Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
мәнін шынайылықпен аша білуге деген талпыныс – далалық ойлау-
дың жаңа көкжиегімен таныстырып отырған жоқ па?!
Жырау шығармасының басы мен аяғы тұжырылған, жүйелен-
ген, логикалық сатылардан тұратын ғылыми жұмыс ретінде баға
берілетін дүние болмаса да, халықтың ішкі дүниесін аша түсетін,
ойшылдың (өз заманына сай) Әлемге, Адамға, Өмірге, Халық
тағдырына және Өзіне деген толғаныстары болып табылады. Міне,
олардың еңбектерінің құндылығы да осында. Өйткені ХХ ғасыр
тұғыршамасына берілетін баға бір басқа да, әр дәуірге сай өз
замандасының көзқарасы бір басқа.
Сонымен, жоғарыдағы ойшылдардың философиялық көзқарас-
тары жүйеленбеуінің негізі бар, өйткені олар ақын-философтар.
Ал кез келген халықтың өмірді бейнелеу ерекшелігі мен пайымдау
формалары бар. Қазақтың бұл тұрғыдағы өзіндік пішіні поэзия
арқылы сараланған. Поэзияның қазақ үшін артықшылығы әрбір
құбылысты нақты да, көркем образдарды өрнектеумен байланысты
болды. Ал, әлемді танудың басқа іргелі формалары (философия,
ғылым) қазақ даласында кең қанат жайып кете алмағандығы да бір
жағынан себеп болуы мүмкін. Ал қарапайым тіршіліктің қарапайым
болмысы поэтикалық өрнектің көркем тілімен бейнеленіп оты-
рылды. Гегель айтқандай, үкі болса «қараңғы түсіп, іңір үйірілгенде
ғана ұша бастайды» – дегендей, философия тарих сахнасындағы
құбылыстарға бірнеше уақыттық кезең өткен соң ғана нақты тұжы-
рымдарын бере алады, тиісті тұрғыда саралай алады. Ал далалық
өмірдің болмысы ондай жайбарақаттылықты көтермейді, ылғи қоз-
ғалыста болатын көшпелі өмірге сай қоғамдық таным қажет бола-
тын. Міне, сол форма – ақын-жыраулар іс-әрекеті болып табылады.
Француздың ұлы философы Рене Декарттың ойынша, «философ-
тарға қарағанда ақындардың еңбектерінде небір ұлы ойлар жиі
кездесетініне таңқалмасқа шара жоқ. Мұның өзі ақындардың
шын шабыттанған шақта, қыран қанатты қиялынан уытты ойлар
туатынынан болар. Оттың шақпақ тастан шығатыны сияқты, ойдың
түп негізі де білімде жатыр емес пе? Философтар ақылға арқа сүйесе,
ақындар ой-қиялдарымен жүректі жалынға орайды, сондықтан да
ақын жырлары жаныңды «баурап, тез жалындап жана бастайды
ғой...».
Даланың ақыны жәй ғана ақын емес. Поэзия жәй ғана Поэзия
емес. Олар домбыраның күмбірлеген үніне сүйене отырып, Батыста-
ғы философтардан бірде-бір кем емес философиялық ой-кестелерін
өлең-жыр жолдарымен өрнектей білді. Ал олардың тілі жалпы
бұқара халық үшін түсініктірек еді. Сондықтан аты өз заманында