Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет134/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
керісінше өлеңнің халықтың талғамы мен түсінігіне сәйкес келуіне аса 
мән беріп отырған. Бұл жағдайды түрік әдебиетінің барлық кезеңінде 
кездестіруге болады. Ел билеушіге өнер көрсету немесе сыйлықтар 
алу үшін емес өздерін толғадырған киелі сезімді басқаларға жеткізіп, 
шөлдеген рухтарды ұлылықтың бұлағынан суғара отыра, ішкі 
толғаныстарын жасыра алмай толқи жырлайтын сопылар).
(Әбіл Қасым) Әбділ Кәрім Кушейри (Х465М–1072-73) мәшһүр 
хаты арқылы сопылық кәсібі (мамандығы) (Әхли сүннет) мәзхабына 
сай екенін дәлелдеуге тырысқандай, ал кейін Ғазали де (Х450–
505М1058–1112) бірнеше шығармалары арқылы бұл ерекшеліктерді 
зейінге сіңірді дей келе түркі әлеміндегі мұсылмандықтың қыр-сырын 
жетік білетін ғалым сол замандарда мұсылман ғұламаларының
машайықтарының бектер мен әміршілердің қолдауына сүйенгені 
және солардың осы ағымға бой ұсынуларымен жер жерлерде 
дәруіштер қозғалысы үлкен ықпалы бар беделді күшке ие болғанын 
айтады. Дәруіштердің таза пайғамбар сүннетін, шариғат жолын 
ұстанғаны себепті де саяси күштер тарапынан ел басқарушылардан 
ресми қолдау тапқанын ғылыми дәйектермен дәлелдейді. (Түркі 
билеушілері ислам наным-сенімін қатты ұстанғандықтары үшін 
ханафилікті соншалықты күшті әсермен қабылдаған болатын… таза 
түрік сопыларының көзқарастары ой-пікірлері шариғат заңдарын 
қатаң ұстануға үндейді).
Түркістан қаласы қазақ хандығының астанасы болғандығы, осы 
жердің қасиеттілігін ғылым-білімнің ордасы болғандығын, елдің 
рухани қазығы қағылған жер екендігін айғақтай түседі. Абылай хан 
өзінің мұсылман әулиесі Қожа Ахмет Яссауидің кесенесі жанында хан 
көтерілгенін, өзінің хандық билігін де осы Түркістан қаласында жүзеге 
асыратынын әйгілейді. (Қазақ хандары Қ.А. Яссауи тариқат ілімінің 
теориясы мен практикасын терең игерді. Олардың әрқайсысының 
пірі болды, намаз бен зікірге қатысты, шайқының кітапханасындағы 
бай мұрамен танысты) деп жазды. Айдар Әбуов Қожа Ахмет Яссауи 
дүниетанымы жайлы еңбегінде. Әйгілі жиһангер Ақсақ Темірдің 
құрамында Қ.А. Яссауидің де кесенесі бар арнайы қорларға (вакуф) 
арнап қолхат қалдырған. Осы қолхаттан бір байқайтынымыз 
қай ғасырда да тариқат жолын ұстаушылардың өте көп болғаны 
олардың дін уағыздаушы, рухани жетекші, ел мұқтажын жоқтаушы 
бола тұрып, қоғамдық саяси роліне байланысты ел билеушілерінің 
қолдауына ие болғанын көреміз. Аса үлкен такия қызметін атқарған 
кесенеде көптеген дәруіштер, қарилар, жолаушылар, мұқтаж кәріп-
кәсерлер бас қосып отырған. Зікір айтып, намаз оқыған, пірлері 
болған. (Әр аптаның дүйсенбі және жұма күндері екі батман (батман 


 
137


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   130   131   132   133   134   135   136   137   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет