Қазақ философиясы тарихы (ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
«Сыртқы келбет алдамшы, Ақыл жоқ кей адамда бой болады. Көрмеге қандай жаман болса-дағы, Парасат кей шаһбазда ой болады» [6, 118 б.]
деп адамның асыл қасиетін оның ішкі жан дүниесінен, ақыл
парасатынан іздейді. Сутасты гауһардан, асылды жасықтан ажы-
ратпау – надандықтық белгісі. Сыртқы пішінге, формаға көзін бай-
лап, жылтырға құмарлық, ішкі мәнге назар аудармау – наданның ісі.
Даналықтың белгісі – жөн білу. Жалқаулық істеген ісін аяқсыз
қалдырған шалағайлық – ең жаман қасиет. Жасы елуге келсе де, ондай
білімсіз жан баламен тең дейді. Жақсының сипаты білімділік, жөн
білетін даналық, сөзден тосылмас, топ жарған шешендік білімділіктің
белгісі болса, оның өзі де еңбекпен, ұқыптылықпен келеді.
«Апу-күпу дегенмен әулие емес, Күнәсі-күнә үстіне жамалмаса. Жаман сол – жақсы сөзді ұға алмаса, Ғалым болмас ұстаздан дұға алмаса Молла есімін алған жан толып жатыр Не керек ғылым бойға жұға алмаса» [6, 120 б.]
«Тыңдаушы сөз түзелді, сен де түзел» дегендей-ақ, сөз қадірін
білу, көңілге түйіп, ғибрат алу да екінің бірінің қолынан келмейді.
Жәй ғана молла есімін алған, білімді, діннің сыртқы пішінін ғана
меңгерген адамдар бар. Сонымен қатар ұстаздан дұға алып, ғалым
болған, яғни шын мәніндегі нұрлы ақылды иемденген адамның одан
парқы бар.
Ұстаздың орны, шәкірт пір қызметінде болуының маңызы
жайлы да сөз қозғайтын Шал ақынның «Елу жасқа келгенде пірдің
сөзін сақтадым» деген сөзіне қарағанда, оның шариғат ілімін
игерумен қатар тариқат әдебіне сай өмір сүргені белгілі болады.
Құдайдың әділіне сай болудың мүмкін еместігіне байланысты қаупін
былай білдіреді: «Кітап Құран айтқаны рас болса, Ұжмақ көрер бір
жан жоқ, бұл кісіден, – дейді де фазылына үміт артып, былай тілеу
тілейді, –
Жарлығы екі болмас дақ Құдайым, Жанында серігі жоқ Хақ Құдайым. Жанымда алсаң, Құдая, иманмен ал, Шайтанның қазасынан қақ, Құдайым» [6, 120 б.].