Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты


І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық



Pdf көрінісі
бет18/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

І тарау. Қазақ хандығы дәуіріндегі ұлттық 
бірегейленудің философиялық негіздері
Жыраулар сол бiрлiкке үнемi шақырды. Әрбiр отбасындағы 
бiрлiктiң қажеттiлiгi сияқты, әлеуметтiк дүниеде, әсiресе, бiр 
халықтың iшiнде бiрлiк бар жерде тiрлiк бар екенiне әрдайым меңзеп 
отырған. Осыдан Асан Қайғы берекесіз бұрынғы заман, қиындығы 
мен сарсаңы қилы заман, халық болашағы туралы ой-күдіктерін 
ортаға салады. «Қилы заманды» ұғым ретінде былай сипаттайды:
Заман азып, заң тозып, жаман болар,
Қарағайдың басына шортан шығып,
Балалардың дәурені тамам болар.
Ол күнде қарындастан қайыр кетер,
Ханнан күш, қарағайдан шайыр кетер.
Асан Қайғы хан мен халық арасындағы дәнекер, демеуші. 
Топтасқан халық заманның беделі мен бағытын анықтайтынын 
былай аңғартады: 
Хан мен билер қысқанда,
Халық қайтіп күн көрер?
Онда халық түнерер,
Халыққа қысым күш берер,
Халықтың кегі күшке енер. 
Асан Қайғы тек қазақ, ноғай тайпалары үшiн ғана емес, сонымен 
қатар көршiлес жатқан барлық түркi тiлдес (татар, башқұрт, түркiмен, 
өзбек және т. б.) этникалық қауымдастықтарға белгiлi болған. Кейбiр 
жағдайларда ортақ этникалық кейiпкер болғаны белгiлi [4, 327 б.].
Асан Қайғының этнокеңiстiк ортаны тани бiлу, саралай бiлу 
шеберлiгiне басқа жұртшылық та тәнтi болған. Оған тiлi ұқсас 
этностардың өзара қарым-қатынаста болғаны, бiр-бiрiне мәдениеттiк 
тұрғыдан көп ықпал жасағаны айғақ. Қазақ жерiндегі байлыққа көз 
тігушілік сол көне заманнан бері толастамаған. (Қазақ жерiндегi 
географиялық атауларға назар салып қарасаңыз, сонда көзiңiз 
жетедi
**
.
Асан Қайғы тұлғасының өзгешелiгi неде? Оның әлi күнге дейiн 
халық жүрегiнде, ұлттың санасында мәнiн жоғалтпай, дiлiнде берiк 
орын алуы кездейсоқ нәрсе емес. Себебi қазақ халқының ғасырлар 
бойы қалыптасқан дәстүрлiк, әдет-ғұрыптық және дүниетанымдық 
айшықтарының қайнар көздерi осы Асан Қайғы сияқты iрi 
** Шынында, қазақ даласы ғажайып сәнді жер-атауларымен белгілі. Себебі, бұл 
атаулардың көпшілігі табиғи және ғалам құбылыстарына байланысты қойылған.


20 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет