IV тарау. Қазақ даласындағы еркіндік құбылысының этникалық дүниетанымның іргетасына айналуы бәрі де құнсызданғанын, дүниенің опасыздығын, рухани құндылық-
тар жоғалғанын, өнегесіздік, зорлық-зомбылық, өтірік, екіжүзділік,
өсек, надандық пен дөрекілік қазақтардың жан дүниесін жаулап
алғанын қайғыра жырлады. Ойшылдар қазақ өмірін бақылай оты-
рып, жүректі жадыратар еш нәрсе таппады, ал қоғамдағы көптеген
келеңсіздіктерді олар адамдардың өнегесіздігімен байланыстырып
қарады. Адамдардың жағымсыз қылықтарын аяусыз сынаған Зар
заман ақындарының барлығының шығармаларынан ақын, фило-
софтардың терең түсінігі бойынша қоғамға өлшеусіз зиян әкелетін
осындай жағымсыз қылықтарға қоғамдық сананы қарсы қоя білудің
шебер үлгілерін көреміз. Сонымен қоса «Зар заман» ағымының ой-
шылдары (Дулат, Шортанбай, Мұрат, Әбубәкір) халықтың мүддесін
қорғау үшін ең қажетті батырлық, ерлік, қайсарлық, даналық,
әділдік, табиғат берген ақыл-ой мен пайымдылық, жан мейірімі мен
жомарттық сияқты қасиеттерді дәріптеді, халық игілігі үшін өзіңді
құрбандыққа шалуға дейін дайын болғаны айтылады. Ұлтжандылық,
отаршылдыққа қарсы күрестің қажеттілігі, өз Отанының тәуелсіздігі
мен азаттығы, борыш, ар-ождан, әділдік ұғымы «Зар заман» ағымы
ойшыл ақындарының этикалық көзқарастарындағы ең өзекті мәселе.
Ақиқатты танымау – қате шешімдер мен амалдардың және одан
көрінетін бейнеттің негізі. Ақиқатты тану – дұрыс өмір сүру негізі,
яғни жақсылық пен адалдықта, ұждандылық пен сұлулықта жатыр.
Ақиқат қашанда сұлу, ал сұлулық – ақиқат болса, онда ақиқат пен
сұлулық тепе-тең. Өзіңе жиіркеніш тудыратын ақиқат жүйесіз болып
шығады. Ақиқат сыртқы формасы арқылы болса да сұлулықты дәл
көрсетеді. «Зар-заман» ақындары шығармашылығы жамандыққа
қарсы күресті жырлауы арқылы көрініс табатынын ескерсек, ақиқат
пен сұлулық олар үшін адамдар арасындағы жақсылықты нығайту
құралы ретінде сипатталады. Қазақ философиясын зерттеушілер
бірыңғай «Зар-заман» дәуірінің ойшылдары ақиқатты, жақсылық
пен сұлулықты бірінші орынға қойған деген ой қорытады. Ақиқат,
жақсылық және сұлулық олар үшін адам болмысын ұстап тұрған
қасиетті ұғым ретінде танылады.
«Зар-заман» ақындарының дүниетанымында философиялық-
социологиялық және онымен тығыз байланысты саяси мәселелер
мен құқықтық идеялар арасында айырмашылық жоқ, барлығы
біртұтас. Бірақ оның дәл ортасында еш шүбәсіз адам мен оның
этикалық бейнесі, сезімі мен мұраты, өмірінің мақсаты мен мәні
тұр. Ойшылдар соғыстың мәнсіздігін ойлап, бейбіт те тыныш
өмірді аңсады, халықтың кедейленіп, жұтаңдануы жайлы қатты
күйіне отырып жазды. Поэзия түрінде көрініс тапқан «зар-заман»