ІІ тарау. Қазақ ойшылдарының шығармашылығындағы тарихи үдерістің зерделенуі Мұндай қарым-қатынас, А. Сейдімбектің айтуынша, «әрбір
қазақтың тарихи танымын ұдайы кеңейтіп отыруына, шежірелік
зердесін ұдайы шыңдап отыруына себепші болған. Мұның өзі дала-
лық ауызша тарихнаманың, біріншіден – ұзақ есте сақталуына,
екіншіден – өзара салғастыру мүмкіндігінің молдығына байланысты
көп өзгеріске ұшыра-мауына, үшіншіден – субъективизмге ұрын-
бауына, өтіріктің айтыл-мауына себепші болып отырған» [3, 41 б.].
Тарихи сананың сергек қалыпта сақталынуының ерекшелігін Шоқан
Уәлиханов та атап өтеді: «Қазақ өздерінің көне аңыздары мен наным-
сенімдерін қайран қаларлық тазалықта сақтай білген. Одан да өткен
ғажабы сол, байтақ даланың әр шалғайындағы әсіресе өлең-жырлар
еш өзгеріссіз, бір қолдан шыққандай қайталанатынын қайтерсіз.
Көшпелі сауатсыз ортадағы ауызша тараған осынау үлгілердің бір-
бірінен қылдай ауытқымайтыны адам айтса нанғысыз қасиет, алайда
күмән келтіруге болмайтын шындық» [4, 390 б.].
Қазақ халқының шежірешілдік қасиетінің кейбір қырына
XIX ғасырдың көрнекті тарихшысы Құрбанғали Халид те назар
аударады: «...Бұл халықтың тарихы жалпы ауызда бар. Алайда
жекеленген жазба тарихтары мен естеліктері болмағандықтан,
әркім әртүрлі пікір айтып, біреулер жаман ниет-арам оймен, енді
біреулері тек мұқатуды мақсат еткен. Кезіндегі бағзылар тарихты
анығырақ түсініктеме беруге білімдері жете тұра, оған мән бермеген.
Нәтижесінде мағынасы анық ел тарихы баяндалмады... [Бұлардың]
көнеден келе жатқан жазылған тарихы болмағанымен, ата-
бабаларымен, түрлі ұрпақтарының ақпарлары ауыздан-ауызға аңыз
болып ұласып келе жатқанын ешкім жоққа шығармайды. Дегенмен,
уақыт оза келе бұл шежірелер өз негізінен артық-кемі болып, ілгері-
кейінді айтылып, шатастырарлықтай жағдай болса да, өзге тарихи
мәліметтермен салыстыра отырып, реттестіру нәтижесінде белгілі
бір шындыққа жақын, тоқтамды пікір айтуға болады. Бұл хабарлар
негізсіз дәлелденбесе де себепсіз жалғанға шығарылмайды. Негізін-
де, шындығы басым тарихи оқиғалары анық. Себебі бұл тайпалар
өздерінің тарихты тереңдетіп оқымағанының салдарынан нақтылы
анық айтып, білімге таласатындары болмағанымен, бабаларының
сөздерін зейінімен тыңдап ұғып, олардан естіген шежірелерін
еске алып әр мәжілісте, әр-жиын отырыстарда үнемі қайталап,
шын ниетімен ойларында ұстап, ұрпақтан ұрпаққа жалғастырып,
нассабшыларына шежіреші деп ат қойған» [5, 50–51 бб.]. Бұл
автор қазақ халқының тарихи жадының сергек сақталуының түп-
төркіндеріне тоқтала келе, замана өзгерісімен осы қасиеттің жоғалып
бара жатқанына қынжылыс білдіреді: «Бұл елдің мұндай істері тек