Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Бұл сөз түрік тілінде Мұхаммет пайғамбар заманына дейін бар
және бір құдайға сенудің атауы болған. Сондықтан тәңірі дінін
көптеген зертеушілер монотеистік дін ретінде таныған. Сондықтан
да түріктердің Тәңірі туралы ұғым түсініктерінің ислам дінінен қуат
алып үйлесім табуы, белгілі бір жүйеге түсіп, халықтың исламды
жатсынбай қабылдауының имандылық негізі бар.
Әр нәрсенің күнгейі мен көлеңкесі болатынындай Құдайды
бар және бір деп танудың жалпы негізі Тәңірінің транцендентті,
мекенсіз, жоғары, абсолюттік билік иесі, жаратушы тағы сол сияқты
сипаттарын беретін – Көк тәңірі деген ұғымда сақталғанымен,
ислам діні енгенге дейін түрік халықтарының Тәңірі туралы ұғымы
бұрмаланбай қалған жоқ. Сондықтан да, (жер тәңірісі), (су тәңірісі),
(тау тәңірісі) т. б. дейтін натурпантеистік бұрмалаулар болғаны сөзсіз.
Ал бұны түрік мәдениетінің ерекше құбылысы, елде жоқ табысы
қылып көрсету мақсат па екен? Мұндай бұрмалауға теріс пиғылдарға
қарсы күресетін Алланың сүйген құлдары сол замандарда-ақ дүниеге
келіп адамдарды дұрыс жолға салғаны сөзсіз. (Өлі десе өлі емес,
тірі десе тірі емес Қорқыт Ата әулие) – деген халық ғасырлар бойы
жадында Қорқыт Ата жайындағы аңыздарды сақтады. (Аңыз түбі
ақиқат) – аңыздардың өміршеңдігі Қорқыт бабамыздың әулиелігінің
бір белгісі. Ондай адамдар дүниеге халықтың күйзеліп рухани
мұқтаждыққа ұшыраған уақытында келетін болған. Олар хақиқи
білім әкелетін себепті де ел санасына, қоғам өміріне тың серпіліс
қозғалыс әкелетін, елді имандылыққа үндейтін. Ал елдің иманға
ұйуы, игілікті бақытты тұрмысқа ұласатын. Халықтың азғындаған
дәуірлері пұтқа, отқа, жеке адам басына, тауға, тасқа т. б. көзбен
көріп қолмен ұстайтын нәрсеге табынумен сипаталатын. Осындай
соқыр сенім ақылды бұғаулап, рухты басып-жаншып өсірмеуінің
және қоғамның әлеуметтік күйзелуінің бірден бір себебі. Соқыр сенім
– халықты тобырлық тасқын күшке айналдырып арандатар тұстары
да белгілі. Иман болса рухтың серпіліп, ақылдың биікке құлаш
жаюының кепілі. Адам баласы өскелең рухтың иесі болуымен қатар
нәпсі шырмауынан азат емес. Адам өскелең рухтың, ұлы аманаттың
иесі болғандықтан да бүкіл ғалам жаратылысының – мән-маңызы.
Қазақ хандығы дәуірі қарсаңында бастау алған, халықтың ерлік
дәстүрінен, арман мақсатынан хабар беретін бір сала бұл жыр
толғаулар.
Ел, жер, халық тағдыры мен болашағы толғандырған жыршы-
лардың насихат (дидактикалық), арнау, толғау, мадақ, мағыналы
жырлары ел аузында сақталды. Ғасырлар бойы өзінің отансүйгіш-
тік өршіл рухымен, имандылық ғибратымен, таным тағылымымен