Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет140/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
туған қиын-қыстау шақтарда ел басшысымен рухани көсемнің 
мақсат-мұраттарының бір арнаға тоғысуы ел мүддесіне сай келген.
Осы кезеңдегі өзінің өршіл, асқақ рухымен белгілі, атамекеніне, 
Отанына деген үлкен махаббат иесі Қазтуған жырлары бар. Оның ел 
қорғаны батыр, ру бастаған көсем болуы, әділдікті ту қылып ұстаған 
мақсаты мадақ жырынан көрінеді.
Бұлт болған айды ашқан,
Мұнар болған күнді ашқан,
Мұсылман мен кәуірдің
Арасын бұзып өтіп дінді ашқан
Сүйініш ұлы Қазтуған!!!
(Мұсылман) мен (кәпір) деген тұспалды сөздің мағынасы сыртқы 
ғибадат формаларымен ерекшеленулерін басты мақсат тұтып, ішкі 
мәні иманды ұмытқандарға жөн сілтегенін көрсетеді. Діннің ішкі 
мәні (иман) осы жерде шартты түрде алынған (мұсылман) – (кәпір) 
қайшылығы арасында қалып қоятынын көрсету үшін екеуінің (арасын 
бұзып өтіп дінді ашудағы) іздегені осы (иман) мәселесі – діннің негізгі 
мәні болса керек. Яғни, адамның діни фанатизмі құрсауынан шығып, 
діннің терең мәні – иманды табуын (бұлттан шыққан айды), (мұнар 
болған күнді) ашуымен бейнелейді.
Хандық дәуірден бізге жеткен жазба мұралардан да, ауыз 
әдебиеті арқылы жеткен жыраулардың толғауларынан да имандылық 
ғибраты, адамгершілік мақсат-мұраты көрініп тұрады, ақыл 
насихаттық сипатымен, дидактикалық мазмұнымен айқындалады.
Әдебиеттер
Кшибеков Д. Философия истории и современность. – Алматы: Ғылым, 
2002. – С. 47–48.
2 Қазақтың көне тарихы / Дайындаған М. Қани. – Алматы: Жалын, 1993. – 39 б.
3 Тарақты А. Ауызша тарихнама // Қазақ. Жоғары оқу орындары 
студенттеріне арналған оқу құралы. – Алматы, 1994. – 31 б.
Валиханов Ч.Ч. Собрание сочинений в пяти томах. – Алма-Ата, 1961–
1972. – Т. 1. – 390 б.
5 Халид Құрбанғали. Тауарих хамса: (Бес тарих) Ауд. Б. Төтенаев, А. 
Жолдасов. – Алматы: Қазақстан, 1992. – 50–51 бб.
6 Қараңыз: Егемен Қазақстан. – 2001 жыл, 6 наурыз.
Юдин В.П. Переход власти к племенным биям и неизвестной династии 
тукатимуридов в Казахских степях в XIV в. (к проблеме восточных письменных 


 
143


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   136   137   138   139   140   141   142   143   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет