«Баспаналы болу – әр адамнын арманы. Сол армандаган баспанасына қол жеткізу ушін біреулер қажетті қаражатты жақсылдап жинайды. Екінші біреулер несие алады, қарызданады. Ал ушінші біреулер тез арада баспаналы болғысы келіп жеңіл жол іздейді».
Жазушы қай өңірде туып өсті Ерболат Әбікенұлы
Қытай Халық Республикасының Шыңжаң-ұйғыр автономиясындағы Санжы қаласына қарасты Мөргу ауылында дүниеге келген. Осы ауылда 1990 жылы Мөргу ауылдық сегіз жылдық мектептің табалдырығынан аттап, аталмыш мектепті 1998 жылы бітірді, 2001 жылы Санжы қалалық №3 орта мектебінің қазақ бөлімін тамамдады.
Ерболат Әбікенұлы елге қашан келді? 2002 жылы Қазақстанға келген қаламгер, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филология факультетіне түсіп, оны 2007 жылы бітіріп шығады.
Қаламгердің еңбектері Балаларға арналған «Бірінші байлық», «Алтынбұтақ» ертегі кітапшаларының, «Кіші ғылыми қызметкер», «Елу теңге», «Ақын», «Күйеу бала», «Ауыл әкімі», «Пәтер іздеп жүр едік» т.б. әңгімелерінің, студенттерге арналған шетелдегі қазақтардың рухани тұтастығы мен өзара әдеби сабақтастығы туралы мәлімет беретін «Шетел қазақтарының әдебиеттануы» атты ғылыми монографияның авторы. Көркем прозада «Министр», «Жас толқын» сериясымен «Желтоқсан ызғары» атты әңгіме жинақтары жарық көрген.
Қаламгер шығармаларының тақырыбы қандай? Қаламгер қоғамдағы түрлі мәселені қалт жібермей, қаламына арқау етеді. Ол шығарма жазуда турашылдығымен, шыншылдығымен, табиғилығымен ерекшеленеді. Мәселен, жас жазушының «Министр» атты әңгімесі ащы сарказмға құрылған. Жоғарыдан келетін комиссия, ұрандаған тексерістер қай қоғамда да тақырып болып келе жатыр. Мұнда басшының алдында құрдай жорғалаушылық, көзбояушылық, мәймөңкелік, жағымпаздық сияқты теріс қасиеттер айқын көрінеді. Әңгімеде жең ұшынан жалғасқысы келген кейіпкерлердің психологиялық портреті толық ашылған.
«Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі Сатирик жазушы Ерболат Әбікенұлының студент кезінде жазған «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі, шағын да болса, әдебиет қауымын елең еткізген шығарманың бірі. Мұнда еліміздегі, әсіресе, жастардың басындағы әлеуметтік мәселелердің маңыздысы – баспана мәселесі сөз болады. Табанынан тозып, пәтер іздеу машақатын шынайы сипаттайды.
«Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі Жазушының тілі – Әдебиетке Хемингуэй енгізген
«телеграфтық стиль » : Айтатын деген ойын қысқа да нұсқа,нақты,шебер жеткізеді
Шығарма келемі шағын болғанымен, айтатын ойы салмақты, күрделі: оқырман сезіміне дәл тиер сездерді,сөйлемдерді колданады: «Жау жағадан алғанда, бөрі етектен алып » Тағыда басқа «Пәтер іздеп жүр едік» әңгімесі «Жігітті намыс өлтірер...»
"Ерді намыс өлтіреді, қоянды қамыс өлтіреді" -деген сөздің мағанасы менің ойымша былай-ау деп болжаймын. Ержігіт бір нәрседен қорланғанғанда соған намыстанып, қашан есесін қайтарғанша күніне жүз өледі, кей уақыттарда сол намысқа шыдай алмай шалт, қате қылықтарға барып келеңсіз жағдайларға ұрынып қалады. Міне менімше жігіттің намыстан өлгені осы болар. Осыған орай халық арасында: "Жеті рет өлшеп бір рет кес"-деген сөзді бекер айтпаса керек. Ал қоянды қамыс өлтірер дегеніміз қоянның қорқақ атына байланысты болар, қамыс-қоғаның әр сытырынан қорқып-ақ күнде өлетін болғандықтан алғашқы мақалға баламалы түрде алған болар дана бабаларымыз.
Назарыңызға рақмет