212
Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
келбеті, ғұламаларының өрге қарай сүйреген
ұлағатты сөздері,
рухани бағдарлары бар. Сондықтан рухани құндылықтардың інжу-
маржандарын билер шығармашылығынан да, шешендік сөздерден
де, мақал-мәтелдерден де көптеп таба аламыз [12, 50–52 бб.]. Міне,
осы рухани дүниенің өзіндік келбеті жаһанданудың табанына
тапталмауы керек.
Ағартушылық іс-қимылымен танымал болған Ыбырай
Алтынсарин қазақ жастарының білімді болғанын қалады, жаңа
мектептер ашуға ат салысты. Өзі оқулықтар жазып, педагогикалық
көзқарастарын жүйелеп жеткізе білді. Ол ескі діни мектептердегі
жаттатып оқыту әдісіне қарсы тұрды, оның орнына ғылымның әр
саласынан түсінік беретін пәндік оқуды қуаттады. Бұл мұғалім мен
оқушы арасындағы сұхбатты қатынасты өрбіту жөніндегі жаңаша
көзқарас болатын. Қазіргі кезеңде педагогикада осы мәселе өзекті
кейіпте енуде.
Ақындығы бар ағартушы өзі жазған не елден алып өңдеген
өлеңдерінде
олардың тәрбиелік, нақыл-насихаттық мәніне ерекше
зер салады. Сол арқылы жас буынды ізгілік пен адамгершілікке,
әділдік пен әдептілікке, зейінділік пен еңбекке баулуды көздейді.
Бұл топтағы жырлар көбінесе мағынасы мақал-мәтел сияқты өткір,
көлемі шағын болып келеді. Мәселен, ақын «ұрлық түбі қорлық»
деген мәтелдің мәнін тереңірек ашып, былай жырлайды:
Араз бол кедей болсаң ұрлықпенен,
Кете бер кессе басың шындықпенен.
Қорек тап бейнеттен де, тәңірім жәрдем,
Телмірме бір адамға мұңлықпенен, –
деп Ақиқат алдындағы емтиханда тек адалдық, шынайылық, еңбек-
қорлық қана адамға серік болатынына меңзейді. Ал келесі бір
еңбегінде «Тура биде туған жоқ, туған биде иман жоқ» деген мақалды
былайша жыр жолдарына қосады:
Азған елдің билерінің
Барар болсаң алдына,
Алым бермей тамағына
Қарар ма ол сенің әліңе.
Қораңдағы малыңа
Төре берсе керек-ті, –
деп парақорлық сияқты келеңсіз құбылыстың әлеуметтік ортада
іріткі
салатынын, адамды рухани дамудан алшақтата түсетіндігін