Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
аңызға, мысалға айналды. Мәселені шешу тәсілінің өзі, ұрымтал
тұсты дөп басатын сан қырлы әдістерге толы болды. Бұл әдіснамалар
ақиқаттың мәңгілік заңын сақтауға қызмет еткен тетіктер болуымен
сипатталады. Бұл жерде биге шешендік өнер аздық етеді. Дәстүрлі
рулық қоғамның салт-санасы, тұрмыс-тіршілігі мен тынысы
көкейінде сайрап тұруы қажет.
Сахара жұртшылығының қайшылықты әдет-ғұрыптары мен
салттары бойынша барымта деп жүргені, өзге мәдениеттерде
қылмыс болып саналады. Бізде ол ұрлыққы жатпайды. Көбінесе
қыздарын ықтиярсыз қалыңмал алып күйеуге бере салатын. Ал
дәстүрлі қазақ қоғамында ерлі-зайыптыларға айырылысуға мүлдем
тыйым салынған. Егер ер адам ғашық болып қалған күннің өзінде,
әйелін тастап кетуге құқы жоқ. Ол тек қана бірінші әйелін толық
қамқорлығына алып, жеке үй етіп барып, екінші әйел алуына болады.
Ал әйелі болса басқа біреуге кетуге, екінші күйеуге тиюге құқы жоқ.
Бірақ далалық тарихта мұндай оқиғалар жоқтың қасы болатын.
Билер өз заманының архаикалық осындай қаталдықтарды қолдады.
Бұл жерде олардың ата-бабаларының салып кеткен жолын құрмет
тұтатындығын көруге болады. Қазіргі кезең тұрғысынан алғанда
адам құқығы әділетсіз бұзылған болып есептеледі. Бірақ бидің бүл
жерде кінәсі жоқ. Ол сол кезеңдегі қоғамдық жүйелердің тәртібіне
байланысты болатын құбылыстар. Саналы ғұмырында Төле би билік
құрған шақтарын саралай, таразылай келе артқы халқына былай деп
өсиет қалдырған екен: «Ердің құны екі жүз байтал болсын дегенім,
дәл әділ билікке жатпайтын тәрізді. Олай дейтінім ер болғанда мынау
жақсы жігіт, мынау жаман жігіт деген жоқпыз.. Ер деп адамның
құнын жалпыға бірдей есеп қылып айттық. Оның ішінде неше
түрлі адам бар. Бір адам бар еліне пайдасы тиген, жақсылық істеп,
атағы шыққан, ... халық қадірлеген. Бұл да адам. Екінші адам бар,
туысы жаман.. Елді жаудан қорғап ажыратпақ түгілі, шөгіп жатқан
түйеге міне алмайды. Қаңғып, не далада мал ұрлап жүріп, адасып,
не шөлдеп өлеіп қалады. Мұның да құны екі жүз байтал. Сондықтан
мен ережемде осы екеуінің, жақсы мен жаманның бағасының бір-ақ
баға болып кеткеніне қапалымын. Меніңше бұл әділдік емес.
Екінші қыздың құны қырық қара дедік. Қыздың да қызы бар...
Үшініші аттың құны бір бесті дедік. Аттың да аты бар емес пе?...
Осы екі жылқының бір бағалану менің көңіліме сыймай бара жатыр ....
Сондықтан менің айтатыным, осы үш нәрсені қайта кесемін десеңдер,
рүхсат етемін. Басқа ережелерімді өзгертуге қарсымын..» [10]. Жақсы
мен жаманның, асыл мен арзанның парқын сақтап қалуды жөн
көріп, заманға лайықтап өзгертуді талап етеді. Төле бидің даналық