III тарау. Қазақтың халық философиясының
дүниетанымдық ерекшеліктері
Өркенің өссін десең,
Кекшіл болма –
Кесепаты тиер еліңе.
Елім өссін десең,
Өршіл болма,
Өскеніңді өшіресің.
Басыңа іс түскен пақырға
Қастық қылма –
Қайғысы көшер басыңа.
Жанашыры жоқ жарлыға,
Жәрдемші бол асыға.
Қиын-қыстау күндерде
Өзі келер қасыңа
Бүгін сағы сынды деп,
Жақыныңды басынба! [5, 150 б.]
Міне, осы өсиеттердің терең астарларында қоғамның жалпы
дамуы үшін жеке тұлғаның жетілуі, қажеттігі өз заманында айтып
тұрғандай Қазыбек би. Бұл даналыққа толы қазақтың далалық
өркениеттің негізгі құндылықтық бағдарлары болатын. Осындай
рухани көсемдері болған әрбір жүздің ру-тайпалары үнемі қиын-
қыстау кезеңнің өзінде шынайы адамдық келбеттің мүддесін
қорғаумен болған, далалық демократияның ұстанымдарын
нығайтумен айналысты.
Сөйтіп, ХVІІІ-ХІХ ғасырларда қазақтың атақты үш биінен (Төле
би, Қазыбек би, Әйтеке би) басқа төмендегідей тұлғаларға мәртебелі
«би» деген атақ қосылып, халқымыз әділдігі мен адалдығы үшін
құрметтеген: Әжібай би, Ескелді би, Досай би, Есей би, Жәнібек
Тархан, Балпық би, Қарменде би, Сеңкібай би, Боранбай би, Кегенбей
би, Бекболат би, Кеңгірбай би, Ақтайлақ би, Байдалы би, Құрмысы
би, Қарадос би, Шабанбай би, Шон би, Шоқай би, Байжігіт би, Бапан
би, Торайғыр би, Мөңке би, Қазы би, Бөкен би, Айтуар би, Шорман
би, Саққұлақ би, Құнанбай би, Аңдас би, Қаба би, Бәкі би, Есет би,
Қожбанбет би, Шөңкі би, Сары би, Мамашәріп би, Бала би, Ноғайбай
би, Қашаған би, Малтақан би, Сарыбай би, Кебекбай би, Кенжалы
би, Көлбай би, Жетес би, Төлебай би, Шілменбет би, Досбай би,
Шортанбай би, Шәлменде би, Бемалы би, Бекбосын би, Шойынбет
би, Нақысбек би, Алдаберген би, Жанкісі би, Нияз би, Сыпатай би
[5, 586 б.].
Билермен қатар қазақ даласының құрметіне бөленген халықтың
дарынын, сөзді құрметтеуге үлес қосқан төмендегідей шешендер
208
Достарыңызбен бөлісу: |