Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет227/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
өзіндік кейбір ерекшеліктері болғанмен, ислам дәстүріне сай 
атқарған. Исламдағы имандылық шарттары мен таухид талапқа 
адалдықтары қазаға көзқарастарынан да көрініп тұрады. 
Әлемнің жұптаса келер қарама-қарсы құбылыстардың бірлігі 
мен күресінен тұратынын түйген ақын «қуаныш қайғыменен жұбай 
еді» – деп бедерлейді. Пәлеге риза, қазаға сабыр етер бекемдікке 
шақырады. Иман шарттарының бірі – жақсылық пен жамандық 
Алла тағаланың тағдырынсыз болмайды деп нану бар. Жан беруші 
де, жанды алушы да жан иесі, сондықтан жақынның қазасына сабыр 
ету тағдырға мойынсұну ғана емес, парасаттылықтың белгісі. 
Жалғыз баласынан айрылып, қайғыдан қабырғасы қайысқан 
Ерденге көңіл айтқан Досбол мен Шоқайдың сөзінен де осыны 
аңғарамыз. «Жеті күн бас көтермей жатқан Ерденді басқан қайғы 
бұлтын серпілту үшін Досбол былай деген екен: 
– Уа, батыр Ерден! Басыңды көтер жерден! Құдайдан да 
құдіреттімін деп, мейманаң тасып кеткен екенсің керден?! 
Мыңды айдаған әкең Сандыбай да қара жерге енген! Оны мына 
Шоқай көзімен көрген! Әулие болсаң, әкеңді деп, балаңды да алып 
қалуға әлің кәне келген?! Көкті бу көтереді. Жүйрікті ду көтереді. 
Ер емес пе едің, нар емес пе едің талай құқайды көрген?! Тағы да 
айтамын басыңды көтер жерден! Құнсыз беріп, пұлсыз алды, – нең 
бар еді, Құдайға берген? – дейді ашына. 
Ерден «өлмек артынан өлмек жоқ» көңілдегі қайғының көбесін 
сөгер осындай асыл ерлерді күтіп жатыр едім» [9, 85 б.],– деп орнынан 
тұрыпты» 
Осылайша сүйектен өткізе, жеріне жеткізе сөйлеп, адамның 
жанына дәру табу, жүректегі шер-шеменді еріту, жақсы-жаманды 
көрген ақиқат пен жалғанның парқын білетін ердің ісі деп білген. 
Эсхатологиялық сарындағы ақырет, бұл дүние мен о дүние 
тақырыбын мына өлеңінде нақты бейнеленген. «Дүние деген шолақ, 
Жан денеге қонақ» дүниенің жалғандығы өлім сағатында айқын 
білінеді. Адамның бұл дүниеге, жанның денеге қонақ екендігінен 
белгілі болады. Қысқа өмірден мәңгілік өмірге адамның алып 
қайтары «ақырет» деген киімі ғана дейді. «Ақырет» дегенде адамның 
қабірге жерлердегі кебінін айтқандай көрінгенмен, шындығында, 
жанның алып қайтар ақырет деген бір киімі – тағат-ғибадат, амалдан 
құралған қорғанышын тұспалдайтындай. Дәстүрлі қоғамда адамның 
ақыреттегі сұрауға сеніп, ғибадат арқылы иманын күшейтуіне, бұл 
дүниеде ақиқатқа сай өмір сүріп, дүниеден өткенде де мұсылмандық 
салт-жоралғыға сай жаназасы шығарылып, шариғат бойынша 
жерленуіне зор маңыз берген. 


 
231


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   223   224   225   226   227   228   229   230   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет