы ерекше. 

Эстетикалық  мәдениет  –  рухани  мәдениеттің  маңызды  бір  саласы  ретінде  табиғат 

және адам баласының шығармашылық еңбегімен жасалған эстетикалық құндылықтардың 

жиынтығы,  оларды  жасау  және  қолдану  тәсілдері.  Эстетикалық  құндылықтар  қоғамның 

өмірімен  қарым-қатынасқа  түсуіне,  қоғамның  жетілу  талпынысына,  қоғамдық 

қатынастардың барлық жүйесінің толыққанды өркендеуіне қатысады. 

Эстетикалық  мәдениеттің  құрылымы  көпжақты  болып  келеді.  Яғни,  тұлғаның 

эстетикалық  мәдениеті  құрылымына,  оның  белсенді  дәрежесін  білдіретін,  тікелей 

қабылдау  мен  көркемөнер  және  жалпы  эстетикалық  құндылықтарды  меңгеретін 

компоненттерді бөліп көрсету тиімді болмақ. 

Ең алдымен, онда келесі аспектілер бөлініп қаралуы мүмкін: 

а)  адамдардың  эстетикалық  санасы  (жеке  тұлғаның  ақиқат  дүниені  эстетикалық 

тұрғыдан  қабылдауы,  әсерленуі,  қобалжуы  мен  сезімі,  талғамы,  көзқарасы,  мұраты, 

қажеттілігінде айқындалады); 

ә)  іс-әрекет  түрлеріндегі  эстетикалық  жағдайы  (оқуда,  еңбекте,  тұрмыста,  қарым-

қатынаста, қоғамдық-саяси өмірде, спортта); 

б)  эстетикалық  тәрбиесі  (отбасында,  мектепте,  жоғары  оқу  орнында,  адамдардың 

практикалық өмірінде). 

Сондай-ақ,  материалдық  өндірісті  эстетикалық  тұрғыдан  ұйымдастыруға  сай 

«техника эстетикасы», «тұрмыс эстетикасы» деп те қарастырады. Жастарға ақиқат дүниені 

жоғары  әсермен  қабылдау  тән  қасиет.  Соған  орай,  жастардың  кез  келген  әлеуметтік 


 

64 


топтары  даму,  қалыптасу  кезеңінде  болады  және  белгілі  бір  кезеңде  әлеуметтік  пісіп 

жетілуі  болады.  Қабылдау  және  әрекеттің  біліктілігін  жетілдіру  барысында  идеялық-

эстетикалық  сенім  және  бағыттың  құндылығы  қалыптасады,  жастардың  меңгеруінде 

эстетикалық білімдерінің көлемі артады. Дегенмен, жастардың әрбір әлеуметтік тобында 

дамуды жүзеге асыруда өзінің ерекшелігі, логикасы, дәстүрі болады. 

Тұлғаның эстетикалық даму деңгейінде эстетикалық көзқарастар, мұраттар, бағалау 

қандай  дәрежеде  көрініс  береді,  соған  сәйкес  оның  шынайы  мінез-құлқына  ықпал  етеді, 

соншалықты  тұлға  мен  қоғамның  өзара  қарым-қатынасын  үйлестіреді,  күнделікті  еңбек 

әрекетінің  эстетикалық  аспектілерін  ашуға  әсерін  тигізеді.  Студент  жастардың 

эстетикалық  мәдени  дәрежесінің  дамуы,  көптеген  жағдайда  жалпы  қоғам  мәдениетінің 

алға  басуына  тікелей  ықпал  етеді.  Осыдан  барып  тұлғаның  эстетикалық  даму  процесін 

мақсатты басқару қажеттілігі туындайды. 

Сондықтан,  эстетикалық  тәрбие  тұлғаның  жан-жақты  үйлесімді  дамуына 

алғышарттар  жасай  отыра,  студенттердің  эстетикалық  мәдениетінің  қалыптасуына 

белсенді ықпал ете алады. 

Бізге  мәлім  болғандай,  ақиқат  дүниені  эстетикалық  тұрғыдан  меңгеру  өнер 

шығармаларында  жүзеге  асады.  Өнер-әлеуметтік  мәдениеттің  негізгі  факторы  болып 

табылады.  Ол  адамның  рухани  өмірін  байытады,  оның  әсерлі  қабылдауын  дамытады, 

күшті тәрбиелік ықпалына әсер етеді. 

Ары  қарай,  эстетикалық  мәдениет  студенттердің  оқуы,  еңбек,  шығармашылық 

жағдайында  және  демалысында  олардың  мінез-құлқына  ықпал  етеді.  Олай  болса,  адам 

өмірінде эстетикалық мәдениеттің маңызының артуы, әрине тұлғаның қажетсіз біржақты 

дамуын  болдырмауға  ықпалын  тигізеді.  Сондықтан  тұлғаның  эстетикалық  мәдениетінің 

үнемі жетілуіне қажетті жағдайды қоғамдық өмір туғызады. Мұндай жағдайда қоғамның 

мәдени деңгейі де үнемі дамып отырады. 

Эстетикалық мәдениеттің ерекшелігін сипаттауда академик А.Е.Егоров оның тағы да 

мынандай  маңызын  ашып  көрсетеді:  «Өнер  шығармалары,  көркемөнер  мәдениетінің 

факторлары ретінде, қашан көпшіліктің санасын жаулап алған жағдайда ғана эстетикалық 

мәдениеттің маңызына ие болады…». 

Эстетикалық  мәдениеттің  белгілі  бір  деңгейін  меңгерген  адам,  тек  оның  жай  ғана 

иеленушісі болмайды, сонымен бірге қоғамның рухани өмірімен және оның практикалық 

әрекетінің талабына байланысты, оны өзі де жасаушы бола алады. Сондықтан эстетикалық 

құнылықтарды меңгеру барысында студент жастар олардың өмірлік маңызын жете түсінуі 

және  оның  өмірлік  қажеттілігін  ұғынуы  тиіс.  Яғни,  эстетикалық  мәдениет  адамдардың 

шынайы қоғамдық-эстетикалық қажеттіліктерін қанағаттандыру барысында дамиды. 

Бүгінде  адамдардың  эстетикалық  қажеттілігін  қалыптастыруда,  көбінесе  бұқаралық 

ақпарат құралдары үлкен ықпал етеді. Кино, радио, баспасөз, көгілдір экран эстетикалық, 

бірінші  кезекте  көркемөнер  құндылықтарын  және  соған  сай  білімдерді  тарату  мен 

дамытуда, студенттердің демалысын ұйымдастыруда негізгі факторларға жатады.  

Ол үшін студент жастармен жан-жақты тәрбие жұмысында өте қажет идеялық және 

эстетикалық  тұрақты  көзқарастарын  қалыптастыруда,  радио  және  көгілдір  экраннан 

жүйелі  және  мақсатты  түрде  әрі  қызықты,  әрі  әсерлі  хабарларды  ұйымдастырып  отыру 

қажет. 

Студенттердің  эстетикалық  мәдениетінің  қалыптасуына  айрықша  белсенді  ықпал 



ететін,  оның  эстетика  жайындағы  білімдері,  көзқарастары,  сенімдері  және  эстетикалық 

қабылдау, талғам, сезім категорияларын жатқызуға болады. 

Эстетикалық  теорияға  қатысты  білімдерге:  өнердің  тарихы,  білімдер  немесе 

дәстүрлер  арқылы  берілетін  қоғамның  эстетикалық  құндылықтарын  жатқызуға  болады. 

Білім адамдарға белгілі бір өнер шығармаларын қабылдауға бағыт, бағдар беруде негізгі 

рөл атқарады. 

Жастардың  әлеуметтік-пайдалы  әрекеттерінің  түрінде,  негізінен  олардың 

эстетикалық мәдениетін қалыптастыру мен дамытуда бастапқы да маңызды факторға, осы 



 

65 


бағытта білім алып, біліктіліктерін шыңдайтын – оқуы жатады. Бұл бағыттағы білімдердің 

сипаты мен сапасы тұлғаның эстетикалық мәдениетінің дамуына айтарлықтай әсер етеді. 

Оқу  –  идеялық,  эстетикалық  көзқарас  және  қабылдауды  қалыптастыруда  негізгі  рөл 

атқарады,  сонымен  бірге  шығармашылық  білімдерді  меңгерту  ерекшеліктері  және  оның 

көлемі анықталады. 

Жастарды  болашақ  мамандыққа  дайындау  барысында,  олар  эстетиканың  негіздерін 

және  өнердің  тарихын  жүйелі  түрде  оқиды.  Сондықтан,  оқу  әрекетінде  эстетикалық 

компоненттерінің болуы – тұлғаның эстетикалық мәдениетінің қажетті құрамды элементі 

болып табылады. 

Бұл  бағытта  жоғары  оқу  орындарындағы  қоғамдық  негіздегі  пәндер:  мәдениеттану, 

қазақстан  тарихы,  педагогика,  этнопедагогика  және  психология  студенттердің 

эстетикалық сенімдерін тереңірек қалыптастыруда айтарлықтай мүмкіндік жасайды. 

Болашақ маманның эстетикалық мәдениетінің қалыптасуының негізгі және бастапқы 

ұйымдастыру  кезеңі  білім  берумен  қатар,  оны  студент  жастардың  шығармашылық 

қабілеттерінің дамуына бағытталған көпшілік-мәдени шараларымен байланыстыра отыра, 

яғни  мақсатты  ұйымдастырылған  тәрбие  жұмыстары  барысындағы  эстетикалық  жүйеде 

жүзеге  асады.  Мақсат  –  олардың  мінез-құлқы  мен  санасының  белгілі  бір  өзгерісіне 

бағытталған  эстетикалық  тәрбиенің  өлшемін  және  ондағы  мәдени  шаралардың  нәтижелі 

болуын қамтамасыз етеді. 

Эстетикалық  тәрбиеде  студенттердің  белсенділігін  арттыру  бірінші  кезектегі 

міндеттерге  кірмейді,  оның  эстетикалық  санасын,  қажеттілігін  ояту,  өмірдің  барлық 

саласындағы  эстетикалық  құндылықтарды  меңгерту  және  көбейтуге  бағытталған 

әрекеттері,  әсіресе  оқуы  мен  өзінің  өміріндегі  эстетикалық  аспектілерді  саналы  түрде 

ұғынуы – негізгі буын болып табылады. 

Эстетикалық тәрбие, ең ақырында, студенттердің әлеуметтік жағдайына, оның жан-

жақты  даму  болашағына,  болашақ  маманның  дара  эстетикалық  мәдениетін 

қалыптастыруға сай жүйені құруға ықпал етеді. 

Жоғары  мектептегі  эстетикалық  тәрбиенің  жалпы  мақсаты  –  болашақ  маманның 

жоғары  дәрежедегі 

тұлғалық 

эстетикалық 

мәдениетін 

қалыптастырып 

және 


шығармашылық  әрекетін  дамыту.  Оның  еңбекке,  табиғатқа,  ғылымға,  өнерге,  қарым-

қатынасқа, спортқа эстетикалық көзқарасын дамыта отыра, эстетикалық тәрбие тұлғаның 

шығармашылық күш-қайратының қалыптасуына белсенді ықпал ету. 

Эстетикалық мәдениетті қалыптастыру көпшілік мәдени-тәрбиелік және эстетикалық 

тәрбие  жұмыстарының  барлық  жүйесімен  тығыз  байланыста  болып,  қоғамның  мәдени 

құрылысының бірегей негізі болып есептеледі. Соған орай жастардың тұтас эстетикалық 

мәдениетін  қалыптастыру  қоғамдық  мәдениеттің  құрылымын  жетілдіру  жағдайында 

өзінің ары қарай дамуын жалғастырады. 

Студент  жастардың  эстетикалық  тәрбиесі  –  біздің  қоғамның  негізгі  бір  міндеті. 

Сондықтан  да  қоғамдағы  реформалау  жағдайы  тұлғаның  жан-жақты  үйлесімді  дамуы 

мәселесіне  айрықша  маңыз  беруде.  Себебі,  эстетикалық  тәрбие  тұлғаны  жан-жақты 

қалыптастырудың,  соның  ішінде  этикалық,  эстетикалық,  саяси  сенімдері,  адамгершілік 

қасиеттерін тәрбиелеудің нәтижелі құралы. 

Эстетикалық сезім адам баласы туғаннан бірге пайда болмаған, керісінше ол ақиқат 

дүниені  оқу-тәрбие  процесінде  тану  арқылы  қалыптасып  дамиды.  Біздің  елде  оны  ерте 

кезден қолға алады: отбасында, балабақшада әдемі ойыншықтармен, суреттермен, балалар 

әдебиеттерімен, музыкамен, мультфильмдермен танысу барысында жүзеге асырады. Одан 

әрі ол мектеп жағдайында мақсатты әрі белсенді түрде жүзеге асырылады. 

 

Әдебиеттер  



1. Ұзақбаева С.А. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі халық дәстүрі.     – Алматы, 

1990 ж. 


 

66 


2.  Құрманалина  Ш.Х.,  Мұқанова  Б.Ж.,  Ғалымова  Ә.У.,  Ильясова  Р.К.  Педагогика. 

«Фолиант» баспасы. – Астана 2007 ж. 

4.Әбиев  Ж.Ә.,Бабаев  С.Б.,Құдиярова  А.М.  Педагогика:  оқу  құралы.  Жалпы 

редакциясын басқарған Құдиярова А.М.  – Алматы,  2004 ж. 

6.  Дюсембинова  Р.К.    Музыкально  –  эстетическое  воспитание  школьников 

средствами  казахского  народного  песенного  творчества:  Автореф.дис...к.п.н.  –  Алматы, 

1992 ж. 

7.  Мұсаева    С.А.,  Бегалиев  Т.Б.  Жас  ерекшелік  педагогикасы.  –  Астана:  Фолиант 

баспасы, 2006 ж. 

8. З.Әбілова  Оқушыларға эстетикалық тәрбие беру. – Алматы, 1986 ж. 

9.  К.Қожахметова,  С.Ұзақбаева.  Эстетикалық  тәрбие  берудің  ұлттық  негіздері.  – 

Алматы, 1993 ж. 

10. Қалиев С., Жарықбаев Қ. Білім – тәрбиесі. – Алматы, 1995 ж.  

 

 



 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   68




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет