Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
өмiр сүруi керек дейдi. Бұл саяси мәселенiң негiзi – жер бетiндегi
тiршiлiктi, адам өмiрiн сақтау. Сондықтан адам мәндi өмiр сүру үшiн
күресуi, еңбектенуi, тығырықтан шығатын жолды iздеуi керек. «Өмір,
дүние туралы толғанысқа түскен адамның тиянақты тұжырымға келуі
екіталай іс. Дүние болмысы туралы мінсіз ой қалдырған данышпан
жоқ. Олардың бәрі терең сөздер айтқан, бірақ ешқайсысы өмір мәнін
ашып бере алмаған» [5, 477 б.]. Жыраулар адамның өмір туралы,
өмірдегі оның орны туралы ойлануға, рухани жетілуге шақырады,
өз өмірін анықтау, мәнді өмірге жету әр адамның өз қолында деп
түсіндіреді. Өмірге адам болып келдің бе, адам болып өмір сүр,
адамгершілік қасиеттерді бойыңа жина, сонда мәнді өмірге жетесің
деп бізді үйретеді.
Ақын-жыраулардың аталып өткен, сонымен қатар басқа барлық
моральдық және этикалық құндылықтарды өзінің ғайыптан хабар
беріп отыратын абыз, көшпелі халық өмірінде үлкен беделге ие
болған, сол арқылы этикалық мазмұнды құндылықтарды ізгілендіріп
қана қоймай, оның үстіне интуициялық, гуманистік, елеулі бостан-
дықтың өзегі ретінде оның жанды рухын көрсететін адам ретіндегі
биік позициясына лайықтап ұсына білу фактісі де маңызды. Оның
шығармаларының көбінде Отанын, әлсіз және бақытсыздыққа
ұшыраған туысқандарын қорғаушының өршіл рухы жаңғыртылған!
Ақтамбердi жырау өмiр ережесiн жақсыларды марапаттау
арқылы ғана емес, жамандықтың бастауын iреп, салдарын саралайды.
Жамандық адамдардың бiрiн-бiрi қорлаудан, зорлаудан басталады.
Қорлау да, зорлау да – жендеттiк, пенденiң бағын аштырмайтын
жексұрындық. «Жаман болса жолдасың, астыңнан өткен сызбен тең»,
«Жаман туған жiгiтке, рақатты күн бар ма». Жамандық – жауың.
Екеуiнiң де түрi көп. Сонда кiм жаман? Дәулетiн көтере алмай
желiккен, өз мiнiн бiлмеген, ата мен ананы сыйламаған, ертең не
болатынын бiлгiсi келмеген, күнде жанжалдың делебесiн қоздырған,
жетiм мен жесiрге қол ұшiн бермеген, жалаулы найзаны қолға алып,
Жаманның көрiнiсi күңгiрт, салмағы сұмдық, әсiресе қашқанда ақыл,
асқанда дегбiр қалдырмайды.
Елдікті еркіндіктен, бірлікті адамгершіліктен іздеген жырау-
лықтың тәлімгерлігі басым. Адамгершіліктің құндылығын дәріпте-
ген ақын-жыраулар өтпелі дүниенің көрікті бейнесін жасады. Бейне
тұлғасымен толықты, нақтыланды, бейнелі жанның қоғамға деген
түсінігі талқыланды, анықталды. Сергек сезім, көтеріңкі стиль адамның
өзіне деген сенімді күшейітті. Жыраулар өміршең және адамгершіл
көзқарасты құрметтеу, соның құндылықтарын баптау арқылы әдеби
дәстүрді жаңғыртты. Жыраулардың әр сөзі және әр образы өнерімізде