Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет44/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
ІІ ТАРАУ. ҚАЗАҚ ОЙШЫЛДАРЫНЫҢ 
ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫНДАҒЫ ТАРИХИ 
ҮДЕРІСТІҢ ЗЕРДЕЛЕНУІ
2.1 М. Х. Дулати – қазақ тарих философиясының негізін 
қалаушылардың бірі
Бірнеше ғасырларды қамтыған отаршылдық нәтижесіндегі 
рухани күйзелістен кейін тәуелсіздігіне қол жеткізгеніне он бес жыл 
енді ғана толған Қазақстанның қазіргі жағдайында ұлттық бірегейлік 
пен мәдени тұтастықты қалыптастыру ең көкейтесті мәселенің бірі 
болып отыр. Барлық ізгі рухани белсенділіктер басылып қалатын 
құлдық жағдайдан шығып, шынайы еркіндікке қол жеткізу қазіргі 
жаhандастырудың қатаң бәсекелестігі жағдайында саяси, әлеуметтік-
экономикалық дербестікпен қатар, рухани тәуелсіздікке ие болуды 
қажет етеді. Бұл үшін замана ағымына лайықты сырттан енгізілген 
соңғы, бірақ руханилықтан жұрдай жалаң технологияларды енгізу 
жеткіліксіз, мәңгүрттік және марги-налдық жағдайдан арылу үшін 
ұлт тәрізді күрделі жүйенің қалыпты өмірқамын қамтамасыз ететін 
төлтума тарих пен мәдениеттің өзегін құрайтын ұлттық дүние-
танымды, рухани қайнарларды қайта қалпына келтіру арқылы 
қоғамның өзіндік тарихи санасын қалыптастыру керек.
Осындай рухани бастаулардың бірі, халқымыздың мәдени 
дамуына өзіндік ықпал еткен ғұламалардың бірі – XVI ғасырда өмір 
сүрген көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, ойшыл әрі тарих-
шы, ақын әрі дарынды қолбасшы Мырза Мұхаммед Хайдар бен 
Мұхаммед Құсайын-көреген Дулат. Көбіне Мырза Хайдар деген ат-
пен белгілі Дулатидің рухани мұрасы ортағасырлық рухани жәдігер 
ретінде шетелдерде, Үндістанда, Пәкістанда, Батыс Еуропада кеңінен 
танымал болғанымен, империялық солақай саясаттың салдарынан 
өз елінде тарихи танымнан тыс қалды. 
Мұхаммед Хайдар Дулатидің дүниетанымдық көзқарастарын, 
тарих философиясының көрнекті өкілі ретіндегі оның ұлттық 
философиялық жүйедегі алатын орнын тікелей талдамас бұрын, 
ойшыл тарихшының туып-өскен ортасы мен өмірбаянына, оның 


 
47


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет