III тарау. Қазақтың халық философиясының дүниетанымдық ерекшеліктері философиясын «Адам – Әлем» мәселесі тұрғысынан зерделесек,
оның мұсылманшылдығы анық байқалады. Руластарының арасында
Төле бидің «қарлығаш би» атануының өз себебі бар. Табиғатпен
етене жақындықта өмір сүрген көшпелілер дүниетүсінігінде
жан-жануарлар, аңдар мен құстар, жәндіктердің киесі бар деп
есептелген. Діни түсініктер арқылы этикалық ұғымдар зұлымдық
пен мейірімділік, жауыздық пен кешірімшілдіктің мәндері ашылып,
олардың арақатынастары диалектикасын бағамдағанын көреміз.
Қазақ даласында билер төреші болған жаугершілік замандарда
ұлтымыздың өресін жауларына мойындатқан кездері аз болмаған.
Қабанбай, Бөгембай сынды батырларымыз білек күші сыналған
жерде ержүректіліктің үлгісін көрсетсе, Төле би, Әйтеке би, Қазбек
билер мәмлегерлік институтының тетіктерін жетілдірді. Би-
шешендеріміз қазақ елінің далалық демократиялық ұстындарын
қадір тұтып оларды жетілдіріп қана қоймай, іс жүзінде сөз өнерінің
философиясын жасады. Билер шығармашылығының ерекшелігі
олардың ой еркіндігімен қоса оны жүзеге асыруда шексіз билігінің
болуымен сиапатталады.
«Ұрлық», «зорлық», «өтірікшілік» сияқты жаман қылықтар мен
«мейрімділік», «кешірімшілдік», «шыншылдық» секілді ізгіліктілік-
тің тірегі болған философиялық ұғым-түсініктердің диалектикасы
билер философиялық ойының орталық ұстындары болды. Болашақ
ұрпақ өмірмәнділік құндылықтарды мақсат етумен қатар, болашаққа
үміт-сенімдерімен аттады. Бұл жерде мәселе билік жүргізу өнерінің
әмбебаптылығында болып табылады. Билер институтының атқарған
үлкен ісі арам жолмен табылған мал мен олжаның, адал жолмен
келген мал-мүліктен айырмашылығын түсіндіріп, «обал – сауап»,
«адал – арам» аражігін ұрпақ зердесінде мәңгілік ұялата білуінде.
Билер институты жас-ұрпақ тәрбиелеуде қазіргі заманда бірнеше
сатыға бөлінетін мектеп, жоғарғы оқу орындарының міндетін
де атқарды. Жастардың жүректеріне имандылықты ұялата білу
шешендік өнермен қатар тәлімгерлік тәжірибенің де арқасында
мүмкін еді. Қоғам дамуының әр кезеңі адам болмысының дамуы
арқылы болады. Адам өзін өзі жетілдіре отырып қоғамды жетілдіреді.
Адамдар өздерінің іс-әрекеті арқылы қоғамның алға жылжуына
тікелей қатынасады. Сондықтан қазақ хандығы тұсындағы билер
атқарған ұлы істер адамды рухани жетілдіруге бағытталғандығымен
де құнды. Оларды қазіргі ақпараттық технологиялар заманында
барлық құралдар арқылы ұрпақ санасына жеткізу ләзім. Жаһандану
жағдайында ұлттық төлтума мәдениетін ұлықтап, салт-дәстүрлерін
әлі күнге шейін жастарының санасына сіңіріп отырған Жапон,