Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет204/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
«үлес», «тағдыр» деген ұғымдармен сәйкестендіруге болады. Бұл 
ұғым этнофилософияның түп негізін анықтап, өзіндік онтология-
ны, антропологияны және әлеуметтік философияны біртұтас етіп 
біріктіреді.
Қазіргі кезеңде еліміздің ХХI ғасырға аяқ басқан жаңа тарихи 
кезеңінде өткеніміз жаңаша зерделенуде. Әрине, бұрынғы уақытта 
жасалынған зерттеу дүниелері де біршама екенін есте ұстауымыз 
керек. Әсіресе, осы игілікті іске өткен тарихи кезеңдерде өзінің еңбе-
гін сіңірген мамандар мен ұлтжанды азаматтарды әсте ұмытпағаны-
мыз жөн. Мәселен, қазақтың би-шешендерін жан-жақты зерттеуге 
өзінің шығармашылық өмірін арнаған Н. Төреқұл ХVІІІ ғасырда 
қазақ жерінде қалыптасқан рухани бағдарлардың сипаттамасын 
былай суреттейді: «Қазақтың жауы көп болған ғой. Көбіне қорғанып 
жүрген. Жауға қарсы аттанарда елдің басшылары, билері, игі 
жақсылары Төле биге барып бата алады екен. «Төле биден бата 
алмаса, жол болмайды» деген мәтел содан шықса керек. Төкеңнің 
бір ауыз сөзі оларға ақ жол болған» [5, 131 б]. Міне, осындай ақ 
ниетті, киелі сөзді өзінің үлкен істерінің бастауы, түрткісі етуге 
тырысқан қазақ халқы даналықты, әділдікті, адалдықты өздерінің 
этникалық рухани әлемінің негізгі іргетасына айналдырып келген. 
Бұл рухани тетіктің күші мен құдіреті кейбір саяси-әлеуметтік, 
немесе мемлекеттік тұтқалардан кем түспей социумды барынша 
тұтастандырып, тұрақтандырып отырған. Әйтпесе, көп рулы елде 
ынтымақ болмайды. 
Өзінің сөздің құдіретіне деген құрметін қазақ ертеден аңғартқан. 
Тіл философиясының түп қазығы осы дүниетанымдық іргетасқа 
сүйенетінін байқаймыз. Қазақ халқының рухани мәдениетінің 
тарихында ауыз әдебиеті арқылы небір дәл айтылған тұлғалық 
сипаттамалар көп кездеседі. Оны қазақ дүниетанымының тұлғалық 
мағынасы деуге болатын келбеті. Ел аузында «Әйтеке жарып айтады, 
Қазыбек қазып айтады, Төле тауып айтады» деген ұлағатты сөз 
бар. Әділ сөйлеу, ойды шегелеп, нақты, жарып айту батырлық пен 
батылдықтан, даналық пен білімпаздықтан туады»[5, 157 б.].
Қоғамдағы әлеуметтік және рухани тепе-теңдіктің қалыптасуы 
көбінесе моральдік қалыптардың жетекші рөл атқаруымен, тіптен 
имандылық, руханилықтың негізгі күшке айналуымен тікелей 
байланысты екенін Төле бидің замандасы Қазыбек би жете түсінген. 
Әсіресе, адамның өзіндегі табиғи пендешілік әлсіздіктерінің 
құрсауында болуы жақсылыққа жетелемейтіндігін мына өлең-өсиет 
жолдары арқылы жеткізеді:


 
207


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   200   201   202   203   204   205   206   207   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет