Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет130/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
дамығаны белгілі. Олардың саналуан мектептерінің өзара сәйкес 
келмейтін қайшылықтары болуы мүмкін. Бірақ барлығы түп негізін 
Адам атаға апарып тірейтін қасиетті кітаптардағы Пайғамбарлардың 
шежіресіне саяды. «Келдім қайдан, қайтсем пайдам, өлгеннен соң не 
болам» (Шәкәрім) деген пәни тіршіліктегі адамның рухани ізденісі 
оны өзінің және халқының адамзат тарихындағы, әлемдегі орнын 
танып қана қоймай сонымен қатар адамның рухани бастауды іздеуге, 
алғашқы себепті – түп иесін тануға меңзейді. 
Шежіреші ғұламалардың еңбектерінен аңғаратынымыз олар 
иманның жеті шартын ақиқат деп білген. Алланы бір және бар деп 
білуі, оның періштелеріне нанған, оның пайғамбарларға жіберген 
кітаптарына, пайғамбарларына нанған. Ахырет күннің болмағына 
нанбақ, жақсылық пен жамандық Алла тағаланың тағдырынсыз 
болмайтындығына нану, қияметте тірілмекке нанбақ.
Сол себептен де сөз басын рахымды Алла тағаланың атымен, 
оның Адам атаны топырақтан жарату және жан беру баянымен 
бастаған. Алла тарапынан түсірілген қасиетті кітаптарға сүйенген. 
Адамзаттың негізгі рухани құндылығы иман деп білгендіктерін анық 
байқаймыз. Иман – Алланы тану және жоғарыда айтылған негізгі 
жеті шартқа жүгінген, таза ақылдың Ақиқатқа талпынысы.
«Түріктің баласы Елжехан, одан Бақай, одан Киік, оның баласы 
Аланшы хан дейді. Аланша хан көп жылдар патшалық құрды. Нұқ 
пайғамбар заманынан Алыншы ханға шейін барша иафес әулеті 
мұсылман еді. Алыншы хан заманында жұрт байып, дәулеті тасыды. 
«Ит семірсе, иесін қабады» деген өзбек мақалы бар еді. Әр кісі өзінің 
ең қимас адамы не ұлы, не қызы, болмаса аға-інісі өлсе соған ұқсатып, 
қуыршақ жасатып қоятын болды. «Бұл пәленшенің суреті деп, оны 
сүйер еді, ас келгенде оның алдына ас қойып, оның жүзін өбіп, көзін 
сүртер еді, оған бас ұрар еді. Бұндай әдет қайталана-қайталана пұтқа 
табынуға әкелді» – дейді.
Дін иманнан айрылудың басты бір себебі тәубасын ұмыту, 
қанағатсыздық, шектен тыс тойынып, асып-тасу дейді. Азғындаудың 
негізгі сипаты өлгендердің суретіне, пұтқа табыну дейді. Адамзат 
қоғамының рухани азғындауы, тіпті Алланың қаһарына ұшырап, 
апатқа ұрынуы осы иманнан таю деген қағида киелі кітаптардағы 
шежірелерге негіз болумен қатар шежіреші-тарихшылардың 
еңбектерінде де айқын көрінеді. Ал, адамның бақытқа жетуін де, 
қоғамның кемелденіп гүлденуін, құт-береке кіруін де – бір Аллаға 
ғана иман келтірумен байланыстырады. Мәселен Алашадан 
Моңғол, татар, Моңғолдан соң Қарахан билік құрды дей келіп, осы 
Қараханның тұсында елдің бәрі кәпір болды деп анықтап айтады. 


 
133


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   126   127   128   129   130   131   132   133   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет