Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ғылым комитеті философия, саясаттану және дінтану институты



Pdf көрінісі
бет223/297
Дата08.12.2022
өлшемі1,97 Mb.
#55920
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   297
Байланысты:
қазақ философиясы

Қазақ философиясы тарихы
(ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін)
Сондықтан адам нәпсісін оны жерге тартып, бұ дүниеге байлайтын 
хайуандық табиғатына балайды. Адамның мінез-құлқындағы 
үлкенді-кішілі кемшіліктері мен пенделік әлсіздіктері нәпсі жетегінде 
кетуімен байланысты деп біледі. Нәпсі қалауына құл болған адам 
хайуаннан да төмен құлдырап азғындауы мүмкін. Оның зұлымдығы 
мен жыртқыштығы хайуаннан да артып, маңайындағыларға зәбір-
жападан басқа түк бере алмасы анық. Ал адамның адамдық мәні 
оның бойындағы асыл жауһар рухымен, ақиқатты тануға ұмтылатын 
періштелік сипатымен толығады. Адам рухтың қалауымен жоғары 
ақиқатқа ұмтылса, онда періштеден де жоғары дәрежені иеленіп, 
инсанияттың кәмелеттігіне, адам жаратылысының түп мақсаты 
халифалыққа жетеді. Өлімнің қыр-сырын ашу үшін ақын бұл дүние 
мен о дүние ұғымы тұрғысынан келеді. Бұл дүниеде адамның соңында 
қалар белгі – қимас дос, жақын туыстың қолынан келері топырақ 
үйіп белгі қалдыру. Өлмектің артынан өлмек жоқ, елдің қызмет-
құрметі атқарып салу салт-жоралғысымен ғана шектеледі. «Базар 
нарқын сарт білгені» сияқты, өткен мен кеткеннің, «бұл дүниенің 
парқын қарт біледі». Ал адам ажал сызығынан аттап, «бұл дүниеден 
өткесін, о дүниеге жеткесін», кімнің жақсы-жамандығы жайлы бұл 
дүниелік өлшемдер де осы дүниеде қалады. Ал, адамның о дүниеде 
азық боларлық адамдық қасиеті, біріншіден, «көтеріп көрге салған 
соң, көр қараңғы болған соң» белгілі болады. Сонымен қатар: 
«Кімнің жақсы, жаманын 
Бір жаратқан хақ білер. 
Адамзаттың белгілі, 
Бұл дүниеден өтері. 
Өлгеннен соң белгілі 
Тіріліп бір жауап берері. 
Басты бір аяқ қылады. 
Бір Алланың шебері» [6, 149 б.]
деген жолдарда адамның ақыреттегі халі, жақсы, жаман істері 
айқындалар, сауабы мен күнәсі белгілі болатын махшар күнін еске 
алады. Адамның бұл дүниеден өткесін қабірде жауап беруі және 
қиямет күніндегі махшардағы сот күнінде жақсы мен жаманның, 
ақ пен қараның, зұлым мен мазұлымның, ғалым мен залымның, 
момын мен жаһилдің ажыратылар күнін мәлімдейді. Жыраудың 
бүкіл шығармашылығын көктей өтер эсхатологиялық сарын ислам 
ақидасына сай, қазақ даласына кеңінен мәлім Матрудия мектебінің 
іліміне сай баяндалады. Дария сия болып, жер жүзі қағаз болса да, 


 
227


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   219   220   221   222   223   224   225   226   ...   297




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет