Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
ойшыл. Ақын Абылай хан бейнесін ерекше дәріптеді, ол билік еткен
заманды «Қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған кез» деп есептеді.
Бірақ заман өзгерді, халықты соңынан ертетін, оны қорғайтын
бұрынғы батырлар жоқ, ел азды, жер тозды. Абылай хан кезінде
талан-таражыға ұшыратқан Жоңғар шапқыншылығынан кейін де ел
есін жинап, бақытты болған еді, ал қазір бәрі өзгерді, сенетін ешкім
жоқ, қазақтың соңғы ханы Кенесары жеңіліске ұшырады, алдымыз
жар, шегінер жер жоқ, алда тек ажал күтіп тұр деп қайғырады Дулат
ақын. Дулат пен басқа да «Зар заман» ақындарының тайсалмай арпа-
лысуы қазақ халқының еркіндігі мен тәуелсіздігін жоғалтуы басты мә-
селе болған, сол заманның немесе қоғамның дағдарысын көрсетеді.
«Зар заман» ақындарының ірі өкілдерінің бірі Шортанбай
Қанайұлының ойлары көп жағдайда Дулат идеяларымен үндесіп
жатады. Шортанбай – ойшыл, нағыз философ ақын. Шортанбай
мұраларында, тіпті арасында айтылса да, заман мен өнеге мәселелері
басты емес, ойшыл жастардың үлкенді, баланың әкені, қыздың ананы,
әйелдің күйеуін сыйламауы сияқты әрекеттерге төзе алмады. Осы
сияқты жағымсыз қылықтарды қатты сынады, айыптады. Шортанбай
осылардың барлығын ежелден келе жатқан қазақ қауымындағы аз-
ғындау деп түсініп, бұның себебін қазақ халқының мұсылманшылық
ұстанымдарын ұмытудан, Аллаға шын сенгендердің барған сайын
азаюынан деп түсінді. Алла Шортанбай үшін дүниені жаратушы.
Ойшыл бұл дүниеде Алладан күшті, Алладан ұлы еш нәрсе жоқ, ал
Алланың дегені сөзсіз орындалуы керек деп түсінді.
Шортанбайдың шығармашылық өзегін кеңес дәуіріне дейін бір-
неше рет басылған (1888, 1890, 1894, 1906, 1911) «Шортанбайдың бала
зары» деп аталатын өлеңдер жинағы мен Кеңес өкіметі кезінде шыққан
бірнеше туындылары құрайды. Көлемі шағын жинақтың құрылысы
қызық: кіріспе толғау «Атамыз – адам пайғамбар» мен қорытынды
термеден басқасы ақынды қоршап отырған тыңдаушылардың өтіні-
ші бойынша айтылған сияқты. Мұндай форманы кейінірек, кітапты
басып шығарушылар ойлап тапса керек.
«Атамыз – адам пайғамбар» – көлемі әжептәуір үлкен, мазмұны
терең толғау. Барлық адамдар кіршіксіз таза, күнәден пәк Адам ата-
ның ұрпақтары. Бірақ олар жетілген сайын, өздерінің арғы аталары
Адам атадан алыстаған сайын күнәға батып, бұзылып, жарату-
шының қаһарына ұшырап жатыр. Міне осы бүкіл адамзаттың күнәға
батуы өмірді қиындатады. Адамдар бір-бірімен итше таласуда,
байлық үшін жауласуда. Зорлық, зұлымдық, ұрлық сияқты басқа да
жауыздық қасиеттер адамдардың діннен алыстауынан болып жатыр
деп түйіндейді Шортанбай.