Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет251/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Байырғы түріктердің, олардың ішінде көшпенділікті ұзағырақ 
сақтап қалған қазіргі ұрпақтарының қатарындағы қазақтарда – 
қаншалықты күрделі өзгерістерді бастан кешірсе де – ғаламтанымдық, 
дүниені бір өзіндік өзгеше күйде сезінушілік белгілі дәрежеде 
сақталып қалды деуге негіз бар. Ол халықтың өзіндік өзгешелеу 
этикалық-психологиялық пішіні. Әрине соңғы мыңжылдықта болған 
терең өзгерістер: империялық түрік мемлекеттерінің құрылуы, 
исламның түрік дүниесіне еніп, таралуы, Ресей испериясының 
Қазақстанды отарлауы, Кеңестік тоталитарлық тәртіп осы психоло-
гиялық пішінді айтарлықтай өзгертті. Бірақ сонда да болса, халықтың 
о бастағы психологиялық келбетін олардың қазіргі ұрпақтарының 
жан дүниесінен алаңсыз өшіріп тастай алмаған. Бұл неде көрінеді 
деуге болады? 
Белгілі бір мағынада ол ұлттық мінез-құлықта көрінеді дейді 
көптеген зерттеушілер. Мысалы, И. Кант «Прагматикалық тұрғыдағы 
антропология» деген еңбегінде осы ойға бейім. Бұл туралы оның 
өзіне сөз берсек: «Халықтың мінезі биліктің формасына тәуелді деген 
пікір – бұл ешқандай негізі жоқ және ештеңені түсіндірмейтін пікір: 
шындығында сол билік түрі өзінің ерекше сипатын қайдан алды екен? 
– Климат пен топырақ та мұның сырын аша алмайды: халықтардың 
тұтастай көшіп-қонуы сол халықтардың өз мінезін мүлдем өзгертпей, 
тек қана оны жаңа жағдайға бейімдеуге тырысатындығын, және де 
сол жағдайда олардың тілінде, өмір салтында, тіпті киім киісінде де 
әлде де болса олардың шыққан тегінің ізі байқалып, демек, олардың 
мінезі де көрініп тұрғандығын дәлелдеп берді», – [5, 182 б.] дейді. 
Бұл туралы саналуан пікірлердің бәрі тізіп жатпай-ақ И. Канттың 
осы көзқарасы шындыққа неғұрлым жақын деп танитынымызбен 
шектелеміз. Осы тұрғыдан Қазақстан азаматтарының көпшілігін 
құрап отырған, бұрынғы көшпенділердің ұрпағы қазақтардың мінез-
құлқының ерекшеліктері қандай деген сұраққа тоқталған жөн деп 
санаймыз. Себебі елімізде азаматтық демократиялық қоғам құруда 
олардың ғаламтанымдық көңіл күй ауаны шешуші рөл атқарады. 
Бірінші белгі ретінде қазіргі қазақтардың өзінде де бар қарым-
қатынасқа ашықтық деуге болар. Бұл қасиет басқа халықтар мен 
этностар өкілдерінде де болады десекте, қазақтарға ерекше тән деуге 
негіз бар сияқты. Бұл жерде ол ашықтықты тек қонақжайлылықпен 
шектеуге болмайды. Әрине, номадтардың қазіргі ұрпақтарында 
жоғарыда айтылған терең тарихи өзгерістер өз табын қалдырды: 
олардың ішінде томаға-тұйықтық, қулық, тым ашыла беруден 
қаймығу, сақтық та бар, бірақ сонда да болса көпшілік жағдайда 
осы ерекшелік оларда көзге анығырақ түсетін белгі. Тіпті өзінің 


 
255


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   247   248   249   250   251   252   253   254   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет